Акимат » Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарына

2015 жыл- Қазақстан Халқы Ассамблеясының – 20 жылдық, Қазақстан Республикасы Конституциясының – 20 жылдық, Ұлы Жеңістің – 70 жылдық, Қазақ Хандығының – 550 жылдық, Абай Құнанбайұлының -170 жылдық мерейтойы сияқты мерекелерге толы жыл. 
Қала бойынша бұл атаулы   күндерді мерекелеуге арналған шаралар жоспарланып, өткізілуде. Осыған орай, қоғамдық ұйымдар  қала өмірінің белсенді қатысушылары болып табылатындығын атап өткен орынды. 
Жыл басында үкіметтік емес ұйымдардың Форумы өткізіліп, форум барысында 2015 жылғы арналған мақсаттар айқындалып, үкіметтік емес сектордың мемлекеттік органдармен алдағы уақыттағы әлеуметтік әріптестігі жөнінде ұсыныстар қабылданды. 
Қазақстан Халқы Ассамблеясы Жылының басталуына арналған салтанатты мереке жоғары деңгейде аталып өтті, бұл акцияның негізгі бастамашылары- қаладағы этно- мәдени орталықтар болды.
Бұл  бірлестіктер Рождество, Масленица, Наурыз мейрамы сияқты түрлі деңгейдегі мерекелік шараларды ұйымдастырады. 
Ауғаныстаннан оралмаған жерлестерімізге  арналған жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін акция интернационал жауынгерлер мен Ұлы Отан Соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің  бастамасымен өткізілді.
Денсаулық сақтау саласындағы сұрақтарды талқылауға арналған Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысына ҮЕҰ қатыстырылды. Жиналыс барысында қаладағы емдеу-сауықтыру мекемелеріндегі халыққа  қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде  ұсыныстарменнақты тапсырмалар берілді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Семей-менің үйім» қоғамдық ұйымы шахматтан 3  күндік  турнир өткізді. Жарысқа ардагерлер қатысты. Турнирдің жеңімпаздарына арналған сыйлықтарды бизнес өкілдері тағайындады. 
«Ақылдастар алқасы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Жеңіс Күніне арналған мәдени шара ұйымдастырылды.  Жеңіс Саябағында «Ерлер даңқы ғасырлар бойы сөнбейді!» атты салтанатты жиын өткізіліп, Мәңгілік Алауға гүл шоқтары қойылып,  соғыс және еңбек ардагерлері, мектеп оқушылары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері салтанатты түрде сап түзеді.   
«Семей қаласының «Әмина» мұсылман әйелдері» қоғамдық ұйымы мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Астана күніне арналған мерекелік шаралардыдәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. 
Ағымдағы жылы этно-мәдени бірлестіктердің  шығармашылық ұжымдарының қатысуымен  қала халқына арналған мерекелік концерт, қолданбалы қолөнер көрмесі мен «Қымыз мұрындық» қымыз мекекесі ұйымдастырылды.
«Асыл» қоғамдық ұйымы дамуы  шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, оқытуды қажет ететін 18 жасқа дейінгі және ересектерді компьютерлік сауаттылыққа үйрету, балаларды қолданбалы қолөнерге үйрету мақсатында үйірмелер ұйымдастыруда. Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің қолдауымен бұл ұйым мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру клубын ашты. 
«Семей қаласындағы жергілікті соғыс  және Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық ұйымы биылғы  жылы  қаладағы Жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған акцияларға қатысты. Қазіргі уақытта ұйым мүшелері мектеп оқушылары арасында кіші футболдан турнир ұйымдастыруға дайындық үстінде. 
Семей аймағының ішкі істер органдарының ардагерлері оқу жылы басталған уақыттан бері жоғары сынып оқушыларымен  ішкі істер органдары ардагерлерінің, ішкі істер органдарының жас қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыруда.  
«Исток» қоғамдық ұйымы өлкетану мен экология жөнінде  сауаттылықты арттыруға арналған тренингтер мен семинарлар өткізуді жалғастыруда. Аталған ұйым жергілікті туризмді дамытуға араналған іс-шараларды белсенді жүзеге асырады.  
Бұл ұйым-қоғамдағы еріктілер қозғаласының дамуын арттыру бағытында жұмыстарын жалғастыруда. Жобаның басты мақсаты болып - әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға- мүмкіндігі шектеулі балаларға өмірлік қиындықтарды жеңіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруды жүзеге асыратын  Семей қаласындағы еріктілер жүйесін құру табылады. 
Бенефициарлардың дерекқоры құрылды (мүмкіндігі шектеулі балалардың). 
Ерікті  түрде қайырымдылық жасау идеясы жастар арасында табысты жүзеге асуда, сондықтан ерікті түрде қайырымдылық жасау қозғалысын студенттер арсында дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. 
Еріктілер жүйесі–Семей Мемлекеттік Медицина Университеті, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Қалматаев  атындағы медицина колледжі сияқты оқу мекемелерінің еріктілерін біріктірді. 
