Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
02-10-2017 10:57
Тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының  чемпионаты өтті
2017 жылдың 25-29 қыркүйегі аралығында Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Бұл турнир халықаралық талай бәсекелердің жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған білікті жаттықтырушы, Қазақстанның білім беру саласының үздігі Рыспай Үмбетовтің құрметіне ұйымдастырылды. Қазақстанның 7 облысынан 40 спортшы қатысты, олардың арасында бірнеше спорт шебері және спорт шеберіне үміткерлер бар.
Жарыс тоғызқұмалақтың классика және блиц түрлері бойынша өтті.
Нәтижесінде: әйелдер арасында Гүлжан Қилыбаева, Маргарита Пархоменко (ШҚО), Ләззат Жанғазинова (Павлодар) жеңімпаз атанды. 
Ерлер сынында Жарас Исаханов (Семей), Аппаз Базарбаев (Қостанай), Төлеген Жүсіпәлиев (Ақтөбе), Сәлімжан Серікбаев (Қостанай) өз топтарында үздік шықты. 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі