Акимат » Кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту

2016 жылы «ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, кәсіптік оқытуды келесі екі бағдарламалар бойынша жүргізді:
1)аз қамтылған, оралмандар, жұмыссыз, ішінара қамтылған және өзін –өзі 
жұмыспен қамтыған азаматтар үшін республикалық бюджеттен қаржыландырумен    Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (ЖҚЖК 2020);
2)жұмыссыз азаматтар үшін қалалық бюджеттен қаржыландырумен  
Аумақтарды дамыту бағдарламасы(АДБ); 
ЖҚЖК 2020 бойынша 02.09.2016 жылы 10 – айлық даярлау курстарына электргазбен дәнекерлеуші және күштік желілер және электр жабдығы бойынша электрмонтажшы мамандықтары бойынша 21 адам жолданды. Жолданғандар қатарында жастар саны 17 адам. 
Осы бағдарлама аясында кәсіптік қайта даярлауға 3 ай оқыту ұзақтығымен: плиткамен қаптаушы, электрогазбен дәнекерлеуші, күштік желілер және электр жабдығы бойынша электрмонтажшы, слесарь-сантехник және тігінші мамандықтары бойынша кәсіптік қайта даярлауға 52 адам жолданды. Осы мамандықтар бойынша жолданғандар санынан 48 адам оқытуды аяқтады.  4 адам түрлі себептер бойынша оқытудан шығарылды. 46 адам қаланың кіші және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс істеуде.
ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында 20 адам санындағы «Жылукоммунэнерго» МКМ ішінара қамтылған жалдамалы жұмыскерлері бу және сумен жылыту қазандықтарының машинисі мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өтті. Құрылыс колледжінде «Сәттранс» ЖШС 10 жұмыскерлері электргазбен дәнекерлеуші  және «Семей цемент зауыты» ЖШС 8 жұмыскерлері  стропалшы мамандықтары бойынша өндірістен қол үздей оқытылды.   «Семей цемент зауыты» ЖШС 10 жұмыскерлері күштік желілер және электр жабдығы бойынша электрмонтажшы мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды кеңейту мақсатында және жалдамалы жұмыскерлерді жаппай жұмыстан шығарудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда, Жұмыспен қамту 2020 жол картасын өзектендірілді және жаңа бағыттар енгізілді:
-55-тен 64 жасқа дейінгі жұмыссыздарды және жұмыстан 
айырылғандарды кәсіптік  қайта даярлау. Осы бағыт бойынша 45 адам (жылдық жоспар бойынша 40 адам):  шаштараз, сантехник-слесарі және ЭЕМ операторы мамандықтары бойынша жолданды, 40 адам оқытуды аяқтады, 5 адам түрлі себептерден мезгілсіз оқытудан шығарылды. Көрсетілген санаттағы тұлғаларды оқыту жұмыс берушілердің  қажеттілігі есебінсіз іске асырылды. Оқытуды аяқтағандар санындағы 6 адам жұмысқа орналасты, 6 адам жасына жету бойынша зейнеткерлікке шықты;
-18 жастан 24 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарды кәсіптік 
оқыту. 
Осы бағыт бойынша жалдамалы жұмыскерлерді жолдаумен «Қаражыра» АҚ 18 жастан 24 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар қатарындағы 17 адам экскаватор машинисі мамандығы бойынша қайта даярлаудың 2- айлық курстарынан өтті. Дуалдық  жүйесі бойынша өндірістен қол үздей оқытуды «Құрылыс колледжі» КМҚК өткізді. «Электротехникалық колледжі» КМҚК базасында ВК РЭК АҚ 9 жастары кәсіптік қайта даялауға және Семей электрмен жабдықтау дистанциясы ҚТЖ ҰК АҚ жастар санындағы 10 адам күштік желілер және электр жабдығы бойынша электрмонтажшы мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға өндірістен қол үздей оқытылды.
