Акимат » Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2017 жылғы 1 сәуірге іске асырылуы туралы ақпарат

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2017 жылғы 1 сәуірге іске асырылуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2015-2019 жылдар арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында  жалпы сомасы 9 433,1 млн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жобалар толық қуатта жұмыс істесе 800 жуық жұмыс орны  ашылмақ. 
2015-2016 жылдар аралығында қала бойынша екі жоба: «Автоклавты газбетон өндірісі»«Семей асбестцемент бұйымдар зауыты» ЖШС және «Электр желілері бағандарын өндіруді ұйымдастыру»«Фирма «Азия» ЖШС  іске асырылды, 36 жұмыс орны ашылды. 
Ағымдағы жылы «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС «Ламинатталған фанер, OSB тақталары өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасын іске асыру барысында цех құрылысы жалғасуда, жоба іске асырылса100-ден астам жұмыс орны ашылмақ.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
 
2017 жылы білім беру саласын дамытуды қаржыландыру көлемі 
12,8 млрд. теңгені құрады. 2016 жылы – 12,2 млрд. теңге, 2015 жылы – 9,2 млрд. теңге, үш жыл ішінде қаржыландыру көлемі  27 % пайызға артты.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Семей қаласында 48 балабақша, 48 шағын орталық (2015 жылы
32балабақша, 49шағын орталық) жұмыс істейді. 2016 жылымемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде 541 орынға 7 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме ашылды. Мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту үшін жалпы сомасы 398 млн. теңгеге жеке меншік инвестициялары тартылды. 
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 96,2%   (10130бала) құрайды. 
Жалпы орта білім беру
2017 жылғы 1 қаңтарға қала мектептері желісі 41939 бала санымен 66 білім беру ұйымын құрайды. 
Мектеп немесе сәйкес үлгідегі мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуы үшін жағдайлар туғызу мақсатында 1283 оқушы үшін тасымал ұйымдастырылған.  Балалар тасымалы үшін білім беру мекемелеріне 75 858,0 мың теңгеге 10 автокөлік алынды. 
Оқулықтармен қамтылу 2016 -2017 оқу жылы 1-6, 8-11 сынып оқушылары үшін  100% (7 сыныптар 70% қамтылумен, 2017 жылы оқулықтар жаңартылатын болады)құрайды.
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
- «№ 40 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ «Шығыс Ұландары» кадет сыныптары;
- «№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ«Зияткер»  иженерлік сыныбы;
- «№ 23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ спорт сыныптары;
- № 1 «Арман ясли-бақшасында «Ой ойнакабинеті;
- «Семей қаласының № 37 гимназиясы» КММ  К. Битибаеваның зертханасы ашылды.
ШҚО әкімі Д. Ахметовтың «Ұлт жоспары: институционалдық бес реформаны іске асыру бойынша 100 қадамның» 79 қадамын іске асыру шеңберінде 2015 жылғы 27 тамыздағы №1/357 хаттамалық тапсырмасы бойынша ШҚО білім басқармасы үштілділікті дамыту бойынша 2015-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірледі. Бағдарлама бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің 80% курстардан өтті. Қазіргі уақытта политехникалық цикл мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту басталды.
Тілдерді тереңдетіп оқыту үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа Cambridge University Press баспасының ағылшын тілі оқулығы, Оразбаев редакиясының қазақ тілі оқулығы,Хамраева редакциясының орыс тілі оқулығы алынды.
Білім беру ұйымдары мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша шаралар қабылдайды, ыстық тамақ 58қала мектебінде ұйымдастырылған, ыстық тамақпен қамту 100 % өсті. Әлеуметтік қорғалмаған санатқа жатқызылған барлық балалар(5842 бала) ыстық тамақпен қамтылған.
Кадрлық қамтамасыз ету
Қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінде 4026 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 3587 жоғары білімді, 439–орта білімді. 3-деңгейлі курстарды ұйымдастыру және өткізу кезеңінде 742  педагог оқыды.
2016-2017оқу жылы 98 жас маман жұмысқа қабылданды, оның ішінде 81 – қала мектептеріне және  17 – ауыл мектептеріне. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үш педагогке ауылда баспана алуға жалпы сомасы 7,6 млн. теңгеге несие бөлініп және 9маманғареспубликалық бюджет есебінен 1,3 млн.теңге көлемінде жәрдемақы төленді. 
ҚР білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 1 сыныптарда сабақ беретін 445 мұғалім (97%) біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Қосымша білім беру
Қала аумағында 11 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, онда 514 үйірме және секция бар. 2016 жыл ішінде екі қосымша білім беру ұйымы оңтайландырылды.Қосымша білім берумен қамтуды сақтау мақсатында балалар мен жастардың шығармашылық сарайы жанынан қосымша үйірмелер мен секциялар ашылған. 
Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар контингенті, қала мектептерінің үйірмелері мен секцияларындағы қамтылу оқушылардың жалпы санынан алғанда 33528 адамды немесе 81,4 % құрайды. 
2017жылы жазғы демалысқа қала бюджетінен 15 млн.теңге бөлінді,оның ішінде тегін жолдамаларға - 10млн.теңгеге 466 бала демалатын болады (2016 ж. 466 бала). 
15 мектепте «Мәңгілік ел» кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттер балалар үшін патриотизм орталығы болып табылады. 
517 педагог Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау Орталығы базасында біліктілікті арттырудың курстық дайындығынан өтті. 2016 жылдан бастап барлық білім беру мекемелері «Білім Медия»цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеп бастады, онда барлық пәндер бойынша интерактивті білім беру материалдары бар. Сондай-ақ 2016 жылдан бастап 30 мектеп «Kyndelik.kz» пилоттық жобасымен жұмыс бастаса, қаланың 35 мектебі «е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша жұмысты  жалғастыруда.
 
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы
Қаладағы тілдерді дамытуға байланысты іс-шаралар Қазақстан Республикасының   «Тіл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2011 жылы бекіткен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың  І  тоқсанында  12 іс – шара өткізілді. Олардың  ішінде: 2 конкурс, 4 дөңгелек үстел, 3 олимпиада,  2 айлық және  ономастикалық жұмыс тобының   отырысы өтті.
Мәселен, үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл- парасат» жүргізушілер  конкурсы, өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуден «Тіл-халық жанын танудың  кілті» олимпиадасы, О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары өткізілді.
2017 жылғы 25 қаңтар- 25 ақпан аралығында ұлты қазақ азаматтарының тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерін реттеу мақсатында «Есімің мен тегің, сенің ұлттық келбетің» айлығы ұйымдастырылды. Айлық Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орайластырып өткізілді. Айлық аясында азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мамандарының қатысуымен қаламыздағы перзентханаларда, жалпы білім беру мектептерінде аталған жарлықты түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
2017 жылғы 13 ақпан-13 наурыз күндері көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру және жарнама мазмұнының дұрыс болуын қадағалау мақсатында облыстық «Қате жарнамаға жол жоқ!» айлығы өткізілді. Айлық аясында қоғамдық ұйымдардың, белсенді жастардың қатысуымен рейдтер ұйымдастырылып, 160 нысан тексерілді. Көрнекі ақпараттардағы олқылықтарды жою бойынша бөлім мамандары тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, қаламызда 2013 жылдан бастап қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытатын «Тілдерді оқыту орталығы» жұмыс жасайды. 2016-2017 жылғы оқу жылының І жарты жылдығындағы орталықтың тыңдаушылар саны: мемлекеттік тілде -345, орыс тілінде-64, ағылшын тілінде-57 адам. 
Достық үйі жанындағы 18 этно-мәдени орталықтың төртеуінде (орыс, неміс, еврей, татар)  ұлттық тілдерін  оқыту мақсатында жексенбілік мектептер ұйымдастырылған. 
