Акимат » Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету,  сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылуда.
Бірыңғай бағдарламаның іске асуынан бастап Семей қаласы бойынша 209 жобға қолдау көрсетілді, оның ішінде сомасы 18,6 млрд. теңгеге 173 жоба субсидияландырылды және 0,5 млрд. теңгеге 36 жобаға кепілдік берілді, соның ішінде 2016 жылы 60 жоба іске асырылды, ол 2015 жылдың (47 жоба) тиісті кезеңіне 27,6% өсті, оның ішінде 49 жоба субсидияландырылды және 137,9 млн.теңгеге 11 кепілдік берілді. 2016 жылы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорындарда 282 жұмыс орындары ашылды.
Жобалар (209) экономиканың әр түрлі салаларында іске асырылды: өңдеуші өнеркәсібінде - 85, тұру және тамақтану бойынша қызметінде - 13, көлік және қоймалау саласында - 52, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде - 18, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында - 15, білім саласында – 14, қалдықтарды өңдеу және жоюда – 2, көңіл көтеру және демалыс – 2, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 2, саудада – 5, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 1.
Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне (бұдан әрі-АҮК) жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгені құрайтын 67 жоба қарастыру үшін жолданды, оның ішінде 60 іске асырылуда, 7 жоба екінші деңгейлі банктерде қол қою үстінде. 
Бағдарламаның жүзеге асуынын бастап жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу бойынша сомасы 103,0 млн. теңгеге 4 жоба іске асырылды. 
Қазіргі уақытты «Суарылатын жер телімдеріне суармалы судың берілуі» жобасы аясында суарылатын жерлерге дейін су құбырын тарту үшін мемлекеттік қолдау алу үшін қажетті құжаттар пакеті дайындалды. Толық құжаттар тізімі «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы басқармасы» ММ жолданды.
Қаржылық емес қолдау Біріңғай бағдарламасының төртінші бағыты аясында "Бизнес-Кеңесші", "Бизнес-кеңесші-2", "ШОБ топ-менеджментін Оқыту" АҚ базасында "Назарбаев Университеті", "Іскерлік байланыстар", "Жас кәсіпкер мектебі", "Аға сеньорлар" жобалары бойынша оқу өткізіледі. Барлығы оқудан 1394 адам өтті, оның ішінде 2016 жылы - 242. 
Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру және оларды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 13 мақала жарық көріп, қала әкімінің ресми сайтында және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында 56 ақпараттық материал орналастырылып, қалалық және республикалық телеарналардан 16 сюжет көрсетілді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдерімен бірлесіп 71 кеңес және кездесулер өткізді.
Мемлекеттік Бағдарламаны түсіндіру мақсатында, 6 көшпелі семинар-кеңес, оның ішінде 4-і ауылдық округтерде (Мұқыр ауылы, Ертіс а/о, Шүлбі кенті, Озерки а/о), «Северный» сауда-логистикалық орталығында және «СМОКК» базарында өткізіліп, оған 230-ден аса кәсіпкер қатысты.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жыл сайын көшпелі пресс-турлар өткізіліп тұрады, онда Бағдарлама аясында жобалар іске асырылып, барысы облыс және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында және телеарналарында («Қазақстан-Өскемен» МТРК» АҚ, «Қазақстан-Семей» МТРК» АҚ, ТВК-6, «Спектр», «Наше Дело», «Семей таңы», «Рудный Алтай» газеттері) жарықтандырылады.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 13,0 мыңнан астам кеңестік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 2016 жылы 3,0 мыңнан астам.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп осы бағдарламаға кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
 
 
Кәсіпкерлік бөлімі
Өңдеу күні: 16-01-2017