Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2017 жылдың 1 қазанына

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2017 жылдың 1 қазанына

2017 жылдың 9 айы бойынша барлығы  1454  мәдени  іс-шара өткізіліп, оларға  395 650 адам қамтылды.
Жыл басынан бері Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің 100, М.О. Әуезовтың 120, қазақтың суырып салма ақыны, әнші-композитор Әсет Найманбайұлының 150, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында үздік шығармашылық ұжымдардың өнер кештері, әдеби-практикалық конференциялар, концерттік бағдарламалар, көрмелер, байқаулар, кездесу кештер, акциялар жоспарланып, өткізілді. Соның ішінде, Алаш үкіметінің 100 жылдығы аясында қаламызда Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші орнатылып, салтанатты түрде ашылды, Абай атындағы театрда Алаш үкіметінің 100 жылдығы мен М.Әуезовтың 120 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция, қалалық Мәдениет сарайында «Семей – Алаштың астанасы» атты ақындар айтысы, қала кітапханаларында «Оку автобусы», «Семей шежіресі сыр шертеді...» атты акциялары өткізілді. 
Аталған мерейлі даталар аясында Қала күні мерекесі өткізілді. Ертіс жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында қалалық Мәдениет сарайының, жастар мен жасөспірімдер шығармашылығы Сарайының концерттік бағдарламасы, тауар өндіруші кәсіпорындардың, қол өнер шеберлерінің, авхивтік құжаттардың, әдебиет және басылымдардың тақырыптық көрмелері  ұсынылды.
Сонымен қатар, гарнизондық Офицерлер үйінің, «Көктем» сауда үйінің, педагогикалық колледж, «Северный» сауда-логистикалық орталығынын және Темір жол бекеті алаңдарында мерекелік және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. 
Орталық  мәдениет және демалыс саябағында отбасыларға арналған «Балалық шақтың қаласы»  мерекесі, балаларға арналған сабын көпіршігі және  асфальтқа сурет салу конкурсы  ұйымдастырылды. Арбатта кәсіби суретшілермен қатар әуесқой фотосуретшілердің «Семейліктер: портрет және суреттер» атты фотосуретшілер көрмесі ұйымдастырылды.
Қала күнін мерекелеудің жалғасы Орталық алаңда сағат 19.00 Ә. Қашаубаев атындағы филармониясы мен қалалық Мәдениет сарайының белгілі өнерпаздарының Гала-концерті, мерекелік отшашумен жалғасын тапты. 
Қала тұрғындарының рухани – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда жыл басынан бері қала театрларында Ульям Шекспирдің «Ричард III» атты спектаклі, Исраил Сапарбайдың «Қызыл алма», Тажи Гизаттың «Башмақ жоғалды» комедиялары, Элеонор Портердің «Полианнна. История одной девочки» және Айбек Сапышевтің «Керей хан – хан Жәнібек» атты спектакльдері қойылды. 
Сонымен қатар «Мемлекеттік қызметкерлер күніне» орай қалалық Мәдениет сарайында тұңғыш рет «Өнер және Парасат » атты өнер фестивалі өтті. Оған әр салада қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілер қатысып, өнер көрсетті. Сонымен қатар жастар үшін «Тек қана жұлдыздар» атты лауреаттар шеруі, облыстық «Шығыс шамшырақтары», дәстүрлі «Жас өрен», «Наурыз нақыштары» атты ақындар айтыстары өткізілді. 
«Хор Турецкого» өнер ұжымының концерті нағыз музыкалық кеш болды. Шілдеде қаламызда қаламызда келесідей іс-шаралар өтті: Астана күні, «Қымызмұрындық», халықаралық Раллиге қатысушыларды қарсы алу шарасы,                       «Бабалар сазы» этно тобының шығармашылық концерті, «Екі жұлдыз» конкурсы өткізілді. 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша мәдениет қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен талқылау өткізіліп, онда Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры        Н.С. Ғазизова  арнайы баяндама жасады.
Қаңтар айының бірінші онкүндігінде қалалық Мәдениет сарайында Халықтық атағы бар ұжымдарда  ашық есік күні өткізілді. Жаңа жыл меркесіне орай қарттар үйінде өткізілген «Қарттарым аман сау жүрші» атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Сияет сердце в Рождество» атты рождестволық мерекелік концерт ұйымдастырылды. 
Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қазақстаным жайнай бер» атты суреттер сайысы, «Егеменді еліміздің көк туы желбіресін» атты дәріс, «Патриоттық тәрбие - тәрбие негізі» тақырыбында патриоттық сабақтар өткізілді. 
Абай музейінде абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың туған күніне арналған «Экспонат тарихы» жобасында – Қайым Мұхамедхановтың хаттары» атты көрмесі ашылды, 20 қаңтар күні ұлылар мекені болып табылатын  Шыңғыстау елінің тарихына арналған «Шырайлы Шыңғыстау» көрмесін ай бойы 705 адам тамашалады.
Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай тарихи-өлкетану музейінде «Әлихан және Алаш қаласы» атты семинар өткізіліп, ай бойы 4170 адамға экскурсия  ұйымдастырылды. Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Серебрянные  звуки» атты концерттік бағдарлама, «Ф.М Достоевский. Жизнь и творчество» атты дәріс өткізіліп, музей экспозициясына 50 жуық экскурсия ұйымдастырылды. 
Қалалық Достық үйінде орыс әлеуметтік мәдени орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық орыс өнерінің фестивалі, сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің қалалық Форумы өтті. Іс-шара барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың ұсыныстары қаралып, қол өнер шеберлерінің бұйымдарына 
Ауылдық клуб мекемелерінде жалпы 413 шара өткізіліп 71212 адам қамтылды. Соның ішінде Приречный және Алғабас ауылдық клуб мекемелерінде Роза Бағланованың 95 жылдығына орай «Ән қанатында» атты аймақтық фестиваль өткізілді, Новобаженово клубында  жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Жас қанат» жастар ұйымы құрылды.  
Мұқыр ауылының  кітапхана қызметкерлерінің бастамасымен «Жасыл желекті Мұқыр» - атты жоба аясында тал егу рәсімі жасалды. 
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2017 жылы жергілікті бюджеттен жалпы 5745,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 3113,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 420,0 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер, 1000,0 мың теңгеге әдебиеттер, 563,0 мың теңгеге оргтехника алынды және 1114,0 мың теңгеге бейне-бақылау құралдары орнатылды. 
Қалалық Мәдениет сарайына 16493,0 мың. теңге бөлініп, оның  14349,0 мың теңгесі ғимарат шатырының ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалды, 1299,0 мың теңгесіне Ә.Қашаубаев ескерткіші жөнделді, 745,0 мың теңгеге бейне-бақылау құралы орнатылды, 300,0 мың теңгеге сахналық костюмдер тігілді және 100 мың теңгеге компьютер алынды. Орталық мәдениет және демалыс саябағында 918,0 мың теңгеге бейне-бақылау құралы орнатылып, мемлекеттік рәміздер ауыстырылды.  
Қалалық Достық үйіне 6306,0 мың теңге бөлініп, акт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жасалды, бейне-бақылау құралы орнатылды, мемлекеттік рәміздер ауыстырылды. 
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған және Мұқыр ауылының кітапханаларының әр қайсына 350,0 мың теңгеден бөлініп, 250,0 мың теңгеге кітап, 100 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер алынды.
Қайнар ауылының Орталықтандырылыған кітапхана жүйесіне жалпы         600,0 мың теңге бөлініп, кітап қоры толықтырылды, мемлекеттік рәміздер және компьютерлік техника алынды. 
Сонымен қатар, Шақаман ауылдық клубында 279 мың теңгеге ноутбук және мемлекеттік рәміздер алынды. 
 
 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2013 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2011 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл
Өңдеу күні: 13-10-2017