Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » «Наурыз 2017» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар
«Наурыз 2017» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
28-03-2017 17:12
«Наурыз 2017»  мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар
2017 жылдың 22 наурызында Орталық алаңда, Ауезов алаңында, «Жаңа Көктем» сауда үйінің алаңында «Наурыз 2017» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар өтті. Жеңімпаздар және жүлдегерлер Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен марапатталды.
Орталық алаңда абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша тұрғындар арасында қазақ күресінен, қол күресінен «Наурыз» мерекесіне арналып «Наурыз батыр» атты жарыстар өткізілді. Жарысты ұйымдастырушылар Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Қазақстанның халық банкі» акционерлік қоғамы.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақ күресінен келесі жеңімпаздар шықты:
1 орын «Наурыз батыр»: Ағыбаев Айбек;
2 орын: Мұратбеков Сафуан;
3 орын: Төкешов Әділ.
Қазақ күресінен жарысқа 35 адам қатысты. Жарыстың бас төрешісі, ұлттық дәрежедегі төреші Қыздарбеков Думан. 
Қол күресінен өткен жарысқа 60 адам қатысты. Жарыстың бас төрешісі  Төлеген Сағатаев. 
Жарыс қорытындысы бойынша қол күресінен келесі жеңімпаздар шықты:
1 орын: Сағатаев Ғабит;
2 орын: Советханов Бақытжан;
3 орын: Қуанышев Ермек.
Сонымен бірге қой көтеру бойынша жарыс өтті. Қой көтеру жарысының демеушісі қалалық мәслихаттың депутаты, «Голд Кинг» спорт залының директоры А. Алтайбаев. Осы жарыста «Голд Кинг» спорт залының жаттықтырушысы Найманбаев Закир салмағы 45 кг. болатын қойды иығына қойып 210 рет отырып тұрды. Ол озып кеткен екінші орындағы қатысушы 200 рет көтерген. 
Қалада сонымен бірге «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралардың он күндігі болып өтті. Жарыстар футбол, шахмат, дойбы, ауыр атлетика, велоспорт, волейбол, үстел теннисінен, тоғызқұмалақ, асық ойынынан өтті. Ауылдық округтерде мерекелік концертермен бірге, көңілді старттар, қол күресінен және арқан тартудан жарстар өткізілді. 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі