Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жер қатынастары 2015 жылдың 1 қаңтарына

«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткішін орындалуы Семей қаласының аумақтық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Осы бағдарлама бойынша бөлімнің стратегиялық мақсаты ауылшаруашылық айналымда егістік жердің көлемін  ұлғайту. 2014 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы жерде егістік ауданы 10,5 мың гектарға егіліп, алға қойлған мақсат орындалды.
«Қазақстан -2050» стратегиясын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс - шара жоспары аясында Семей қаласының іс- шара жоспары жасалған сол бойынша жұмыстар атқарылуда. «Қазақстан -2050» стратегиясында атап айтылғандай  халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызыметтер облыс және қала әкімі сайтына орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер туралы статистикалық есеп ақпараттар технологиясы бөліміне жолданып отырады. Сол бойынша атқарылған мемлекеттік органның жұмысы бағаланады.
Бөлім 2014 жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер жөніндегі» тақырыпта жиналыстар, мемлекеттік органдардың арасындағы қарым қатынас тақрыбына «дөңгелек столдар» өткізіліп отырады. Ұлт көсемі Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» жолдауы негізінде Президент Аппаратының тапсырмасы бойынша Семей өңірі халықтарының арасында ақпараттық насихаттау тобымен жұмыс өткізу жоспарлануда.
2014 жылдағы жағдайына жер жөніндегі сұрақтар бойынша  3028 хат заңды тұлғалардан, 2760 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті. Жер комиссиясының 32 отырысы өткізіліп , онда  3997 сұрақ қаралды. 1618 қала әкімдігінің қаулысы әзірленіп 904 жалға беру және  596   сату- сатып алу шарттары жасалды.
Семей қаласының аумағы 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайында 2780,7 мың га оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданы 976,7 мың га, ол 35 % құрайды, оның ішінде 10,9 мың га егістік жер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер аудаданынан 1,2 % құрайды және 10,2 мың га жыртылған жерлер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер аудаданынан 0,9 % құрайды.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу қортындысы бойынша 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №1257 қала әкімдігі қаулысымен суарылмайтын тыңайған жерлер 8031 гектар жайылымдық пен шабындық түрлеріне ауыстырылды.   Суармалы жерлер 5102,5 гектар 2014 жылғы  27 маусымдағы № 170 Облыстық  әкімдік қаулысымен алқаптың суарылмайтын басқа түрлеріне ауыстырылды. Осы жұмыстар нәтижесінде Семей қаласы бойынша тыңайған жерлер барлығы   ауданы 13133,7 га азайып 9,9 мың га құрады.
Қазіргі уақытта алаңы 25,3 мың га құрайтын 29 жер учаскесі белгіленіп, соның ішінде 7,8 мың га егістік жерлері мемлекеттік жер қорына түсті деп танылды.
Алаңы 27,5 мың га құрайтын 48 жер учаскесі, соның ішінде 2,3 мың га егістік жерлеріне сәйкестендіру  құжаттары болмауынан және де әділет басқармаснда құқықтары тіркелмегендіктен 2014 жылғы 5 шілдедегі № 935,  2014 жылғы 29 тамыздағы  № 1343, 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 1429,  2014 жылғы 10 қазандағы   № 1563 және 2014 жылғы 24 желтоқсандығы № 2108 жер телімдерін беру қаулыларының күші жойылған.
