Акимат » 114 «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ»

114 «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ»

Қауырт желі азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналады.
Хабарласыңыздар, егер:
- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;
- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;
- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жобалар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың немесе діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге қатысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен, көмегін қажет ететін болса.
Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңзыға жауап береміз және көмек көрсетеміз!
Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар жұмыс атқарады. Кеңес беру тәулік бойы және дербес жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.
 
 

Өңдеу күні: 25-03-2016