Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Алаш - Орда қозғалысының 100 – жылдығына арналған 8-9 жастағы кадеттер арасындағы таэквон-до ИТФ бойынша Семей қаласының ашық чемпионаты
Алаш - Орда қозғалысының 100 – жылдығына арналған 8-9 жастағы кадеттер арасындағы таэквон-до ИТФ бойынша Семей қаласының ашық чемпионаты
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
27-02-2017 15:34
Алаш - Орда қозғалысының 100 – жылдығына  арналған 8-9 жастағы кадеттер арасындағы таэквон-до ИТФ бойынша Семей қаласының ашық чемпионаты
«Таэквон-до ИТФ федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының және Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25-26 ақпанында Семей қаласында Алаш - Орда қозғалысының 100 – жылдығына арналған таэквон-до ИТФ бойынша 8-9 жастағы кадеттер арасындағы Семей қаласының ашық чемпионаты өтті. 
Чемпионатқа 24 салмақ дәрежесі бойынша 8-9 жас аралығындағы 100 – ден астам кадеттер қатысты.
Жарыстың мақсаттары:
- спорт түрін қалада дамыту және дәріптеу;
- төрешілермен жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және спортшылардың шеберлігін шыңдау;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- қала құрама командасын жасақтау.
Жеңімпаздармен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Өткізілетін орны: Интернациональная көш. 14 мекен – жайындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі.
Бас төреші: ұлттық санаттағы төреші Советхан Махаббат.  
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі