Акимат » Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 2017 жылдың 1 шілдесіне

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 2017 жылдың 1 шілдесіне

Қазіргі таңда Семей қаласындакүделікті  жолаушылартасымалына 427 көлікшығады, оның 36 автобус,  15 шағын автобус.
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға 6 тасымалдаушы қатысады, олар – «Семавтопарк» ЖШС, «Азия Combi» ЖШС,  «Автомигди» ЖШС, «Таксомотрпаркі» ЖШС, «Семдотехника-2» ЖШС,«СемейКөлігі TRAST» ЖШС-гі. Бұлардың ішінде «Семавтопарк» ЖШС, «Азия Combi» ЖШС-тері үлкен және аса үлкен автобустар мен жолаушылар тасымалдауға маманданса, қалған 4 кәсіпорын: Автомигди» ЖШС, «Таксомотрпаркі» ЖШС, «Семдотехника-2» ЖШС,  «СемейКөлігі TRAST»ЖШС шағын автобустар және сыймдылығы шағын автобустармен жолаушы тасымалдайды.
Қазіргі таңда қалалық жолаушылар көлігін  диспечерлеудің бағдарламасы орнатылған және оның жұмысына қызмет көрсету үшін қала бюджетінен 4 700 000 теңге қаржы бөлінді, бұл бағдарлама арқылы  әрбір маршруттың қозғалыс кестесі мен сұлбасын сақтауына, тасымалдаушының іс-әрекетіне сағат сайын мониторинг жасауға мүмкіншілік береді.
2017 жылы қала бойынша қаржыландыру жоспарында жолдарды ағымдық, орташа және күрделі жөндеуге мөлшері 854 165,0 мың теңге ақша қаражатын бөлу көзделген.2016 жылы жолдарды жөндеуге 790128,6 мың теңге бөлінген болатын.
Биылғы жылғы сәуір айының екінше тоқсанында қала жолдарын және жергілікті маңызды жолдарды ағымдық жөндеу жөніндегі жұмыстар басталатын болады, оған қала бюджетінде мөлшері 200,0 млн теңге қаражат белгіленген.
Дальняя көшесінің жүргін бөлігін және жаяужолдарын күрделі жөндеуге 104 903,0 мың теңгеге жұмыстар жоспарланды. 
2017  жылы мына көшелерде қала жолдарының жүргін бөліктерін: Шәкәрім даңғылы (Абай көшесінен бастап Қабанбай батыр көшесіне дейін), Момышұлы көшесін (Шәйжүнісов көшесінен бастап Қабанбай батыр көшесіне дейін), Интернационал көшесін (Шмидт көшесінен бастап Чайковский көшесінің шеңберіне дейін), Шәйжүнісов көшесін (Шәкәрім даңғылынан бастап Интернационал көшесіне дейін), Жұмабаев көшесін (Абай көшесінен бастап Найманбаев көшесіне дейін), Абая көшесі (Аймаутов көшесінен Жумабаев көшесіне дейін), Шмидта көшесі (Шәкәрім даңғылынан. Интернационал көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстар жүргізілетін болады.
 
 
 
Өңдеу күні: 29-06-2017