Акимат » Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2014 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2014 жылдың 1 шілдесіне

2014 жыл «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 25-жылдығы, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25-жылдығы және тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы сияқты мерекелік мерейтойларға толы жыл болмақ. Сондықтан, үкіметтік емес ұйымдармен өткізілетін іс-шаралардың дені осы мерекелік күндермен байланысты.

Жыл басында қала әкімі қала жұртшылығымен кездесіп, Елбасы саясатын насихаттау мақсатымен бүкіл әлемдегі ядролық қарудан бас тарту, антиядролық қозғалыстардың пайда болуы мен дамуы тарихын сақтау мәселелері талқыланды. 

Қаланың қоғамдық ұйымдарымен бірлесе қалалық өлкетану мұражайында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында «Невада-Семей» ХАҚ жұмысының басты бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар ақпан айында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды:

- Интернационалист-жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты;

- Ауған соғысының ардегерлеріне қала әкімінің жауынгерлік еңбегі үшін мерейтойлық медальдары мен мақтау қағаздарымен марапаттауы;

- Арнайы мерейтой күніне арналған ШҚО әкімі Б. Сапарбаевпен қауымдастық өкілдерінің кездесуі.

Бұнымен қоса қаламызда басқа да кездесулер мен іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, жыл басынан қалалық қоғамдық Кеңестің 2 отырысы өтті. Бірінші отырыста үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қала әкімдігімен бірлесе  тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің нормаларын бекіту мәселесін қарастырса, екінші отырыс Кеңес мүшелерінің «Знаменка» тірек ауылының  дамуы және азық-түлік бағасының өсуін тежеу мәселесіне арналған болатын. Үкіметтік емес ұйымдар қалалық қоғамдық Кеңестің белсенді мүшелері.

«Центр Семьи» ҚҚ біріңғай түрде отбасы құндылықтарын сақтауға бағытталған және Отбасы Институтын дамытуға арналған іс-шаралар өткізіп отырады. Ақпан айында Орталықпен «Суицид в молодежной среде» деген атпен конференция өткізілді. Конференцияға психикалық денсаулық Орталығының мамандары, қала колледждерінің оқу ісі меңгерушілері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Исток» ҚБ волонтерлық қозғалыстарды дамыту мен экологиялық білімді жақсартуға арналған іс-шаралар өткізуде. Осыған орай қоғамдық бірлестіктің 1 тоқсандағы жұмысы салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған семинарлар өткізуге арналды.

«Поколение» қоғамдық бірлестігімен жергілікті тұрғындардың заңдық-құқықтық сауаттығын көтеруге бағытталған іс-шараларды үнемі өткізіп келеді. Бұл бірлестік өз қызметін басқа да ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасап мемлекеттік құрылымдармен бірлесе атқарады.

Бүгінгі таңда ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру конкурсының қорытындылары тәмәмдалды. Конкурс жеңімпаздары ішкі саясат бөлімімен бірлесе аймақта өтетін іс-шаралар кестесін жасақтауда.

Сәуір айында жыл сайынғы «Саябақтар Шеруі»  басталды. Бұл бастама экологиялық білім беруге бағытталған, дәстүрлі түрге айналып, бұдан әрі еріктілер санын біріктірді.

Мамыр айында қаланың қоғамдық бірлестіктер және ұлыс-мәдени бірлестіктер Қазақстан Халқының Бірлік Күнін өткізуге және ұйымдастыруға белсене қатысты. Орталық Алаңда өткізілген мереке қала тұрғындарына өз ерекшелігімен көзге түсті. Осы іс-шараны әзірлеу барысында қаланың қоғамдық бірлестіктерінің пікірі мен ұсыныстары ескерілді.

Әр-түрлі мәселер бойынша қоғамдық тыңдаулар үкіметтік емес ұйымдардың қатысусыз өткізілмейді. Осылай, 2 тоқсанда өткен, сол жағалауды толық жоспарлау бойынша тыңдауларға ҮЕҰ өкілдері шақырылды.

«Жанұя Орталығы» ҚҚ үздіксіз жас жанұя клубының отырыстарын өткізеді. Осы бірлестіктің басты мақсаты - Отбасы институтын даму және отбасылық құндылықтарды насихаттау.  Және қазіргі таңдағы жетістіктер - бұл осы қордың  мемлекеттік органдармен, бизнес жүйелермен, қаланың басқа секторларымен белсенді жұмыстың нәтижесі.

«Сабантуй-2014» халықаралық мерекесіне дайындық қаланың ҮЕҰ және ұлыс-мәдени орталықтарды біріктірді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде аталған мереке жоғары деңгейде өткізіліп, қала тұрғындары және қала қонақтары өткен іс-шарамен риза болды.

Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның басқа да секторларының әріптестігімен бірге жүргізілуде.

Өңдеу күні: 22-04-2015