Акимат » 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2017 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасында Семей қаласы             5 орынды иеленіп, жоғары серпін дамуы бар аймаққа жатты.
 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің 8 бойынша  нәтижелер жақсарды:
- өндірістік өнеркәсіп нақты көлем индексі – 101,4% (94,8%), құрылыс жұмыстары нақты көлем индексі – 169,0% (77,0%), бөлшек-сауда тауар айналымы нақты көлем индексі – 110,8% (102,7%), қала бюджетінің меншікті табыстар көлемінің өсу қарқыны – 112,6% (108,8%), шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 112,2% (92,7%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 101,3% (100,6%),  қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 73,3% (98,8%), қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі – 105,9% (101,7%).
- 2 көрсеткіш бойынша теріс қарқын байқалады: негізгі капиталға жеке меншік инвестицияның нақты көлем индексі– 94,0% (113,2%),100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда – 97,3% (95,6%).
- 3 көрсеткіш бойынша жағымды динамикаға қарамастан өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: ауыл шаруашылығы жалпы өнімі нақты көлем индексі – 105,8% (108,3%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 112,7% (120,8%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар санының өзгеруі – 101,5% (102,9%).
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамудың рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне бақылау жүргізу бойынша жұмысшы топтың жұмысы жалғасуда.
 
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


2016 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

Өңдеу күні: 19-07-2017