Акимат » Статистика

Статистика

Еңбек нарығы және еңбекақы

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2017 жылдың  1 қазанына 2222 адамды немесе 2016 жылғы тиісті кезеңіне қатысты алғанда 181,8%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусым айларында жұмыскерлерге есептелген орташа номиналды жалақы 109 150 теңгені құрады. 2016 жылғы тиісті тоқсанға қатысты алғандағы өсім 104,7%-ды құрады. Осы кезеңде нақты жалақы индексі 96,9% шамасында қалыптасты.

Баға

2017 жылғы қыркүйекте2016 жылғы желтоқсанға қатысты алғанда тұтыну бағасының индексі 104,1%-ды, соның ішінде азық-түлік тауарларына – 102,5%-ды, азық-түлік емес тауарларға 105,6%-ды, ақылы қызметтерге 104,8%-ды құрады. 

Ұлттық экономика

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте  негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 28 002,9млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 17,2%-ға артық.

Сауда

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 144 597,6млн. теңгені құрады және 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айларынақарағанда салыстырмалы бағаларда 19,8%-ға артты.

Экономиканың нақты секторы

2017 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 117 751,1млн. теңгені құрады. Өңдірістің нақты көлемі кен өндіру өнеркәсібінде 121,6%-ға өсті; өңдеу өнеркәсібінде 104,6%-ға;электрмен жабдықтау, газ, бу беру мен ауаны кондиционерлеуде 92,8%-ға; сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратуды бақылауда 95,6%. 

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  22 100,6млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі  102,6%-ды құрады.

Жүк айналымының көлемі 2016 жылы  174,5 млн. ткм-ді құрады және 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,2%-ға көбейді. 

Өңдеу күні: 16-10-2017