Алаңы 0,3 мың га құрайтын 1 жер учаскесіне (к/х «Бірлестік» Приречный ауылдық округі) құқығы жалға алу уақытының аяқталуына байланысты тоқтатылды.
Түгендеу кезеңінде 76 жер учаскесінде 42,2 мың га алаңын құрайды,соның ішінде 12,9 мың га егістік жерлерін пайдалануға кірісті. 
Мемлекеттік жер қорына түскен ауыл шаруашылқ мақсатындағы жер учаскелері конкурс бойынша берілуге әзірленді. 2012 жылғы ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу аяқталды.
2015 жылы жылпы алаңы 27 932,53 га құрайтын иесіз мүлік есебіне 29 ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесі алынды. Барлық жер учаскелері мемлекет иелігіне қала әкімдігінің қаулысы негізінде қайтарылды. 
2016 жылы  ауыл шаруашылық  мақсатында пайдаланатын жерлер конкурс арқылы жалпы ауданы 59,797 мың га болатын 54 жер телімі шаруа қожалықтарын жүргізу үшін  берілуі болжанып отыр.
Агроқұрылымдар жер телімдеріне 1246 паспорт әзірленген.
2015 жылдың 1 қарашасына жалпы алаңы 1 373,5 мың  га босалқы жер тіркелген, оның 398,3 мың  га арнаулы жер қоры. Қаланың бағбандық үшін берілген жерлеріне түгендеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жер учаскелері жартылай мемлекеттік жер қорына аударылып, азаматтарға берілуде. 
Бірыңғай сәйкестендіру құжаттармен  жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %  оның ішінде  шаруа қожалықтары  99%, субъектілер    100 % қамтамасыз етілген.
Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға кезек бар, ағымдағы жылда кезекте 8417 азамат тұр оның ішінде 2014 жылы   тұрғаны - 543. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр. Бүл сұрақ «Нұрлы жол» Президенттің 2015 жылға жолдауы бойынша шешілетін болады. 2015 жылы жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін осы бағытта қала әкімдігінің қаулысына және азаматтардың өтініштеріне сәйкес жалпы алаңы 14,3856 га құрайтын 144 жер учаскесі берілді, алайда 2007 жылы бас жоспардың бекітілмеуіне байланысты рәсімдеуі тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi және пайдалануға берілмеген жер телімдері және сол жер телімдерін жалдау құқығы сауда-саттықтар (конкурстар, аукциондар) арқылы беріледі. 
Жер телімдерін сату бойынша және жер телімдерін сату құқығы бойынша  2015 жылдың ағымында аукцион өтіп, жалпы бағасы 45 280, 382 мың теңгені құрайтын 29 жер телімі сатылды сонымен бірге батапқы бағасы 22 127,631 мың теңге. Және тағы бір аукцион өткізілуі жоспарланып отыр. 32 учскенің жерге орналастыру жобаларын дайындау үшін тендер откзіліп, нәтижесінде «Атамекен» ЖШС-і тендерді ұтты.
2015 жылдың 31 желтоқсанына түсімдер: 
303101 КБК – 199 831,7 мың  теңгеге жалпы алаңы 25,39 га құрайтын 403 жер учаскелері жоспардың 97 % құрайды, 2014 жылдан ауытқуы 202 574,1 және өсу қарқыны 98,6 %. 
303202 КБК – 53 272,0 мың  теңгеге жалпы алаңы 18,05 га құрайтын 53 жер учаскелері жоспардың 140,8 % құрайды, 2014 жылдан ауытқуы 16 038,9 және өсу қарқыны 332,1 %.
105315 КБК жер учаскелерін жалға алу  – жалпы алаңы 506,21 га құрайтын 1196 жер учаскелері берілді, жалға алудан төленетін түсімдер 132 948,9 мың теңге  жоспардың 104,7 % құрайды, 2014 жылдан ауытқуы 118 672,4  және өсу қарқыны 112 %.
 
