Акимат » Мемлекеттік қызметшілермен алынған сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама

Мемлекеттік қызметшілермен алынған сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама

1. Тұлғалар (тұлғаның келісімінсіз келіп түскен; тұлғамен оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алынған; көпшілік алдында немесе ресми іс-шара кезінде оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген (табысталған) сыйлықты алған (анықтаған) күнінен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады. Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе оны сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса тіркеп, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.
 
2. Хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс: уәкілетті органның немесе ЖАО атауы; сыйлықты тапсыратын тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері; сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы; сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат. Сонымен қатар сыйлық сатып алынатын жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды тұлғаның сатып алуға келісімі туралы белгісі (аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолы) қойылады.
 
3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға тапсырған жағдайда, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда аталған мерзім ішінде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады.
 
4. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғадан тиісті хабарлама алғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде сыйлықты бағалау жүргізіліп, аталған тұлғамен сатып алу-сату шарты жасалады. Бұл ретте тұлғаның ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалау өткізу және сатып алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алынған сәттен бастап саналады.
 
5. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғаның оны сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сыйлықты арнайы мемлекеттік қордан үшінші тұлғаларға сатуды жүргізуге құқылы. Анықтама ретінде: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 472-бабы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.
Өңдеу күні: 17-02-2017