Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2017 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2017 жылдың 1 сәуіріне

Биылғы жыл Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығы, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығы, Қазақтың суырып салма ақыны, әнші-композитор Әсет Найманбайұлының 150 жылдығы, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі сынды айтулы мерекелер жылы. Осыған байланысты жыл басынан бері мәдениет мекемелерінде жұмыс жоспары бекітіліп, іске асырылуда.
2017 жылдың 1 тоқсанында  қаламызда барлығы 479 мәдени  іс-шара өткізіліп, оған 142 825 адам қамтылды. 
Жыл басынан бері Жаңа жыл, «Рождество» мейрамдары, «Масленица» мерекесі, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, жыл басы «Наурыз» мейрамы кең көлемде аталып өтті. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің 100 жылдығына және белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлерінің мерейтойлық күндеріне арналған түрлі шаралар ұйымдастырылды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша мәдениет қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен талқылау өткізіліп, онда Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Н.С. Ғазизова  арнайы баяндама жасады.
Қаңтар айының бірінші онкүндігінде қалалық Мәдениет сарайында Халықтық атағы бар ұжымдарында ашық есік күні өткізілді. 
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған шаралар арасында ақындардың рухани шығармалары көпшілікке игі әсерін тигізуде. Осы мақсатта Семей қалалық Мәдениет сарайының үлгілі «Ой-сана» жазба ақындар орталығы біршама шараларға мұрындық болды. Сондай-ақ мәдениет мекемелері арасында оқу жаттығу өткізу үшін уақыт кестесі ұсынылды және мекемелерде оқу-жаттығу шаралары өткізілді. 
Барлық мәдениет мекемелерінде 2017 жылдың 3 айы бойынша жоспарға сәйкес лаңкестік пен діни экстремизм мәселелері бойынша  63 мәдени шаралар ұйымдастырылды. 
Қазақстандық эстрада жұлдыздары Қанат Үмбетов, Шахизада және «Арай», «Заман» топтарының  қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. 
8-ші атқыштар дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына арналған кеш         Семей қалалық Мәдениет сарайының базасында орналасқан Еңбек және даңқ мұражайында ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу мақсатындағы шарада Мәдениет сарайының Саяхат Тұрлыбеков, Руслан Тұрсынов сынды әншілері өнер көрсетті.
Қала кітапханаларында «Қазақстаным жайнай бер» атты суреттер сайысы, «Егеменді еліміздің көк туы желбіресін» атты дәріс, «Патриоттық тәрбие - тәрбие негізі» тақырыбында патриоттық сабақтар өткізілді. 
Қала музейлерінде жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Абай музейінде абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың туған күніне арналған «Экспонат тарихы» жобасында – Қайым Мұхамедхановтың хаттары» атты көрмесі ашылды, сонымен қатар ұлылар мекені болып табылатын  Шыңғыстау елінің тарихына арналған «Шырайлы Шыңғыстау» көрмесі ашылып, ай бойы 705 адам экспозицияны тамашалады. Тарихи-өлкетану музейнде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Әлихан және Алаш қаласы» атты семинар өткізіліп, ай бойы 4170 адамға экскурсия  ұйымдастырылды. Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Серебрянные  звуки» атты концерттік бағдарлама, «Ф.М Достоевский. Жизнь и творчество» атты дәріс өткізіліп, музей экспозициясына 50-ге жуық экскурсия ұйымдастырылды. 
Қалалық Достық үйінде қаңтар айында орыс әлеуметтік мәдени орталығының ұйымдастыруымен Рождество мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің қалалық Форумы өтті. Форумда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың ұсыныстары қарастырылды. Сондай-ақ қолөнер шеберлердің жұмыстарына баға беріліп, көрме талаптары түсіндірілді. 
Қалалық Достық үйінің «Казачий стан» казактардың мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Крещение Господне, Богоявление» шарасы өткізілді. Этномәдени бірлестіктің белсенділерімен қала тұрғындарымен бірге Затон ауданындағы дамбадағы мұз ойықта салт-жоралғылары ұйымдастырылды. 
Наурыз айында «Халықаралық театр күні» аталып өтті. Салтанатты шара аясында театр актерлері марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.  
Ауылдық клуб мекемелерінде жалпы 88 шара өткізіліп, 4194 адам қамтылды. Соның ішінде Приречный және Алғабас ауылдық клуб мекемелерінде Роза Бағланованың 95 жылдығына орай «Ән қанатында» атты аймақтық фестиваль өткізілді, Новобаженово клубында  жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Жас қанат» жастар ұйымы құрылды. 
Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және қорғау жұмыстары да жалғасын тапты. Ә.Бөкейхановтың ескерткішін орнатуға жер телімін белгілеу бойынша жұмыс жүргізіліп, құжаттары жер қатынастар бөліміне ұсынылды.
10 тарихи-мәдени  ескерткіш иелерімен қорғау міндеттемелері қайта жасалды. Соның ішінде, Медициналық университеті, Радиотехника және байланыс колледжі, «Бинар» қонақ үйі, өрт сөндіру мекемесі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Әлеуметтік төлемдер орталығы, Қазақ мемлекеттік инновацияық университеті, т.б.  
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2017 жылдың 1 тоқсанында жиыны 1050,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 800,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 300,0 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер, 500,0 мың теңгеге әдебиеттер алынды. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға 250,0 мың теңге бөлініп,  әдебиеттер қоры толықтырылды.  
Қала және қала аумағында тұратын ұлттар мен ұлыстардың және барлық салада қызмет етуші қызметкерлердің шығармашылық өнерін дамыту мақсатында «Мәңгілік ел қырандары» атты Семей қалалық көркемөнерпаздар байқауы өтуде. Биылғы байқау Алашорда үкіметінің 100 жылдығы, М. Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына арналған. Байқауға  әртүрлі саладан 109 мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар қатысуда. Байқау қорытындысы айдың соңында белгілі болады. 
 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2013 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2011 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл
Өңдеу күні: 19-04-2017