Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл

Семей өңіріндегі мәдениет саласының жұмысы кейінгі жылдары тұрақты оң нәтижелі үрдіс көрсетіп отыр, бұл өз кезегінде тек қана қаржыландыру деңгейінің өсуімен емес, сонымен қатар мәдени қызметтердің сапа деңгейінің өсуімен сипатталады. 2015 жылы Семей өңіріндегі мәдениет саласының қаржыландырылуы 2 есеге өсті, мәдени-көпшілік іс-шаралар және қамтылған көрермендер саны 12,5% өсті.
2015 жылы мәдени шаралар көбінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңының қабылданғанына 20, Ұлы Жеңіске 70, Қазақ хандығының құрылғанына 550 және Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдыңына арналған мерейлі күндер аясында өткізілді. Соның ішінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай  – 134, ҚР Конституциясының 20 жылдығына – 54, Ұлы жеңістің 70 жылдығы – 76, Қазақ хандығының 550 жылдығына – 71, Абайдың 170 жылдығына – 147 шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған мерейтойлар аясында ұйымдастырылған «БАБАЛАР ЖОЛЫ –ДАНАЛАР ЖОЛЫ» тақырыбындағы қалалық көркемөнерпаздар байқауына 108 шығармашылық ұжым қатысып, 12407 өнепаз жұмылдырылды.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Абай мұражайының 75, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайынын 30, Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония 70 жылдығына  арналған мерейлі іс-шаралар кең көлемде аталып  өтті. 
Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония 70 жылдық мерейтойы аясында өнер ұжымы музыка әлеміндегі танымал дирижерлердің басын қосып, елімізде ең алғашқы рет «Түркі мұрасы» дирижерлер фестивалін өткізді. Фестивалге қатысуға көрші Ресей елінің Алтай Республикалық мемлекеттік оркестр дирижері Владимир Кончев, Қытай Халық Республикасының І-ші дәрежелі композиторы, дирижер Смағұл Бөденбайұлы, Моңғолия елінің мәдениет саласындағы тәжрибелі аға қызметкер Мұрат Қапезұлы қатысты. 
Мәдени шаралармен қатар 2015 жылы бірқатар мәдениет орындары жөндеуден өтті, қазіргі заманның жабдықтарымен толықтырылды, өнер ұжымдары халықаралық, республикалық сайыстарға қатысып, женімпаз атанды. Семей қаласының Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Кербез» фольклорлық ансамблі Франция елінде өткен әлем елдерінің «Мәдениет және Дәстүр» атты Халықаралық фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Абай атындағы театр қазақ хандығына 550 жыл толуына орай Өскемен қаласында ұйымдастырылған республикалық театр фестивалінде «Керей хан – Хан Жәнібек» спектаклімен бас жүлдені иеленді. 27-30 қазан кұндері Атырау қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне Семейдің Абай атындағы қазақ музыка драма театры  Р.Отарбайдың «Мұстафа Шокай» спектаклімен 3 орынға ие болды  
Қала кітапханаларында жастарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Аталған кезен бойынша іс-шаралар саны 568 болса, оның  189 көрме, 62 дәрістер, 317 кештер, ақпараттық сағаттар, дөнгелек үстелдер, т.б. Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда кітап қорларының саны өсті. Өткен 2014 жылы 834 589 болса, 2015 жылы 836 415 данаға толықты. Оның ішінде мемлекеттік тілде өткен жылы 165 220 дана кітап болса, есептік жылы оның саны 166 314 құрап отыр. 
Қала театрларында 14 жаңа спектакль сахналанды, 8 мемлекеттік тілде, 6 орыс тілінде. 297 қойылым өтті, соның ішінде, мемлекеттік тілде 171, орыс тілінде 126 қойылым өткізіліп,  72800 көрермен қамтылды 
Концерттік мекемелермен 234 шығармашылық концерт өткізіліп, 79100 көрермен қамтамасыз етілді.  
Қала мұражайларында 208 көрме, 70 астам тақыпытық кештер мен өнер қайраткерлерімен кездесулер  ұйымдастырылып, 4572 экскурсия өткізілді. 
Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл бойы 132041 қамтыған 300 аса әртүроі іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. 
2015 жылы ауылдық клуб мекемелерінде 1205 іс-шара өткізіліп, 4 шығармашылық үйірме жаңадан ашылып, саны 221-ге жетті, қатысушылар саны 3812 болды. Соның ішінде Алғабас ауылдық клубында «Балауса» вокалдық үйірмесі, Қайнар ауылдық кітапханасының бастамасымен музыка мектебінде «Жас дәурен» музыка үйірмелерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады.
 
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
 
 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2011 жыл

 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл

Өңдеу күні: 21-07-2016