Қала әкімінің аппараты мен дербес бөлімдердегі құжат айналымының мониторингіне сәйкес, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлес – салмағы 2014 жылы – 99, 8 % болса, 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 99,9 % құрайды. 
Семей қаласының тәуелсіз  талдау  орталығының («Коновалов и компания- Социологический центр») тұрғындар арасындағы әлеуметтік сауалнама қорытындысына сәйкес,  тіл мәселесі проблемалық  ондықтар қатарынан түскен. Өзге ұлт өкілерінің 2 % қазақ тілін өз ана тілі деп санайды.
 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
 
Қала тұрғындарына медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 62 медициналық ұйым  көрсетеді: оның ішінде 20 стационар, 32 амбулаториялық-емханалық.
Бүгінгі таңда қаланың медициналық мекемелерінде 1,5 мыңнан астам дәрігерлер мен 3 мыңнан астам орта медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. 
Сапалы кәсіби медициналық білім алуды жалғастыру мақсатында біліктілікті жетілдіру ісі Қазақстан Республикасының Медициналық орталықтарында, сонымен қатар шетелде – Оңтүстік Корея, Израиль, Германия, Ресей, Франция, Латвия, Туркия, Польшада жүргізіледі. 
Біліктілік санаты бар медициналық қызметкерлердің салмақтық үлесі 73%-ды құрайды. 
Жыл сайын денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы өсіп келеді. 
Денсаулық сақтау саласының бюджеті: 2013ж. – 16,2 млрд.теңге, 2014ж. – 18,7 млрд. теңге, 2015ж. – 16,9 млрд. теңге, 2016ж. – 19,8 млрд. теңге, 2017ж. - 14,6 млрд. теңге.
Амбулаториялық деңгейде 26 мыңнан астам науқасты 42 кең тараған, соның ішінде сирек кездесетін және ауыр аурулардан емдеуге тегін дәрілік көмек қарастырылған. Биылғы жылы 801 млн. теңгеден жоғары қаражат бөлінген. 
Қалада жекеменшік және мемлекеттік – жекеменшіктік серіктестік түріндегі медициналық ұйымдардың қызмет етуіне бәсекеге қабілетті жағдай жасалуда. 
Медициналық ұйымдардың жабдықталуы 83%-ға артты. 
«Бес институционалдық реформаның орындалуының 100 нақты қадамы» Ұлттық Жоспарына сәйкес медициналық ұйымдарда менеджмент пен корпоративті басқару жүйесі дамып келеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдардың дербестігін ұлғайту бақылау кеңесте рі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы ұйымдарға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуда. Семей қаласы бойынша 16 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығына ауыстырылды, 10 бақылау кеңесі құрылды.  
Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 15 қаңтарындағы №176 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 2016-2020ж. арналған «Денсаулық» жаңа мемелекеттік бағдарламасы басталды. Ол алдынғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылады және денсаулық сақтау саласын жақсартуды тереңдетуге бағытталған. 
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және денсаулық сақтау саласында жаңа ииновациялық технологиялардың енгізілуі арқасында бала өлімі төмендеді, ана өлімі тіркелген жоқ, қан айналымы аурулары  және онкологиялық аурулардан өлім төмендеді, туберкулез және онкологиялық аурулармен ауру көрсеткіші төмендеді. Аталғандардың барлығы демографиялық жағдайдың және өмір сүру ұзақтығының жақсаруына ықпал етті.       
Аталған бағдарлама аясында алғашқы медициналық көмекті, кардиологиялық және онкологиялық қызметті жақсарту жұмыстары, инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.  
Емдеу мен зерттеуге жаңа технологияларды енгізу жалғасуда. Семей қаласының Өңірлік Онкологиялық Диспансерін заманауи жоғары технологиялық медициналық құрылғыларымен жабдықтау арқасында (компьютерлі томограф, магнитті-резонансты томограф, сызықтық үдеткіш, эндовидеоскоптық құрылғы, обырды химиоэмболизациялау әдісі) онкологиялық аурулармен ауру мен өлім көрсеткішін төмендетуге ықпал етті. 
