Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жылға

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жылға

Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жалпыұлттық бағдараламасын, «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеп, бекітті. 

2014 жыл – ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді алыс, жақын шетелдерде насихаттаумен ерекшеленді. 2014 жылдың 7 - 9 мамыр күндері Барнауыл қаласында ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениет дәріптейтін қазақ елінің төл мерекесі «Наурыз-мейрамы» жоспарланып өткізілді. Іс-шара аясында Барнаул қаласының орталық алаңында киіз үйлер тігіліп, этнографиялық тұрғыда жабдықталды.  Сонымен қатар қаланың белгілі қол өнер шеберлерінің көрмесі, фольклорлық концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шілде айының басында қаламыздың белгілі өнер қайраткерлері Толу Сембаев, Сералы Мұхамедсадық, Гүлдана Ноғайбаева  қала әкімінің қолдауымен Жапон елінде өнер көрсетіп, қайтты. 

Сонымен қатар, қыркүйек айының 6 күні Рубцовск қаласының Орталық алаңында ұйымдастырылған Қала күні мерекесі аясында қаламыздың танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өткізілді. Іс-шараға Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының белді артистері Сералы Мұхамедсадық, Мапруза Өтеленова, Нуриден Иманбаев, Қадылбек, Маржан Омаровтар, Тоғжан Таханова, Айжан Рақымбекова, Михаил Глазырин және «Кербез» фольклорлық ансамблі, Абай атындағы театрдың «Достық» аспаптық ансамблі, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің хореографиялық тобы (жетекшісі мәдениет қайраткері Гаухария Бекметьева), «Шығыс» әскери округінің  гарнизондық Офицерлер үйінің әншісі Ольга Сагындыкова  қатысып, жоғары орындаушылық шеберлікпен өнер көрсетті.

Елбасымыздың жарты ғасырға жуық кезеңді қамтитын «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған мақсаттарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылғы  22 шілде күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында, ал 1 тамыз күні М.Әуезов алаңында мәні мен мағынасы зор «ЖАН ЖЫЛУЫ» акциясы өткізілді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Достық үйі, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Мәдениет сарайымен бірлесе отырып, жүзеге асырылған шараға қаламыздағы арнайы интернаттардың, клуб мекемелерінің тыңдармандары қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше театрланған музыкалық бағдарламасымен «Сказка» ойын-сауық орталығының шығармашылық ұжымы, «Эсте-ра» вокалдық студиясының әншілері, «Айналайын» студиясының орындаушылары, «Асыл» қоғамдық бірлестігінің және Мәдениет сарайының әншілері өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Шаһарымыздағы әлеуметік қажеттілігі ерекше жандардың шығармашылығын дамыту мақсатында құрылған саңырау-мылқау азаматтарға, сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға арналған клубтардың келушілері қаламыздың мәдени өміріне белсене қатысып, мәдениет, спорт саласындағы қалалық, аймақтық, республикалық байқаулардан жүлдемен оралуда. Айта кетсек,  «Чародеи» шығармашылық ұжымы «Солнечные люди» атты республикалық клоунада байқауында ІІІ орынды иеленді.  Ал, клубтың белсенді қатысушысы Тимур Садыков Қазақ саңыраулар қоғам Президентінің «Жоғары дәрежедегі трюкач» мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, жас ару Залина Янхотова Мiss-Semеy байқауында ІІІ орынды иеленді. 

Жуырда Ақтөбе қаласында өткен VII Республикалық ишарат тілінде ән айту байқауына Семей қаласының абыройын арқалаған Меруерт Алашканова, Жупар Тенебекова ерекше өнерімен көзге түсіп, топ жарып жүлдемен оралды. 

Зағип және нашар көретін азаматттарға арналған клуб директоры Марат Әлиасқаров Жапон Үкіметінің қолдауымен, ТМД елдері және Қазақстан Республикасы атынан Окинава аралында өткен 1 айлық тренинг – семинарына қатысып қайтты. 

Қыркүйек айының 26-27 күндері Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл селосында өтетін Ұлы Жібек жолында: «Жаңғырған Көкжар жәрменкесі» этнофестивалі аясында «Көкжарым бойы ағын жыр...» Республикалық жыршылар байқайуына қаламыздың танымал жыршысы Дүйсенғазы Нығметжанов қатысып, өнер көрсетіп қайтты. 

2014 жылдың 1 қазанына  мәдениет саласында жалпы 12241 мәдени шара ұйымдастырылып, өткізілді. Соның ішінде:

көпшілік шаралар – 1245,  қамтылғандар саны 319572  адам;

спектакльдер мен театрландырылған қойылымдар – 204, қамтылған көрермендер саны 55036 адам; 

концерттер – 82, көрермендер саны – 52621;

көрме және экскурсиялар – 10 452, қамтылған адамдардың саны – 208852; 

лекциялар – 116, қамтылған саны –  2320.

Аталған шараларға қамтылған қала тұрғындарының саны - 484681 адам.

Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімінде өткізілді. 

Жылдың басы Орталық алаңдағы Жаңа жылды мерекелеумен басталып, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық, 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі, 7 мамыр – ҚР қорғаушылар және 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күндері, 29 мамыр – «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, төл мерекеміз «Наурыз мейрамы», «Масленица-2014», «Сабантой – 2014» сынды ұлттық  мерекелер де кең көлемде аталып өтті. 

Ақпан айында мектеп оқушылары арасында XVIIІ қалалық ақындар айтысы өткізіліп, ақындар шығармашылығын шындай түсті. Наурыз айында «Наурыз нақыштары - 2014»,  тілдер Күніне арналған «Туған тілім – сарқылмайтын қазынам» атты тақырыбында қалалық ақындар сайысы өткізілді. 

Сәуір айы бойы қалада халық шығармашылығын дамыту, дарынды өнерпаздарды айқындау мақсатында «Нұрлы болашақ жолында!» атты көркемөнерпаздар ұжымдарының байқауы өткізілді. Байқауға 106 көркемөнерпаздар ұжымдары мен 11 000 аса адам қатысты. 

Мамыр айының 29-31 аралығында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кешенді шаралар өткізілді. Қалалық Мәдениет сарайында «Дала әуені» атты халық әндері мен музыка өнерінің фестивалі, көне музыкалық аспаптар көрмесі, белгілі өнер қайраткері, абайтанушы Қ.Мухамедхановтың ескерткіші басында облыс және қала басшылығының, зиялы қауым өкілдерінің, құғын-сүрген құрбандары ұрпақтарының қатысуымен митинг және ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, сондай-ақ қуғын сүргін құрбандарына құран түсіріліп, ас берілді. Аталған шараларға Астана, Алматы қалаларынан жоғары мәртебелі қонақтар қатысты. 

Ағымдағы жылғы 15 маусым күні Полковничий аралында «Сабантой -2014» татар ұлттық мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. 

Сонымен қатар маусым айының 20-21 күндері Жарма ауданында өткен Ер-Жәнібек батырдың 300-жылдық мерейтойына, 22-23 маусым күндері Зайсан қаласында Шығыс Қазақстан облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген халықтық спорт ойындары аясында ұйымдастырылған мерекелік шараларда киіз үйлер тігіліп, ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау қаламыздың белгілі өнер  ұжымдары мен жеке орындаушылары өнер көрсетті. Астана күніне орай Семей қаласында «Қымызмұрындық» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Сондай-ақ, елорданың мерейлі мерекесіне арналған іс-шара аясында көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің «Жылқы жылындағы жүздесу» атты шығармашылық кеші өтті.

Ақынмен бірге бірқатар өнер иелері, ақындар келді. Олардың қатарында күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Секен Тұрысбеков, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбаев, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Темірхан Медетбек және тағы басқалар болды. Шара барысында халықтық ақындар орталығының шәкірттері Ұлықбек Есдәулеттің шығармаларын оқып, Астанаға арналған жыр шашуын тарту етті. Қалалықтар мен қала қонақтарына қымыздан дәм тату ұсынылды. «Қымызмұрындық» тойы ары қарай қалалық Мәдениет сарайы әртістерінің, өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік іс-шаралар аясында кешкісін Орталық алаңда «Әнем сенсін – Астана» атты «Еураз-Шоу» ән-би театры және қалалық Мәдениет сарайының белгілі өнерпаздарының мерекелік концерті өткізіліп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жазғы уақытта 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін қала тұрғындары мен қала қонақтарының жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында қаланың 3 ықшам аудандарында: М. Әуезов алаңында, Орталық демалыс саябағы мен тері былғары зауытының алаңында әр сенбі, жексенбі күндері қала және ауылдық мәдениет ошақтарындағы шығармашылық өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары халыққа ұсынылуда.

Сондай-ақ, бөлімнің ұйымдастыруымен белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерін ұлықтау шаралары көптеп өткізілді. Айта кететін болсақ, абайтанушы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төкен Ибрагимовтың 75 жылдығына, ақын, жазушы Мэлс Қоқымбаевтың 75 жылдығына арналған мерейтойлық кештер, белгілі әнші, композитор Т.Рахимовтың «Сәби болғым келеді» атты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Б.Үдербаеваның, әнші Н. Иманбаевтың,  шығармашылық кештері өткізілді. 

2014 жылы 29 тамызда «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына 25 жыл толуына байланысты халықаралық форум өткізілді. 

12 қыркүйекте мәдениет және өнер қызметкерлерінің арасында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тәжірибе алмасу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ғылыми-интелектуалдық деңгейін көтеру мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қайнар ауылында мәдениет мекемелері арасында өткізілген «Ауыл мәдениеті-ұлттық идея тынысы» атты ғылыми танымдық семинарға  мәдениет Сарайының қызметкерлері қатысты. 

Абай атындағы театрдың 80 жылдығына орай, Семей қаласында 16-18 қыркүйек аралығында 2-ші облыстық «Халық театрлары» фестивалі өтті. 

Мәдени – көпшілік шаралар мен қоса, мәдениет мекемелерінің  жүйесін кеңейту және дамыту бағытында да жұмыс атқарылды. 2 мәдениет ошағы ашылды, бірнеше мәдениет мекемесі қажетті негізгі құралдармен қамтамасыз етіліп, ағымдағы жөндеуден өткізілді. Атап айтатын болсақ, қаламыздың Жоламан және Шығыс кенттерінде  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана – филиалдары ашылды, қалалық Мәдениет сарайы ғимаратында ағымдағы жөндеу жүргізілді, Цемент кентіндегі кітапхана-филиалының ағымдағы жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, жалғастырылуда. 

Қала кітапханалары – білімнің, мәдениеттің, ақпараттың қайнар көзі  болып табылады. Бүгінгі күні бөлімге қарасты 15 кітапхана қала және ауыл аймақтарда халыққа қызмет көрсетуде. Кітапханалардың жалпы қоры - 1 594 620 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 163232, электрондық басылымдар  – 23000 дана. 2014 жылғы 1 тамызға кітапханалар қорына – 14908 дана кітап түскен, кітап берілімі мониторингісінің көрсеткіші бойынша кітап берілімі – 1219041 құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 6738 данаға өсті.

Статистика көрсеткіштері бойынша қала мұражайларының қорларында  155 465 экспонат сақталған. Оның 1647-сі сандық форматқа көшірілген. Ол мұражайлар қорының 1,1% құрайды. Мұражайлардың экспозиция залдарында негізгі қордың 10,3% орын алған.

Ел өмірінің айнасына айналған қала театрлары күннен күнге дамып, бір қатар жетістіктерге қол жеткізді. Алыс-жақын шетелдерде өнер көрсетіп, ұлттық театр өнерін дамытуға зор үлес қосып жүрген жайы бар. 2014 жылдың 9 айында қала театрларында 204 спектакль қойылды, 55036 көрермен қамтылды.

Қаламызда ғана емес шет елдерде де қазақ музыка өнері мен мәдениетін паш етіп  жүрген Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның да қала мәдениетінің дамуына қосқан үлестері зор. 2014 жылдың 1 тамызына өткізілген концерттер саны 62 болса, оның ішіндегі  гастрольдік концерттер саны 36 құрады. Соның ішінде Ресей Федерациясы, Жапон, Қытай Халық Республикасына шетелдік гастрольдік сапарларын ерекше атап өтуге болады.

Қалалық Мәдениет сарайы халық шығармашылығы  орталығы  болып табылады. Онда 40 шығармашылық ұжымдар мен үйірмелер қызмет атқарады, соның ішінде Халықтық атағы бар 22 көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс жасайды. 2014 жылдың 1 қазанына барлығы – 546 іс-шара өткізілді, қамтылған адам саны – 319572.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл басынан бері 158 түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде, мерекелік концерттер, фестиваль, акциялар, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, қарттарға арналған би кештері, спорттық сайыстар өткізіліп, 48176 адам қамтылды. Мәдени-демалыс қызметімен қатар саябақ аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 

Бүгінгі күні ауыл аймақтарда бөлімге қарасты 19 мәдениет ошағы жұмыс атқарады, оның ішінде 1 Мәдениет үйі, 13 клуб мекемесі, 5 кітапхана бар. Аталған мекемелермен жылдың алғашқы күндерінен бастап-ақ ауыл мәдениетінің өсіп-өркендеуіне, халықтың рухани жетілуіне үлкен ізденіспен, тың жаңашылдықпен қызметтер көрсетілді. Осыған байланысты, ауыл мәдениеттін жетілждіру  бағытында кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

Өңдеу күні: 22-05-2015