Акимат » Туристік саланың дамуы барысы туралы ақпарат 2017 жылдың 1 қазанына

Туристік саланың дамуы барысы туралы ақпарат 2017 жылдың 1 қазанына

Семей қаласында Казақстан Республикасы және шет елдер бойынша қызмет көрсететін 23 туристік фирмалар тіркелген.
Сервистік қызмет көрсету үшін қалада 54 мейрамхана, 84 кафе, 43 орналастыру және тұру (қонақ үйлер, демалыс базалары, профилакторийлер, балаларға арналаған лагерлер) нысандары қызмет етеді.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы көбіне маңызды рекреациялық аймаққа жатады, осы аумақта табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлер шоғырланған, сонымен қатар танымдық, ғылыми және этникалық туризм объектісі ретінде қарастыруға болады   
Туристік өнімді бәсекеге қабілетті қылу мақсатында, «2017-2023 жылдарға Семей қаласында туризмді дамыту Жол картасы» дайындалды, оның аясында келесідей жобалар іске асырылуда:
- ЖК Жакашева «Мың бастау» қонақ үйі біртіндеп пйдалануға берілді. Нәтижесінде 15 жұмыс орын пайда болды.
- өз қаражаты арқылы «Барика» ЖШС қонақ үйінің 10 бөлмеге құрылысы жүріп жатыр, 30 жұмыс орын құрылуда деп жоспарлануда.  
Экологиялық туризмді дамыту үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының» ММ туристік маршрут істейді, ол Семей аймағында мәдениетті, тарихи, табиғи әлеуетті сақтауға мүмкіндік береді. Туристік маршрут 7 қарау аландарын енгізген. 
Қазақстан Республикасының 2023 жылға дейін туристтік саласын дамыту Тұжырымдамасына сәйкес «Қазақстанның қасиетті географиясы» атты жобасына Семей қаласынан келесі жобалар енгізілген: Ф. М. Достаевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақтан облыстық бейнелеу өнері мұражайы.
2017 жылдың басынан ішкі туризмге арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген келушілердің саны  - 21 266 адамды құрады немесе 2016 жылғы            (27 201 адам) тиісті кезеңнің  78,1 % құрайды.
2017 жылдың басынан ұсынылған төсек-орын саны – 37 988 бірлік немесе 2016 жылғы (39 707) тиісті кезеңнің 95,7 % құрайды.
2017 жылдың басынан қаладағы туристтік фирмалардың көрсетілген қызметтер көлемі 218 553,8 мың теңге немесе 2016 жылғы тиісті кезеңнің 104,9 % құрайды.
Шығыс Қазақстан облысында «Жемчужина Алтай» өңірлік мәдени-туристік кластердің дамуы мақсатында «Жемчужина Алтай» бейнеролигі Семей қаласының «Вокзал-Сервис» АҚ және екінші деңгейлі банктерде («Народный банк Казахстана» АҚ, «Альфа банк» АҚ) орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
 
 
 

Өңдеу күні: 12-10-2017