 
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
 
Семей өңірі бойынша 2017 жылдың егістік алқаптарының құрылымдары анықталды. Ағымдағы жылы барлық егістік алқаптың көлемі14374,7 га құрайды, бұл 2016 жылғы егілген 12173,8га  егістік алқаппен салыстырғанда2200,9га немесе 18,1 пайызға артық.
Көрсетілген алқаптардың 819 га дәнді дақылдар (427 га күздік дақылдарды қоса есептегенде) егу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5 га немесе 5,7% артық. 3400 га картоп, 1400,5 га көкөніс, 100 га бақша дақылдары отырғызылады.
7163,2 га алқапқа азықтық дақылдарды орналастыру жоспарланған (оның 5248,2 га – бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптер, 850 га ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер, 325 га біржылдық шөптер, 365 га сүрлемдік жүгері, 350 га  сүрлемдік күнбағыс, 25 га азықтық бақша дақылдары), бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1295,5 га немесе 2017 жылдың жалпы егістік алқабының 49,8% құрайды. Майлы дақылдар 1492 га алқапқа егіледі, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 846 га көп немесе 2017 жылдың жалпы егістік алқабының 10,4% құрайды.
Өңірінде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында біршама жұмыстар жасалуда. Бүгінгі күні өңірде картоптың жоғарғы өнімді тұқымдарын өндіретін 2 ауыл шаруашылық құрылымы бар. «Агрофирма Приречное» ЖШС мен           «Мұздыбай-1» ШҚ картоп тұқымдарын өндіретін және сататын тұқым шаруашылығы мәртебесі бар. 2017  жылы сатуға 1330 тонна І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдары дайындалды. 
2017 жылы өңірдің шаруашылық құрылымдары толық көлемде сапалы тұқыммен қамтамасыз етілді.
Барлық тұқымдар себуге жарамдылығын анықтау мақсатында «Казагрэкс» АҚ лабораториясына белгіленген кесте бойынша 170 сынама  тексеруден өтті.
Ағымдағы жылы 1-2 класты және ІІІ репродукциядан төмен еместұқымдар пайдаланылады. 392 га дәнді дақылдар егістігіне (көктемгі егіс) 60 тонна 2 класты ІІІ репродукциялы тұқым дайындалып тексерілді. 
Өңірдің шаруашылықтарында  бар 10,2 мың тонна картоптың тұқымы 1 класты ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымға жатады, 3400 га алқапты толықтай қамтамасыз етті.
Сорт жаңарту мақсатында өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары картоптың 140 тонна элиталық тұқымын пайдалануды көздеуде, атап айтқанда «Романо» - 60 тонна, «Санте» - 60 тонна, «Родриго» - 20 тонна және 20 тонна  І репродукциялы «Розаро».
Көкөніс дақылдарының элиталық сұрыптарының тұқымдары қапталған түрде Голландия мен Ресейден  әкелінеді. Ағымдағы жылы егілетін барлық тұқымдар 1-2 класты және ІІІ репродукциядан төмен болмайды.
2016 – 2017 жылдың  күз, қыс айларынан бастап шаруашылықтар егіс алқабына 15,5 мың тонна органикалық тыңайтқыштар енгізді.2017 жылы шаруашылықтар субсидияланатын1513 тонна  минералдық тыңайтқыштарға тапсырыстар берді. 
Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 1 литрінің бағасы 119 теңге болатын 260 тонна дизель отыны бөлінді.Оның:  наурыз айына - 130 тонна, сәуір айына - 130 тонна. Оператор болып «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ-ы белгіленді. 
Бүгінгі күні наурыз айына бөлінген дизель отынының 91 тоннасы алынды.
Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын  жүргізуге анықталған егістік алқаптың құрылымдарына сәйкес 550 тонна дизель отыны қажет.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Семей өңірінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалары жеткілікті. 