Әлеуметтік саладағы еріктілердің мақсатты аудиториясына әлеуметтік саладағы еріктілермен жұмыс жүргізудің әдістемесі бойынша (әлеуметтік мекемелердің, білім беру мекемелерінің мамандары, ҮЕҰ көшбасшылары) оқыту жұмыстары жүргізілді.
Еріктілер, яғни, болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық дамуына, тілдерді меңгерулеріне көмектесіп, мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарының ойындағы сенімсіздікті, үрей мен олқылықты жою мақсатында психологиялық тренингтер өткізеді. 
«Отбасы орталығы» қоғамдық ұйымы, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыра отырып, өз қызметі шеңберінде  Отбасы институтын дамытуды кеңейтуді жүзеге асырады. Жоба шеңберінде Орталықтың мамандары тұрмыстық, т.б. зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға тегін заң, медициналық, психологиялық  көмек көрсетеді. 
Жыл басынан бері дағдарыс орталығының көмегімен 80-нен астам отбасына психологиялық және медициналық сауықтыру көмектері көрсетілді.  
Отбасы орталығы- бизнес өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен әріптестік шеңберінде «Мектепке жол» акциясын бірлесіп өткізіп, нәтижесінде 200-ден аса   аз қамтылған отбасының балаларының мектепке дайындығына көмек көрсетілді. 
Орталық өткізетін Аула Күні дәстүрге айналды. Орталық ұйымдастыратын барлық шаралар ең алдымен отбасындағы татулық пен келісімді сақтауға, жалпы алғанда тұтастай қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға негізделген.    
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған жыл сайынғы «Бейбітшілік акциясына» қоғамдық ұйымдар белсенділі қатысты. Сегіз мыңнан астам қоғамдық ұйым өкілдері  «Өлімнен де күшті» мемориалдық кешенінде жиналып, Жапондық Ассоциацияның Қазақстанға сыйға тартқан  «Бейбітшілік Тасының»  ашылу салтанатына  қатысты.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 - жылдығына арналған шаралар: қала халқымен жиналыс, мерекелік концерт, үкіметтік емес ұйымдардың қатысумен көрмелер өткізілді. 
Қаладағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас,  міндетті түрде «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол», «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам», «Қазақстан 2050 Стратегиясы» сияқты мемлекеттік бағдарламаларға негізделеді. 
Қарттар күніне орай қоғамдық ұйымдар бірқатар шаралар өткізді. «Семей-менің үйім» ҚҰ шахматтан турнир, «Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы» ҚҰ С. Есенинді еске алу кешін, қалалық ардагерлер Кеңесі Президиумының отырысы, «Иртышаночка» вокалдық тобының қатысуымен зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының күндізгі бөліміндегі ардагерлерге арналған салтанатты шара, Қоғамдық кеңесің ұйымдастыруымен «Көгілдір от-шашу» мерекелері өткізілді. 
Жас семейліктерді «Жас Отан» қатарына қабылдау салтанатты түрде өтті. «Алтын Төрки бишәгә» ҚҰ дәстүрлі түрде өткізетін  «Иртыш Моңнары»  халықаралық фестивалінің гала-концерті жоғары деңгейде өтті. 
Знаменка ауылында БҰҰДБ жобасы бойынша «Сымтас» ҚҰ жүзеге асырған демалыс саябағының ашылу салтанаты болды. 
ШҚО мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Т. Жұмағұловтың үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар және қаланың этно-мәдени орталықтарының өкілдерімен өткізген кездесуінің маңызы зор болды.  
2015 жылы «Исток» балалар және жастар шығармашылығы» ҚҰ-ның 15 жылдық мерейтойы атап өтілді. 
С. Картоевтың Германияда жарық көрген «Казахстанский путь – за безъядерный мир» атты кітабының тұсаукесерін халық жақсы қабыл алды.  
«Атом» жобасын жүзеге асыру бойынша ҚР ДСӘБМ және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел өтті. 
«Жанұя орталығы» ҚҰ ЖТҚБ алдын-алу бойынша баспасөз конференциясын өткізді. 
«Чернобыль мүгедектерінің еріктілер ұйымы» ҚҰ Чернобыль мұражайында Шәкәрім атындағы СМУ студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
«Исток» ҚҰ белсенділері мен еріктілері «Күн әлемі» атты балалар мен жастардың жыл сайынғы фестивалін өткізді.
ЖТҚБ-ға қарсы бүкіләлемдік күрес күні қала жастары ЖТҚБ-ның алдын-алу бойынша акция өткізді.
Жыл сайын қаладағы ҮЕҰ халықтың әлеуметті аз қамтылған бөлігінің балаларына арнап, қайырымдылық таңертеңгіліктерін өткізеді. Іс-шаралар қаладағы жекелеген ауруханаларда да өткізілді. 
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауының маңызы зор болды.  Қоғамдық өмір өкілдері көшбасшылары аталған бағдарламалық құжаттың маңыздылығын түсіне отырып, ақпараттық-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. 
 
Ішкі саясат бөлімі
 
 
Өңдеу күні: 21-04-2016