Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2016 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2016 жылдың 1 қаңтарына

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында Семей қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жеке құрылыс компаниялары да бар. 
2015 жылы Семей қаласында 10 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланып, жүзеге асырылды. Оның ішінде 3 үй – «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ, «Ертіс» ӘКК, «ҚИК» АҚ бағыттары бойынша және 7 үй жеке инвесторлардың қаржыландыруымен бой көтерді. 
Осы бағытта Қарағайлы шағынауданында  (Энергетик кенті ауданы) перспективті құрылыс жоспарланған. Қазіргі таңда егжей-тегжейлі жоспар жасалып, бекітілді. Ауданды 2020 жылға дейін дамыту жоспары жасалған. Қарағайлы ауданы Павлодар қаласына шыға беріс жолда орналасқандықтан 9-12 қабатты үйлер құрылысы жоспарланған. Аталған шағын ауданда болашақта 21 800 тұрғыны бар  541,7 мың кв.м тұрғын үй қоры құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысын инженерлік-коммуникациямен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді. Қазірде 4,3 га жер телімін бөлу мәселесі шешілген. 
Білім саласы бойынша маңызды жобалардың бірі «720 оқушыға арналған физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебі» 120 орынға арналған жатын корпусымен бірге құрылысы жүруде.  
Сонымен қатар, 1000 орынға арналған «Семей медицина университетіне арналған жатақхана» құрылысы да жүргізілуде. 
2009 жылдан бастап Семей қаласында орталық жылумен камтамасыз  ету тармақтарында сақталған жұмыс  істеп тұрған қазандықтардың және ЖЭО-ның қуаттарын жаңғырту, жылу желілерін қалпына келтіру ЖЭО-1-ді кеңейту және қалпына  келтіру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ұзақмерзімді құрылыс болып табылады. Құрылыс 2016 ж аяқталуы жоспарланған. 
Сонымен қатар, Холондый ключ және Ақсай (РСУ-1 ауданы) электрмен қамтамасыз ету бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда.   
 
Құрылыс бөлімі 
 
 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2007 жыл

Өңдеу күні: 13-04-2016