Өңірде 13,99  мың гектар суармалы жер тіркелген, оның 5,6 мың гектары жалға алушыларға бекітілген және 8,39 мың гектары жер қорында тұр.  Ағымдағы жылы суармалы жердің көлемін 500 га ұлғайту жоспарлануда, сонда жалпы алаңы 4116 га құрайтын болады.
Суармалы жерлер 74 шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген, бүгінгі күні оның 57 шаруашылығы суармалы алқаптарды пайдаланып отыр. Оның ішінде 9 шаруашылық тамшылатып суару әдісін қолданады, 5 шаруашылық суаруды жаңбырлатқыш құрылғылармен жүргізсе, 16 шаруашылық ДДН аспалы агрегаттарын қолданады, қалған 26 шаруашылық жайып суару және басқа әдістермен суарады.
Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі – дала жұмыстарын ұтымды агротехникалық мерзімде өткізеді.
Биылғы  жылдың  1 тоқсанының қортындысымен ауылшаруашылығы мал басының кейбір түрлерімен  мал өнімдерін өндіруде өсу үрдісі сақталуда. 
2017 жылдың 1 сәуіріне барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қара 56,1  мың,  қой мен ешкі  115,7 мың, шошқа 1,1 мың, жылқы – 31,0 мың және құс – 1389,9 мың басқа жеткен. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,4%, жылқы 12,8% , шошқа 9,0 %, құс 10,7 % өсті. 
2017 жылдың  қаңтар-наурыз  айларында  6,3 мың тонна ет, 4,0 мың тонна сүт, 0,3 млн. дана жұмыртқа  өндірілді. 
Ет   өндіру  2016 жылмен салыстырғанда 10,1% көбейді.
2017  жылдың 1тоқсанында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің күтілетін көлемі 3219,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлемі индексі 107,7%. 
Сүт-тауарлы фермаларын одан әрі дамыту үшін Семей қаласында екі СТФ іріктелініп алынды (СТФ ЖС түріндегі «Нұр» ШҚ және ЖС түріндегі «Көпежан» ФҚ).
«Көпежан» ФҚ - «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау қоры» (АШҚҚҚ) және  «ҚАҚ» АҚ-ның қаржыларын   іске асыруда.
2015 жылы «Ауыл шаруашылығын  қаржылай  қолдау қоры» АҚ арқылы 49,0 млн. теңгеге құрал жабдықтар және сүт-тауарлық фермасына техника алды және Зырян ауданының «Средигорненский» ЖШС-нен 94 бас  асыл тұқымды  Симментал  құнажындарын сатып алынды.
2016 жылдың  14 қазанында 200 басқа  арналған сүт-тауарлы  фермасы   «Көпежан» ФҚ  іске қосылды. 12 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Нұр» ШҚ - «КазАгроҚаржы» есебінен 228,9 млн. теңгенің жобасын іске асырды. 
2015 жылы лизингке 14,8 млн.теңгеге көктемгі егіс жұмыстарын атқаратын техника алды.
«Нұр» ШҚ «КазАгроҚаржы» АҚ-ның филиалына несие алу үшін құжаттарын қарауға тапсырды. «ҚАҚ» АҚ-де құжаттар қаралып, берілетін 20,0 млн. теңгеге сауу желісін, салқындату танкісін және көң шығару механизмдерін сатып алуды жоспарлауда. 
Қазіргі  уақытта шаруашылық  өз қаражаты  есебінен 8,2 млн.теңгеге СТФ-ға қайта құру жұмыстарын жүргізді. Алғашқы 100 басты іске қосу мерзімі 2017 жылдың жылдың  мамыр айына  жоспарланған. Жоба аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына белгіленді.
Семей өңірі бойынша тұрғындардан сүт көлемін сатып алуға 7 ауылдық округтің сүт шаруашылығымен айналысатын  жеке қосалқы шаруашылықтары тартылады. Аталған округтерде 5,2 мың бас сүтті ірі қара  бар. Осы малдардан жылына 12,3 мың тонна сүт,  орташа есеппен  1 сиырдан 2370 кг сүт сауылады.
Жалпы сүт көлемінен технологиялық шаруашылық мақсатына жұмсалғанын кеміткенде сүт қабылдау пункттеріне 3,5мың тонна сүт шығаруға болады.Облыстық комиссияға  берген есепке  сәйкес 2017 жылы сүт қабылдуа пункттеріне жиналып және өткізілген  сүттен 540 тонна өңдеуге жіберіледі.
Ағымдағы жылы Озерка ауылында «Каликов» ЖК сүт қабылдау пункті іске қосылып, жоспарлы тапсырмаға сәйкес 180 тонна сүт  қабылдау іске асырылуда.
«Каликов» ЖК сүт жинау пункті Озерка ауылдық округі тұрғындарынан сүт қабылдау жұмыстарын  16 ақпан айында бастады. Бүгінгі күнге 12 тонна сүт жинап, қаладағы «Калиханулы» ШҚ сүт өңдеу цехына жіберілді.
2016  жылы Достық  ауылдық округі Достық ауылындағы бұрынғы  мектептің ғимаратты  «Көпежан» ФҚ беріліп, қайта  жабдықтау  жұмыстары  жүргізіліп 10 қыркүйек күні  сүт қабылдау пункті  ашылды.Сүт қабылдау пункті  Достық, Жиенәлі, Ертіс ауылдық округтерінен науқан басынан бастап 32,7 тонна сүт жинап, ЖК «Қорабаевтың» цехына өңдеуге жіберілді. Биылғы жылы ЖК «Қорабаевтың» қаражат  мәселесіндегі  туындаған қиындыққа   байланысты Достық ауылындағы сүт қабылдау  пункті мамыр айынан бастап сүт жинау  жұмысын бастайды.
2017 жылы  Достық ауылындағы СҚП-не 360 тонна  сүт жинауға  тапсырма берілді. Аталған 3 ауылдық  округ әкімдері жеке қосалқы шаруашылықтардан сүт жинауды ұйымдастыру, ағымдағы жылғажеке қосалқы шаруашылықтармен келісімшарттар жасау арқылы  СҚП-ін  сүтпен қамтамасыз етуді  ұйымдастыру мақсатында  жұмыстар  жүргізеді.
Бұған қоса, мамыр айында Озерка ауылдық округіндегі «Бейсбеков и К» АШК Қаракөл ауылынан СҚП ашуды  жоспарлауда. Озерка  ауылдық  округіне қарасты Қаракөл және Балтатарақ ауылдарынан 17 жеке қосалқы шаруашылықтарды қамтиды. Қазіргі  уақытта «Бейсбеков и К» АШК «Ульбинская  модульная компания» ЖШС-нен сүт қабылдау пунктінің  жабдықтарын алды.
Инфляциялық процестерді тежеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында әр сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. 2017 жылдың 1 тоқсанында   Семей өңірінің қожалықтарының күшімен және жақын көрші аудандардың қатысуымен барлығы 13 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, 153,0 млн теңге көлемінде ауыл шаруашылығының өнімдері сатылды. Сатылған өнімдердің  бағасы  базар бағасынан  15- 20 пайызға төмен.
Бұдан басқа, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бекіткен кестеге сәйкес ағымдағы  жылдың сенбі күндері Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Аягөз,Көкпекті  аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өндірген өнімдерін ұсынып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғастырылуда.
Өңірде  тамақ өнеркәсібі дамуда.
2017 жылдың 1 тоқсанында көрсеткіші бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 5782,1млн. теңгені құрады. НКИ-96,2%.
«Шығыс бройлер» ЖШС құс етін өндіру және өсірумен айналысады. 2012 жылдан бастап кәсіпорын жұмыртқа бағытынан  бройлерлік, яғни құс етін өндіру бағытына толығымен ауысты.
Бүгінгі күні «Шығыс Бройлер» ЖШС сою цехы мен жаңа инкубатордың құрылысын аяқтау алдында. Қазіргі үлгідегі заманауи инновациялық шет елдік жабдық сатылып алынған: алдыңғы қатарлы «Pas Reform»  голландиялық фирманың инкубациялау жабдығы, EMF неміс фирмасының бройлерді сою жабдығы.
Осы жабдықтарды іске қосу құс етін өндіру көлемін біршама арттыруға, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2017 жылдың 1 тоқсанына  2214  тонн құс етін өндірді, өнім құны 701,4 млн.теңгені құрады.
«Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШСқұс етін өндіру және өсірумен айналысады. «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС2017 жылдың 1 тоқсанында1445 тонна құс етін өндірді, өнім құны 933,0 млн.теңге.
«Кондиз» ЖШС кондитерлік және кулинарлық өнім шығарумен айналысады.Жаңа заманауи кәсіпорын әлемдік стандарт сапасын ескере отырып құрылған.Фабриканың өндірістік мүмкіндіктері қаланың ірі фабрикалары арасында лайықты орын алуға мүмкіндік береді.Үш технологиялық желістің өндірістік қуаттылығы жылына 14400 тоннаны құрайды. 2017 жылдың 1 тоқсанында  363тонна крекерлі печенья өнімін өндіріп шығарды, өнім құны 110,0 млн.теңге.
«Семнан» ЖШСнан, тоқаш және кондитерлік өнім өндірумен айналысады. 
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында800 тонна өнім өндірді.
МПК «Технология» ЖШС48 түрлі кулинарлық-шұжық, деликатес өнімдерін өндіреді. Кулинарлық-шұжық өнімін өндіруге негізгі қажетті шикізат- ауылшаруашылық малының еті.Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында  27 тонна шұжық өнімін өндіріп шығарды.
«Семей ет комбинат» ЖШС қала бойынша өзі өндірген ет өнімдерін «Мясная империя» ЖШС арқылы сатумен айналысады.Кәсіпорын 2017 жылдың 1 тоқсанында 59 тонна дайын өнім шығарып, өнім құны  58,3 млн.тенге.
«Ай-Ар» ЖШС –ұн өнімін өндірумен айналысады. Кәсіпорында заманауй қондырғылар орнатылған. 2017 жылдың 1 тоқсанына  1688 тонна ұн және макарон өнімін өндіріп, құны 139,5 млн.теңге.
 
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  28 маусымдағы №728 қаулысымен 2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілді.
Ауылдық аймақтарды дамыту бойынша бағыттарының бірі жергілікті өзін өзі басқаруды қаржылық қолдау болып табылады.
Жергілікті өзін өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде Семей  қаласы бойынша келесі ауылдар таңдалды: 
-орташа даму әлеуетті: Новобаженова а., Знаменка а., Қайнар а.
-жоғары даму әлеуетті: Приречное а.
1.Приречное ауылы жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Приречное ауылдық округінің орталығы болып табылады. Ауылда 1437 адам тұрады. «Приречное ауылдық округінің Приречное а. белсенді даму алаңын жайластыру» жобасы бойынша жалпы сомасы 1 818,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.
2.Новобаженова ауылы орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Новобаженова ауылдық округінің орталығы және тірке ауылды елді мекен болып табылады. Ауылда 1878 адам тұрады. «Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жалпы сомасы 4 623,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.
3.Знаменка ауылы орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Знаменка ауылдық округінің орталығы және тірке ауылды елді мекен болып табылады. Ауылда 1415 адам тұрады. «Знаменка а. Е. Альжанова көшесі бойынша белсенді даму алаңын жайластыру» жобасы бойынша жалпы сомасы 2 186,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.
4.Қайнар ауылы орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Қараөлең ауылдық округінің орталығы және тірке ауылды елді мекен болып табылады. Ауылда 1564 адам тұрады. «Қайнар а. мәдениет үйі» КМҚК татырды ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жалпы сомасы 6 701,0 мың теңгеге қаражат бөлінді. «Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жалпы сомасы 4 359,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.
