Акимат » 2017 жылдың 1шілдесіне қала бюджетінің орындалуы туралы

2017 жылдың 1шілдесіне қала бюджетінің орындалуы туралы

Қала бюджетінің орындалуы туралы
 
2017 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетіне 15 014,1 млн. теңге келіп түсті, оның ішінде меншік кіріс көздері бойынша  8 723,0 млн. теңге.
Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен трансферттер түрінде 6 137,9 млн. теңге оның ішінде Ұлттық қордан 709,2 млн.теңге, республикалық бюджеттен 465,7 млн. теңге, облыстық 1 324,3 млн. теңге, субвенция 3 638,7 млн. теңге  бөлінді.
Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 15 166,6 млн. теңге игеріліп, оның ішінде білім саласының шығындары 6 913,6 млн. теңгені, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 847,8 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындары 476,2 млн. теңгені құрады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға бюджеттен 16,9 млн. теңге жұмсалып, тұрғын үй көмегіне 37,1 млн. теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекке 32,3 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 9,7 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға 12,0 млн. теңге жұмсалды. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 267,4 млн.теңге жұмсалды. 
Білім саласындағы тапсырмаларды орындауға 6 913,6 млн. теңге пайдаланылды. Оның ішінде жалпы білім беру шығыстары бойынша 5 177,0   млн. теңге сомасына 67 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруге 552,3 млн. теңге, кәсіби білім беруді ұйымдастыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру аясында 656,2 млн. теңге бағытталды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын қамтамасыз етуге және оны дамытуға, көліктік инфрақұрылымға және құрылысқа 4 121,8 млн. теңге қаражат шығындалды.
 
Білім және әлеуметтік көмек пен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік қаражаттың пайдалануы туралы ақпарат
 
2017 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінен білім саласы бойынша шығындар 6913,6 млн.теңгеде (білім бөлімі аппаратын ескермегенде) бағытталды. 
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге 552,3 млн. теңге жұмсалып, оның есебінен мектепке дейінгі 12 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді. 
Бұдан басқа халықтың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге сұраныстың ұлғаюына  байланысты «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 656,2 млн. теңге сомасына мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
Жалпы білім беру шығындарына 5177,0 млн. теңге сомасына 68 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді. 
Көпбалалы және жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасылардың балаларына материальдық көмек көрсету үшін көмек көрсетуге жалпыға бірдей мiндеттi орта бiлiм қорының есебінен ыстық тамақты ұйымдастыруға, киіммен қамтамасыз етуге және басқада шығындарға 151,6 млн. теңге жұмсалды.
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алған Қазақстан азаматтарына біржолғы ақшалай қаражаты төлеуге 342,3 мың теңге бағытталды.
Жетім және ата ананың қамқорынсыз қалған балаларды бағып-қағуға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 40,3 млн. теңгені құрады.
Қосымша білім беретін мектептен тыс 11 мекеменің қызметін қамтамасыз етуге шығындар 376,9 млн. теңгені құрады.
Мемлекеттік тапсырыс орналастыру аясында 3 мамандандырылған-техникалық мекемеде мамандандырылған білім беруді ұйымдастыруға 79,5 млн. теңге бағытталды.
Мектептегі олимпиадаларды, мектептен тыс шараларды және конкурстарды өткізу үшін 5,7 млн.теңге қаражат бөлінді.
Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға 6,7 млн. теңге бағытталды. 
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарына 18,7 млн.теңге жұмсалған.
Қала бюджетінде 2017 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 816,5 млн. теңге қарастырылып, 790,1 млн.теңге шығындалды (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аппаратын ұстау шығындарын есепке алмағанда).
Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған 4 мекеменің жұмысын қамтамасыз етуге  274,0 млн.теңге бағытталды, оның ішінде белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы,  зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы,  халықты жұмыспен қамту орталығы.  
Маңызды басымдылықтардың бірі болып халықты жұмыспен қамтуды қолдау болып табылады. Бұл мақсаттарға есептік кезеңде 73,6 млн. теңге шығындалды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 18,5 млн.теңге, қоғамдық жұмыстарға 34,1 млн. теңге. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 21 млн. теңге бағытталды.
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға 11,1 мың.теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне 9,7 млн. теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 37,1 млн.теңге шығындалды. 
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 267,4 млн.теңге шығындалды.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 32,3 млн. теңге және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 12,0 млн теңге бағытталды.
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 1,6 млн. теңге шығындалды.
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз  етуге 59,5 млн. теңге бағытталды.
Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 16,8 млн. теңге шығындалды.Мүгедектер өмірінің сапасын арттыруға және құқықтарын қамтамасыз етудегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыруға 6,0 млн.теңге шығындалды.
 

2016 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2015 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2014 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2013 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2012 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

 

2011 жылға қала бюджетінің орындалуы туралы

Өңдеу күні: 08-08-2017