«Сәттранс»  ЖШС 18 жастан 24 жасқа дейінгі жастары санындағы 8 жалдамалы жұмыскерлері өндірістен қол үздей стропалшы мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өтті. Оқытуды «Құрылыс колледжі» КМҚК өткізді;
-Жұмыскерлерінің саны 250 адамнан кем емес ірі кәсіпорындарда 
жұмыс уақытының қысқарумен 2/3 табыстың төмендеуін уақытша  субсидиялау. Осы бағыты бойынша «Силикат» ЖШС - мен жұмыс атқарылды, себебі ағымдағы жылдың қараша айынан өндірістің көлемінің төмендеуіне байланысты, жұмыс уақыты толық емес тәртіпке ауысуы мүмкін болған. Алайда, «Силикат» ЖШС осы қиын жағдайынан шығу жолдарын тауып, бөлінген ақша бюджетке қайтарылды.
-Өндірістік кәсіпорындар жұмыскерлерін жаппай жұмыстан босатудың 
алдын алу мақсатында жұмыс істейтін жұмыскерлерді өндірістен қол үзбей қайта даярлау/ біліктілігін арттыру үшін 80% көлемдегі грант бөлу. Осы бағыт бойынша «Цемент зауыты» үшін қазандық машинисі мамандығы бойынша 18 адам біліктілігін арттыру курсын аяқтады. Оқыту өндірістен қол үздей жүргізілді.
Оқытуды жүргізетін  мекемелер Тізіміне енгізілген: Құрылыс колледжі, Электротехникалық колледжі, Бизнес және сервис колледжі және Қызмет көрсету саласы колледжі, Қызмет көрсету саласының колледжі мекемелері ЖҚЖК 2020 бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша еңбек нарығына қажетті 19 мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға 357 адам (жоспар бойынша 325 адам) жолданды. Сонымен қатар, техникалық еңбек бойынша: барлық түрдегі дәнекерлеушілер, күштік желілер және электржабдықтары бойынша электрмонтажшы, слесарь-сантехник, ТӨҚ және А слесарі, автомобилдік электржабдықтарын жөндеу  бойынша  электрик, кран машинисі, ауыл шаруашылығының тракторшы-машинисі; құрылыс мамандығы бойынша – тас қалаушы; қызмет көрсету саласы мамандықтары бойынша: шаштараз-моделдеуші, тігінші, тішу – моделдеуші, маникюр бойынша шебер, аспаз, кондитер, аспаз-кондитер, көгалдандырушы, наубайшы және барлық салалар мамандықтары: бухгалтер, (біліктілігін арттыру), ЭЕМ операторы. Оқытудың орташа ұзақтығы 2,6 айларды құрады.
АБД аясында көрсетілген мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын 326 адам аяқтады. Оқытуды аяқтағандар санындағы 238 адам (72%) қаланың кіші және орта бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.  
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде таңдалған «Электротехникалық колледжі» КМҚК, «Құрылыс колледжі» КМҚК, «Бизнес колледжі»  және «Семей технологиялық колледжі» «Агробизнес және экономика колледжі», «Саяхат және экономика колледжі» мекемелері оқытуды жүргізді. 
Есеп беру жылдың маусым айында 24 КZ, «Хабар»  телеарналарының жаңалықтар бағдарламасында «ШығысАжарТорг» ЖШС жұмыс істейтін ЖҚЖК 2020 бағдарламасының қатысушысы Б. Салимбаева және бөлім басшысы А.К.Бураханованың сұхбаты туралы телекөрсетілім берілді. Жыл аралығында «Қазақстан», «Қазақстан -Семей» және «ТБК-6» телеарналарында «Жаңалықтар» бағдарламасында бірнеше рет қайта даярлау курстарында оқитын бағдарлама қатысушылары туралы, бөлім басшысы А.К.Бураханованың, мамандардың сұхбаттары көрсетілді. 28 маусымда бөлім басшысы А.К.Бураханова «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифингке қатысты.
Бөлім мамандары өткізілетін бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне тұрақты түрде қатысты. Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында «ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы мерекесі қарсыңында қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді, оған жұмыс берушілер және қаланың: «Электротехникалық колледжі» КМҚК, «Құрылыс колледжі», «Көлік колледжі», «Жастар колледжі» мекемелері қатысты.
Бос жұмыс орындарында 404 адам кеңес алып, 2017 жылы кәсіптік қайта даялау курстарына жазылды. Олардан, 124 адам - жастар, 267 әйелдер, 33 адам – 50 жастан асқан тұлғалар. 
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Өңдеу күні: 18-01-2017