 
 «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
 
Бірыңғай бағдарламаның іске асуынан бастап Семей қаласы бойынша 2,3 млрд. теңгеге 10 жобаға несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау көрсетілді.
Жобалар (10) экономиканың әр түрлі салаларында іске асырылды: өңдеуші өнеркәсібінде - 2, көлік және қоймалау саласында - 1, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде - 1, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында - 1, білім саласында – 1, саудада – 2. 
Жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу мақсатында «Нұр» ШҚ және «Семей жолдары» ЖШС жобалары «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасы» ММ қарастыру үшін жолданды. 
Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру және оларды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала жарық көріп, қала әкімінің ресми сайтында және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында 22 ақпараттық материал орналастырылып, қалалық телеарналардан 4 сюжет көрсетілді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдерімен бірлесіп 29 кеңес және кездесулер өткізді.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалының жанындағы  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 2017 жылдың басынан бастап 710 кеңестік қызметтер көрсетілді.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп осы бағдарламаға кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы
 
2012 жылғы 14 желтоқсандағы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Жолдауын орындауда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Осы Бағдарламаның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.
2017 жылдың 3 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 1185 адам қамтылды. Оның ішінде, 605 адам жұмыссыздар санаты бойынша, 127 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 453 адам жұмыс іздеуші тұлғаларды құрайды.
Ағымдағы жылы Бағдарламаның бірінші бағыты (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) аясында нарықтағы сұраныстар есебімен техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 404 адам жолданады.
Мамандықтар және бейімділігінің еңбек нарығы сұранысы бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1422 адам қарастырылған, сонымен қатар, еңбек өмірін жұмылдыру бойынша арнайы жобалардың қысқа мерзімді курстарына 100 адам.
Кәсіптік даярлау бойынша электргазбен дәнекерлеуші және күштік желілер бойынша электромонтажшы мамандықтары бойынша 2016 жылы жолданғандар қатарындағы 21 адам оқытуды жалғастыруда.
Жұмыспен қамту мамандарымен Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдау бойынша жұмыстар атқаруда. 2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға өтініш берушілер 2000 адамды құрады.
Бағдарламаның екінші бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) келесі міндеттерді жүзеге асыруға қарастырылған:
1)«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2)кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
3)қалаларды және ауылдарды шағын несиелеуге кепілдік беру.
Бағдарламаның екінші бағытысының әкімшілері Қазақстан Республикасының 
экономикасы Министрлігі – қалаларда шағыннесиелендіруді жүзеге асыру мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі – ауылда және шағын қалаларда шағыннесиелендіруді жүзеге асыру мәселелері бойынша.
Жұмыспен қамту орталығына шағын несиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 40 адам, олардан іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге 8, оның ішінде 28 өтініш ауылдық елді мекендерінен және 12 қаладан.
Ауылдық округтер әкімдеріне шағыннесиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші азаматтар санын анықтау бойынша хат жолданды.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 1185 қатысушыларға жұмысқа орналастуға жәрдемдесу көрсетілді, оның ішінде 728 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 95 адам жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне 136 оқыту мекемелерінің түлектері қатысты. Қоғамдық жұмыстарға 226 адам жұмысқа орналасты. 
2017 жылы жұмыс берушімен бірлесе қаржыландырумен, Мұздыбай ауылында 10 екіпәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 157 млн. теңге бөлінді, сонымен қатар ИКИ салуды аяқтауға – 127,0 млн. теңге және ЖТҮ – 30,0 млн. теңге.
Ағымдағы жылдың 3 және 5 сәуірінде «Мұздыбай» ШҚ басшысы                         Т. Баймуринов қоныс аударумен жұмыс күшін тарту мақсатында ОҚО өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысқан.

 
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
 
 

2016 жылға мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпарат
 
 
2015 жылға мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпарат
Өңдеу күні: 25-04-2017