Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Әскери - қолданбалы спорт түрінен өткізілген спартакиада
Әскери - қолданбалы спорт түрінен өткізілген спартакиада
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
11-10-2017 17:45
Әскери - қолданбалы спорт түрінен өткізілген спартакиада

Семей қаласында әскери қолданбалы спорт түрінен спартакиада өткізілді. Бастапқы әскери дайындық пәні  мұғалімдері басқа командалармен күш, ептілік, жақсы дене шынықтыру дайындығы бойынша  жарысты. Командалар жарыста волейбол, футбол, үстел теннисіне бақ  сынасты.

Спартакиадаға "Шығыс" Өңірлік қолбасшылығы, қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Семей Әскери-техникалық мектебі, «Жасұлан» лицейі,  мектеп және колледж құрамалары командалары қатысты.

- Бүгінгі спартакиада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы мерекесіне арналады,- дейді жарыстың бас төрешісі Серік Түсіпов.  

- Өздеріңіз білесіздер, әскерлер әрқашан спорт және салауатты өмір салтын қолдайды. Сондықтан да әр түрлі спорт түрлері бойынша спартакиада әскери қызметтегілер үшін міндетті, ал оларға қатысу –  зор мәртебе.

Жарыс қорытындысы бойынша қала мектептерінің бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің құрама командасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. Ал үстел теннисі жарысында бірінші орынға ие болып, өздерінің үздіктер қатарында екенін дәлелдеді.

Білім бөлімі