Акимат » Туристік саланың дамуы барысы туралы ақпарат 2017 жылдың 1 сәуіріне

Туристік саланың дамуы барысы туралы ақпарат 2017 жылдың 1 сәуіріне

Семей өңірі танымдық, ғылыми және этникалық туризм объектілері ретінде қарауға болатын тарихи-мәдени мұрасымен бай.
10 наурыздағы жағдай бойынша Семей қаласында Казақстан Республикасы және шет елдер бойынша қызмет көрсететін 22 туристік фирмалар тіркелген.
Сервистік қызмет көрсету үшін қалада 54 мейрамхана, 84 кафе, 44 орналастыру және тұру (қонақ үйлер, демалыс базалары, профилакторийлер, балаларға арналаған лагерлер) нысандары қызмет етеді.
Туристік өнімді бәсекеге қабілетті қылу мақсатында, «2015-2017 жылдарға Семей қаласында туризмді дамыту Жол картасы» дайындалды, оның аясында келесідей жобалар іске асырылуда:
«Ұлы ойшылдар отанына», «Дарындылар отаны» «АБАЙ, ШӘКӘРІМ» Мемориалдық кешеніне бару арқылы, Бөрілі ауылындағы М. О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайы және Еуразияның географиялық орталығының  экскурсиялық маршруты бар. Сонымен қатар, Семей қаласы бойынша «Семей Қазақстанның рухани орталығы» тақырыбындағы қаланың көрнекті жерлерін аралататын экскурсия бар. 
Экологиялық туризмді дамыту үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының» ММ туристік маршрут істейді, ол Семей аймағында мәдениетті, тарихи, табиғи әлеуетті сақтауға мүмкіндік береді. Туристік маршрут 7 қарау аландарын енгізген. 
Туристік саласын дамуы және насихаттау мақсатында, туристік ақпараттық орталықтар (павильон) туристтік агентілеріден қажетті ақпаратты алу үшін  қалалық халықаралық әуежайда және автобекетте ақпараттық терминал орналастыған. 
2020 жылға туристік саласын дамыту концепциясын жүзеге асыру аясында және  аймақтық мәдени-туристік «Алтай маржаны» кластерін жасау бойынша ішкі туризмді дамуын насихаттау және Семей аймағына туристік ағыны өсуі туралы жұмыс жүргізілуде.  
Автобекет, темір жолы бекеті, әуежай, көпшілік  тамақтандыру және екінші деңгейлі банктерде «Алтай маржаны» бейнеролигін орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күнде бейнеролик «Вокзал-Сервис» АҚ және екінші деңгейлі банктерде («Народный банк Казахстана» АҚ, «Альфа банк» АҚ) орналастырылды
 

Өңдеу күні: 14-04-2017