Акимат » Семей қаласының бас жоспары

Семей қаласының бас жоспары

Қала құрылысын одан әрі жоспарлау мен мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты Семей қаласының жаңа бас жоспары жасалынып, Қазақстан Республикасы билігінің 2011 жыл 25 маусымдағы №707 бұйрығымен бекітілді. 
Бас жоспарды дайындау барысында қала тұрғындарының саны 281,5 мың адам, аумағы 21720,0 га жерді құрады. 
Семей қаланысының нағыз бас жоспары болып табылады:
- белгіленген уақыт ішінде қала халқының санының 400 мың адамға дейін өсуі;
- адам басына 25 ш.м - ден болатындай тұрғындардың баспана қорын орташа қамтамасыздандыру арқылы тұрғындардың баспана жағдайын жақсарту;
- капиталды-жоспарлы ескерту-жөндеу жұмыстарын, сонымен қоса, техникалық жағдайын, моральдық тозу деңгейін және тарихи-мәдени құндылығын есепке ала отырып ескі баспана қорын реставрациялау;
- барлық қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз ету деңгейін нормаға дейін жеткізу арқылы қаланың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін дамыту;
- өндіріс орындарын максималды түрде жойып, экологиялық жағдайы неғұрлым жағымды территорияларда тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру;
- табиғи ландшафт зоналарының органикалық қосындысымен перспективті жоспарлы құрылымын қалыптастыру;
- өзіне биіктік, көпқабатты, азқабатты бұғатталған және үй маңы құрылысын қосатын құрылыстық аудандастыруды жүзеге асыру;
- емдік-сауықтыру және демалу орындарының желісін кеңейту және оларды санитарлық-гигиеналық шарттары қолайлырақ территорияларға орналастыру;
-экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететін көгалдандыру жүйесін ұйымдастыру;
- тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерін сақтау;
- көзделген бас жоспарға сәйке, жаңа технологияларды қайта құру, жаңғырту нәтижесінде табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қалпына келтіру, Семей қаласы мен оған іргелес елді мекендердің ауа бассейінінің оңтайлы жағдайының шығындарын азайту;
Дамуға қажетті аумақтық ресурстар қала шекарасынан тыс жерлерде орналасқан. Алайда, көп қабатты құрылысқа пайдалануға болатын едәуір аумақ сауда-өндірістік мақсаттағы және халыққа қызмет көрсету объектілеріне үй маңы құрылысына бөлінді.
Жоспарлауға қатысты қала аумағын ұйымдастыру түбегейлі-шеңберлі құрылымы қабылданды.
Бас жоспар болып транзиттік жүк автокөліктеріне арналған селитебті құрылысты айналып, қаланың перифериялық бөлігі арқылы өтетін ішкі айналма жолды құру болып табылады. Орташа айналма жол жаңа тұрғын үй аудандарын өзара байланыстырады. Кіші айналма жол көлік қозғалысын түсіру үшін қала өзегінің айналасында қалыптасады.
Семей қаласының барлық аумағы 6 жоспарлы аймаққа бөлінген:
- Орталық, солтүстік, шығыс – оң жақ жағалауда;
- Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс – Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында.
Орталық жоспарлы аймақ – Ертіс өзенінің қазіргі орталық бөлігі мен сол жағалауының ішінара аумағын қамтиды. Қазіргі көп қабатты құрылыстар негізінен орталық жоспарлы аймағында орналасқан. Қазіргі уақыттағы бір қабатты тұрғын үйлерді болашақта қайта жаңарту жүргізіледі.
Жобада Ертіс өзенінің жағалауын, басты магистральды Қаржаубайұлы көшесін, Шәкәрім даңғылын, орталық қалалық Абай, Дулатов, Қабанбай батыр, Интернационалды көшелерін және құрылыс жүріп жақан, негізінен, үй маңы құрылысы бар және әлеуметтік-мәдени маңызы бар жеке тұрған объектілері болатын 5-9 қабатты тұрғын үйлер құрылысы белгеленген көшелерді, аталған ауданның тұрғындарының жайлы өмір сүруіне қажетті қызмет көрсету объектілерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Жоба бойынша Татар өлкесіндегі сәулет және тарихи құндылығы бар 1-2 қабатты тұрғын үйлер сақталады. Қаланың көлік схемасына ерекше көңіл бөлінді. Жобада темір жол арқылы бөлінген аудандар арасында көлік жол айырығын орындау қарастырылған. Жобада Шәкәрім даңғылы мен Қаржаубайұлы көшелерін байланыстыратын темір жол үстінен жүргізілетін дол құрылысын, Дулатов пен Гагарин көшелеріндегі темір жолды тесіп өту, Шәкәрім даңғылы мен Абай көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысы қарастырылды.
Маңызды қала құрылысы тораптарында, басты көшелер қиылысында және көпірге кіру жолдарында 14-20 қабатты тұрғын үй кешендері орналасқан (акценттер-бағдарлар).
Қала орталығының ядросы есеп беру мерзіміне дейін өз тағайындауын сақтап, одан әрі дамиды.
Қаладағы барлық саябақтар мен скверлер сақаталады, жаңа құрылыс және реконструкциялау аудандарында жаңалары бой көтереді. Жоба бойынша демалыс орындарының негізгісі болып Полковничий аралы жатады.
Аралда белгіленген мерзімге дейін есу каналы бар орталық қалалық спорт кешені, көрме кешені. Балалар темір жолы бар демалыс саябағы, орман-саябақ аймағын қамтитын спортты-саябақ зонасы жоспарлануда.
Сонымен қоса, бұл жерде мемориалды кешен – ядролық сынақтың құрбандарына арналған ескерткіш сақталған. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы жануарлар саябағы (биологиялық орталық) да одан әрі дамытылады.
Солтүстік жоспарлы аймақ – қаланың солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Осы жоспарлау аймағының аумағын, негізінен, бір қабатты үйлер құрайды.
Жоба бойынша Қаржаубайұлы көшесіне жататын аумақты реконструкциялау қаралады. Болашақта бұл жерде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға қажетті объектілер – балабақшалар, мектептер мен басқа да мекемелердің құрылысы жоспарлануда. Құрылыс қаланың осы ауданының батыс бөлігінде шоғырланған ескі жеке үйлерді бұзу есебінен босаған аумақта жүргізіледі.
Бас жоспар қараусыз ғимараттарды жаңа объектілерге трансформациялауға әлемдік тәжірбиені енгізуді көздейді. Мысалы, бұрынға сүт зауытының орнына сауда орталығын орналастыру жоспарлануда.
Бас жоспарға сәйкес Энергетик кентінде Қарағайлы – серіктес қаласы салынады. Тұрғын үй қоры – 514,7 мың м2, тұрғын 18,1 мыңды құрайды. Аталған ықшам ауданда тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салынатын болады. 
Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айында Назарбаев интелектуалды мектебі пайдалануға берілді, көпқабатты тұрғын үй, 150 орынды балаларды оңалту кешеніне, 200 төсекті балалар ауруханасының құрылыстарына жер учаскелері бөлінді. Медициналық университеттің әкімшілік ғимаратымен 7 жатақханасының құрылысы жалғасуда.
Қолданыстағы ескі құрылыстарды бұзуды ескере оытрып 20, 35, 40, 342, 343 және 352 тұрғын үй кварталдары салынатын болады.
Жоспарлау аймағының солтүстік-батыс бөлігін үй маңы учаскелері бар бір қабатты құрылыстан тұратын «Мирный» тұрғын үй массиві алып жатыр. Аталған ауданда айтарлықтай өзгеріс қарастырылмаған. Қоныстанған аумақты көгалдандыру мен абаттандыру белгіленуде.
Шығыс жоспарлау аймағы – қаланың Шығыс бөлігінде орналасқан. Аумақтың көп бөлігін дачалар алып жатыр.
Жоба бойынша жер учаскелерін бөлуді ескере отырып, Ақсары ауданында жаңа тұрғын үй құрылысын орналастыру жүргізіледі. 
Сондай-ақ, қолданыстағы құс фабрикасының аумағында санитарлық-қорғаныс аймағын сақтай отырып, үй маңындағы учаскелері бар жеке тұрған үй құрылысы пайда болады.
Жоба бойынша Восход кенті тұрғын үй массивінің құрылыс қарастырылған. Сонымен қоса, ластану шығындарынан жаңа технологиялармен жабдықталған қорғанысы бар, жаңа ЖЭО құрылыс көзделіп отыр. Осы массивтерде үй-жай құрылыстарымен қатар оқшауланған тұрғын үй тұрғызу да көзделіп отыр. Тұрғын үй құрылысының перспективалы аудандары барлық қажетті мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандарымен салынатын болады. 
Шығыс жоспарлау аймағындағы барлық перспективалық аудандарды байланыстыратын басты магистральға солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа созылып жатқан Туристік көшесі айналады.
Негізінен жекеменшік болмашы көлемдегі тұрғын үй құрылысы бұрын жүргізілген бұруларды ескере отырып «Шығыс», «Байланысшы» тұрғын үй массивтері мен автодром ауданында қарастырылды.
Батыс жоспарлау аймағы – Ертіс өзенінің сол жағында орналасқан. Осы жоспарлау аймағы ауданының шекарасында қаладағы ең ірі және негізгі батыс өнеркәсіп торабы орналасқан.
Батыс өнеркәсіп торабындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды шығарындыларының болуы көбінесежаңа тұрғын үй құрылысын салуды шектейді.
Бұрын жер учаскелерін бөлу жүргізілген «Бобровка» тұрғын үй массивінде үй маңы учаскелері бар жеке меншік тұрғын үйлер қарастырылды.
Жоспарлау аймағының батыс бөлігінде қазіргі таңда Мұрат және Степной кенттері орналасқан. Болашақта бұл кенттер тұрғын үй массивтері ретінде қала құрамына кіреді.
Батыс жоспарлау аймағының солтүстік бөлігінде дачалар орналасқан. Қаланың бұл бөлігінде басты магистраль болып Орталық және Батыс жоспарлы аймақтарын айналма жол арқылы қосатын Би Боранбай көшесі болып табылады.
Солтүстік-батыс бөлікте орналасқан карьерлер жоба бойынша қалпына келтіру мен рекреациондық мақсатта қолдану ұсынылады.
Оңтүстік жоспарлау аймағы – қаланың солтүстігінде батыс жоспарлы аймағымен және шығысында оңтүстік-шығыспен шекараласады.
Жоспарлау аймағының шекарасымен магистральды темір жол өтеді. Аталған ауданның орталық бөлігінде әуежай аймағы орналасқан. Қала шегінде орналасқан әуежай тұрғындарға қосымша қолайсыздық туғызады.
Осыған орай, қала аумағының құрылысы кезінде шудың әсер етуі мен ұшақ қону аймақтары есепке алынатын болады.
«Комсомольский» тұрғын үй массивінде әуежайға апаратын жолдың екі жағынан да бұрын тұрғын үй құрылысына жер учаскелері бөлінген. Бас жоспар бойынша бөлінген жер учаскелері есепке алынып, осы ауданда үй маңы құрылысы бар жеке меншік және мәдени-тұрмыстық қызметіне қажетті объектілер қарастырылған.
Жоспарлау аймағының оңтүстік бөлігінде қазіргі уақытта «Жарқын» тұрғын үй массиві бар. Белгеленген уақыт ішінде бұл бөлікті өзіндік мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталықтары бар жеке меншік және оқшауланған құрылысы бар жаңа аудан пайда болады.
Әуежай мен «Жарқын» тұрғын үй массивінің арасында орман-парктік аймақты ұйымдастыру көзделіп отыр. Аталған аймақта «Семей орманы»  резерватының бұрыннан ағаш отырғызу алабы бар болғандықтан? Орман-парктік аймақтың құрылуы «Жарқын» тұрғын үй массивіне әуежайдың шу әсерін азайтуы қажет.
Жоспарлау аймағының шығыс бөлігінде жыраны абаттандыру және оны рекреациондық мақсатта қолдану көзделіп отыр.
Жоспарлау аймағының солтүстік шекарасы болып Ертіс өзені, батыс темір жол магистралі табылады. Солтүстік-батыс бөлігі орталық жоспарлау аймағымен шектеседі. Мұнда қаланың оңтүстік өнеркәсіп торабы орналасқан.
Бас жоспар бойынша жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер бөлінген «Суық бұлақ» тұрғын үй массивінде жаңа жеке меншік және оқшауланған құрылысты орналастыру қарастырылған.
Қала жерлерінің заманауи балансының талдауы әлеуметтік-тұрғын үй құрылысын орналастыруға жарамды, бірақ салынбаған 701,6 га аумақтың барын анықтады.
Бас жоспарда қаланың кезең-кезеңмен аумақтық дамуы қарастырылған. Жоспар бойынша қаланың бос аумағын максималды түрде пайдалану, қолданыстағы құрылысты реконструкциялау мен тығыздау, сондай-ақ Суық бұлақ, Бобровка, Мұрат, Степной, Жарқын елді мекендеріне жататын аумақта қала құрылысын игеру қарастырылды.
Есептік мерзімнің соңына қарай жоғарыда аталған елді мекендерді қаланың жобалық шекарасына қосу күтілуде.
Жоба шекарасындағы қала ауданы есептік мерзімнің соңына қарай 31372 га құрайды, соның ішінде селитебті территория – 11545,6 га.
Бекітілген бас жоспарды жүзеге асыру үшін барлық ауданы 1650 га құрайтын оң жақ жағалаудың бөлігі мен ауданы 1500 га болатын сол жақ жағалаудың бөлігінің нақты жайғастыру жобасы бекітілді.
Қазіргі таңда «Градкомплекс» ЖШС «Ақ қайың» тұрғын ауданының нақты жайғастыру жобасын әзірлеу мен Жарқын және Суық бұлақ кенттерінің  нақты жайғастыру жобасын түзетулерін аяқтады.
Жібек Жолы (600 га), Малая Актюба (600 га), Степной кенті (200 га) тұрғын үй массивтерінің нақты жайғастыру жобаларын әзірлеу жұмыстары басталды.
Осындай маңызды құжаттар болған кезде қалада тұрғын аудандарда инженерлік коммуникацияларды жүргізу, жаңа, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысы мен оларды орналастыру мүмкіндігі болады. 
 
Өңдеу күні: 10-10-2017