Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2015 жылдың 1 қантарына

Семей қаласындағы жер қатынастары 2015 жылдың 1 қантарына

«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткішін орындалуы  Семей қаласының аумақтық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Осы бағдарлама бойынша бөлімнің стратегиялық   мақсаты ауылшаруашылық айналымда егістік жердің көлемін  ұлғайту. 2014 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы жерде егістік ауданы 10,5 мың гектарға егіліп, алға қойлған мақсат орындалды.

Бөлім 2014 жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер жөніндегі» тақырыпта жиналыстар, мемлекеттік органдардың арасындағы қарым қатынас тақырыбына «дөңгелек үстелдер» өткізіліп отырады. Ұлт көсемі Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» жолдауы негізінде Президент Аппаратының тапсырмасы бойынша Семей өңірі халықтарының арасында ақпараттық насихаттау тобымен жұмыс өткізу жоспарлануда.

2014 жылдағы жағдайына жер жөніндегі сұрақтар бойынша  3156 хат заңды тұлғалардан, 5829 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті. Жер комиссиясының 32 отырысы өткізіліп, онда  3997 сұрақ қаралды. 1618 қала әкімдігінің қаулысы әзірленіп 904 жалға беру және  596   сату-сатып алу шарттары жасалды.

Семей қаласының аумағы 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайында 2780,7 мың га оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданы 10035,0 мың га, ол 36 % құрайды, оның ішінде 10,5 мың га егістік жер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер аудаданынан 1,0 % құрайды және 10,742 мың га жыртылған жерлер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер аудаданынан 1,1% құрайды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу қортындысы бойынша 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №1257 қала әкімдігі қаулысымен суарылмайтын тыңайған жерлер 8031 гектар жайылымдық пен шабындық түрлеріне ауыстырылды. Суармалы жерлер 5102,5 гектар 2014 жылғы  27 маусымдағы № 170 Облыстық әкімдік қаулысымен алқаптың суарылмайтын басқа түрлеріне ауыстырылды. Осы жұмыстар нәтижесінде Семей қаласы бойынша тыңайған жерлер барлығы   ауданы 13133,7 га азайды.

Пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер иесіз жерлер есебіне алынды. Бүгінгі күні  6305 га  жер телімдері иесіз жерлер есебінде тұр, оның 736,8 га жыртылған жерлер. Сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсуде.

2014 жылда  ауыл шаруашылық  мақсатында пайдаланатын жерлер конкурс арқылы ауданы 68345,2 га болатын 40 жер телімі шаруа қожалықтарын жүргізу үшін  берілген.

Агроқұрылымдар жер телімдеріне 1246 паспорт әзірленген.

Семей қаласы бойынша 1 379,5 мың  гектар  босалқы жер тіркелген, оның 377,8 мың  гектары арнаулы жер қоры. Қаланың бағбандық үшін берілген жерлеріне түгендеу жұмысын жүргізіп 1505 жер телімі иесіз жерлер есебінеде тұр.

Бірыңғай сәйкестендіру құжаттармен  жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %  оның ішінде  шаруа қожалықтары 99%, субъектілер 100 % қамтамасыз етілген.

Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға кезек бар, ағымдағы жылда кезекте 7874 азамат тұр оның ішінде 2014 жылы   тұрғаны - 1118. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр. Бүл сұрақ «Нұрлы жол» Президенттің 2015 жылға жолдауы бойынша шешілетін болады.

 

2014 жылғы 12 айдағы  көрсеткіштерді 2013 жылдың сол  мерзімдегі көрсеткіштермен  салыстыру кестесі

2013, 2014 жылдың 12 айы

Жер телімдер саны

Ауданы, га

Бағалық құны мың теңге

Жер телімін мемлекеттік сатудан

2013 жыл

520

6,45

195157,0

2014 жыл

536

42,21

202748,0

%

103 %

-

104  %

Жер теліміне құқығын сатудан

2013 жыл

55

1,9

15032,0

2014 жыл

79

13,35

15791,0

%

144 %

-

105  %

Жалға беруден

2013 жыл

831

13,95

96875,0

2014 жыл

904

1072,03

118299,0

%

109 %

-

122  %

Барлығы 2013 жыл

1406

22,2

307064,0

Барлығы 2014 жыл

1519

1127,59

336838,0

%

108 %

-

107   %

 

Жер телімдерінің бағалық құны  ауданы мен санына байланысты. Бағалық құнын 2014 жылдың 2013 жылмен салыстырғанда  жер телімдерін мемлекеттік сату 104%, құқығын сату 105 %, жалға беру 122%  құрайды, тұтас алғанда бағалық құны 107%  құрайды.

Қаланың шекарасын бас жоспар бойынша нақтылау  бойынша 2013 жылдың бюджетінен 11,5 млн. теңге бөлінді, жұмыс жүргізілді. Шешім жобасы маслихатпен бекіту үшін жұмыстар атқарылуда.

Елді мекен жерлерінде жер телімдерін мемлекеттік сату кезіндегі базалық ставканы анықтау үшін 2014 жылы қалалық бюджеттен қаражат бөлу үшін жоспарға 8975,0 мың теңге енгізілді. Базалық ставка  маслихат шешімімен бекіту үшін  шешім жобасы маслихатқа жолданды.

2014 жылға қойылған болжам - жоспар 332480,0  мың теңгені құрады, 2014 жылдың 31 желтоқсанда бюджетке 336858,0 мың теңге түсіп, ол 101% орындалды.

Жер учаскелерін аукцион арқылы  беру үшін  жер учакелері тізімі маслихатпен бекітіліп, жер учаскесілерінің жобаларын жасатуға тендр өткізілді. 2014 жылы 22 қазанда жер телімін мемлекетпен сатуды және жер теліміне құқығын сатудын бірінші аукционы өткізілді. 5 жер учаскесі 14 422 546 теңгеге сатылып, бюджетке түсті. 2014 жылы 19 қарашада екінші аукцион өткізіліп, 8 жер учаскесінен 2 жер учаскесі 3 328 758 теңгеге сатылды бюджетке түсті. Үшінші аукцион 2014 жылы 12 желтоқсанда өткізіліп, құжаттар дайындалуда.

Жер қатынастары  бөлімі жұмысының ең маңызды бір бөлігі жер қатынастарын реттеу. Жер телімдерін меншікке немесе пайдалануға берген кезде қабылданатын құқықты актілер, басқада жер жөніндегі сұрақтарды шешкен кезде жер заңнамалары бойынша азаматтар мен кәсіпорындардың заңды құқығының сақталуы тұрақты қадағаланып отырады. 

Өңдеу күні: 22-04-2015