2015 жылдың 31 желтоқсанына  дейін бюджетке 376 454,0 мың теңге түскен, сонымен жоспардың 103,9%-ға  яғни 371 058 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар  бөліммен  орталық базарға жақын орналасқан Аймаутова, Чехова, Шугаева, Найманбаева көшелері бойынша жұмыстар жүргізіліп нысаналы мақсатында пайдаланбайтын жер учаскелері анықталды. Жеке тұрғын үй нысаналы мақсатынан коммерциалық нысаналы мақсатына өзгерту үшін 50-ден артық хабарландыру хаттары жіберіліп, қалалық бюджетке 20 млн. астам түсімдер болжануда, соның ішінде қазіргі уақытта 10 млн. астам теңгеге нысаналы мақсатын өзгертуге әкімшілік қаулылары дайындалып, сатып алу-сату шарты жасалды. 
Бөлім жер телімдерін сатып алу-сату, жер телімдерін жалдау және жер телімдерін уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың шарттарының орындалуын қадағалау функцияларын атқарады.
Жер телімдерін сатып алу және жер телімдерін пайдалану бойынша уақытында төленбеген төлемдерді өндіріп алу бойынша  жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Қарыздарды төлеу қажеттілігі туралы ескертулер жолданады, одан кейін сотқа төлемдер бойынша қарыздарды өндіріп алу талап-арыздары беріледі.
Жер қатынастарын реттеу жер қатынастары бөлімі әрекетінің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан, жер телімдеріне құқықты ресімдеу және басқа да жерге қатысты мәселелерді шешу кезінде бөлім азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау үшін барлық шараларды қолданады.
Дербес инвестициялау есебіне көп этажды үйлер салынуда, жалпы алаңы 5,2579 га құрайтын жеке мншіктегі жер учаскелері жәнеде кейбір жер учаскелері нысаналы мақсаты өзгергеннен кейін 35 848,369 теңгеге сатып алынды.
Жер телімдерінің бағалық құны  ауданы мен санына байланысты. Бағалық құнын  2014 жылдың   2013 жылмен салыстырғанда  жер телімдерін мемлекеттік сату 104 %, құқығын сату 105 %, жалға беру 122 %  құрайды, тұтас алғанда бағалық құны  107 %  құрайды.
Қаланың шекарасын бас жоспар бойынша нақтылау  бойынша 2013 жылдың бюджетінен 11,5 млн. теңге бөлінді, жұмыс жүргізілді. Шешім жобасы маслихатпен бекіту үшін жұмыстар атқарылуда.
Елді мекен жерлерінде жер телімдерін мемлекеттік сату кезіндегі базалық ставканы анықтау үшін 2014 жылы қалалық бюджеттен қаражат бөлу үшін жоспарға 8975,0 мың теңге енгізілді. Базалық ставка  маслихат шешімімен бекіту үшін  шешім жобасы маслихатқа жолданды. 
2014 жылға қойылған   болжам - жоспар 332480,0  мың теңгені құрады, 2014 жылдың  31 желтоқсанда  бюджетке 336858,0 мың теңге түсіп, ол  101 % орындалды.
Жер учаскелерін аукцион арқылы  беру үшін  жер учакелері тізімі маслихатпен бекітіліп, жер учаскесілерінің жобаларын жасатуға тендр өткізілді. 2014 жылы 22 қазанда жер телімін мемлекетпен сатуды және жер теліміне құқығын сатудын бірінші аукционы өткізілді. 5 жер учаскесі 14 422 546 теңгеге сатылып, бюджетке түсті. 2014 жылы 19 қарашада екінші аукцион өткізіліп, 8 жер учаскесінен 2 жер учаскесі 3 328 758 теңгеге сатылды бюджетке түсті. Үшінші аукцион 2014 жылы 12 желтоқсанда өткізіліп, құжаттар дайындалуда.
Жер қатынастары  бөлімі жұмысының ең маңызды бір бөлігі жер қатынастарын реттеу.  Жер телімдерін  меншікке немесе пайдалануға берген кезде қабылданатын құқықты актілер, басқада жер жөніндегі сұрақтарды шешкен кезде жер заңнамалары бойынша азаматтар мен кәсіпорындардың заңды құқығының сақталуы тұрақты қадағаланып отырады. 
 
Жер қатынастары бөлімі
 
 

 
 
Семей қаласындағы жер қатынастары 2014 жыл
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 07-04-2016