Акимат » «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат, № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10 (2707), 79-құжат): 
1) бүкіл мәтін бойынша «тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн» дегенсөздер «ауыл шаруашылығы өндiрiсiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында 147-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің функциялары»;
3) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) жер комиссиясы – жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі және су қоры жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру жөніндегі функцияларды орындау үшін осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын, тұрақты жұмыс істейтін орган (бұдан әрі – комиссия);»;
43) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46) және 47) тармақшалармен толықтырылсын:
«46) конкурстық комиссия – осы Кодекстің 48-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу ресімін орындау үшін жергілікті өкілді органдар құратын алқалы орган;
47) апелляциялық комиссия – жер қатынастары саласындағы лауазымды уәкілетті тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейін қарайтын тұрақты қызмет жасайтын орган;»;
4) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрумен және кеңейтумен, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен байланысты жағдайларда барлық санаттардағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтаждары үшін алып қою;»;
5) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8) және 2-9) тармақшалармен толықтырылсын:  
«2-3) комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
2-4) апелляциялық комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
2-5) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалдаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
2-6) жерлердің пайдаланылуына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2-7) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2-8) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның аффилиирленген тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2-9) апелляциялық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;»;
12) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көзделген функциялар шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы                             жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру, сондай-ақ, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін беру және (немесе) алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу;»;
6) 14-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыру;»;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген функциялар шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-2)  тармақшамен толықтырылсын:  
«1-2) апелляциялық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту»;
7) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:  «8) конкурстық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;»;
8) 16-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) комиссия құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;
1-3) апелляциялық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;»;
«10-2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі материалдарды орталық уәкілетті органның және қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органның келісуіне ұсыну;
10-3) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшiн жерді пайдаланумен байланысты жер учаскелерін беру және (немесе) алып қою;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 5-4) және 5-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) комиссия құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;
1-4) апелляциялық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту»;
«5-4) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі материалдарды орталық уәкілетті органның және қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органның келісуіне ұсыну;
5-5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшiн жерді пайдаланумен байланысты жер учаскелерін беру және (немесе) алып қою;»;
9) 17-бап мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 2-1), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) комиссия құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;
1-4) апелляциялық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;»;
«2-1) осы Кодекстің 147-бабының 2-2-тармағында көзделген функциялар шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«5-3) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесін бекіту;
5-4) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу;»;
10) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 2-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын: 
«1-1) комиссия құру, оның құрамы мен ережесін бекіту;
1-2) апелляциялық комиссияны құру, оның құрамы мен ережесін бекіту»;
«2-2) осы Кодекстің 147-бабының 2-2-тармағында көзделген функциялар шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«5-3) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесін бекіту;
5-4) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу;»;
11) 23-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:  
«Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және                    шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған азаматтарының, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысушысы бар заңды тұлғаларының жеке меншігінде және жер пайдалануына берілмейді. 
Қазақстан Республикасының азаматы шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеге тұрғанда Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне деген құқықтары осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес сатуға немесе қайта ресімдеуге жатады.»;
12) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының шекаралық белдеуі шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қандай да бір құрылыс салу құқығынсыз халықтың мал жаюы және пішен оруы үшін пайдалануына жол беріледі. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағы шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер                    учаскелері, уақытша жер пайдалану құқығында шетелдік қатысушысы бар заңды тұлғаларды қоспағанда  тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына беріледі.»;
13) 37-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«2-1. Жаңа мерзімге шарт жасасу кезінде жер учаскесіне құқық беру, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, осы жер учаскесінің шекаралары өзгермейтін жағдайда осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.»;
14) 43-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Жер учаскесі қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін сұратылған жағдайда, әзірленген және бекітілген жерге орналастыру жобасы мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесіне құқықты беру туралы шешiмнің жобасы орталық уәкілетті органмен және және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіледі.»;
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады. Жер учаскелері қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін сұратылған жағдайда жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы, жерге орналастыру жобасы және осы Кодекстің 120-бабының 1-тармағында көрсетілген органдардың оң келісімі негізінде соңғы қорытынды түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. 
Бұл ретте, бекітілген жерге орналастыру жобасы мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасы келісетін мемлекеттік органдарға жоғарыда көрсетілген шешім жобасы дайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдануы тиіс. Шешім жобасын келісу комиссия қорытындысы және жерге орналастыру жобасы келісуге түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілдік органның депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары филиалдарының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар болған жағдайда) өкілдері қатарынан құрады. Комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия мүшелерінің саны 9 адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, қоғамдық кеңестер мен ұйымдар өкілдерінің саны комиссияның жалпы құрамының кемінде 50 пайызын құрауы тиіс. 
Комиссияның құрамы төрағаны қоспағанда, жыл сайын одан кейінгі он екі күнтізбелік айлар өткен соң барлық құрамы ауысып, бекітіледі.
Комиссияның төрағасы болып әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.»;
мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:  
«Комиссияның оң қорытындысының қолданылу мерзімі ол қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Бір жылдық мерзімнің өтуі жергілікті атқарушы органның жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмін қабылдау үшін негіз болады.».
15) 44-баптың 5-1-тармағы алып тасталсын;
16) 48-бап мынадай мазмұндағы жаңа 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 31-тармақтармен толықтырылсын:  
«8. Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалдау құқығын беру конкурс негізінде осы баптың  9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 31-тармақтарында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады. 
9. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалдау құқығын беру бойынша конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қойылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары                   жөніндегі уәкілетті органы қалыптастырады және ол тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қоғамдық кеңестерімен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталар филиалдарымен келісіледі. 
Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің қалыптасқан тізбесін келісу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы оны осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарға жазбаша жібереді.
Келісуші ұйымдар конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесі келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзінің ұстанамының дәлелді негіздемесімен тиісті қорытынды ұсынады. 
Келісуші ұйымдардың жеке жер учаскелерін конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізу бойынша келісімі болмаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қосымша келісу рәсімін жүргізеді. 
Келісуші ұйымдармен келісімге келе алмаған жағдайда, келісуі жоқ жер учаскесі конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесінен алып тасталады.
Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің келісілген тізбесін келісілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бекітеді. 
Тізбеге енгізілген жер учаскелері конкурсқа жерге орналастыру жұмыстары аяқталған соң қойылады, оның мерзімі көрсетілген тізбе бекітілген күннен соң қырық бес күннен көп болмауы тиіс.
10. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізуді қамтамасыз ету үшін мыналарды:
1) конкурстың жүргізілетіні туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ,  әкімдіктің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
2) конкурстың жүргізілетіні туралы хабарламаны конкурс ұйымдастырушысы аумағында орналасқан тиісті облыстың шегіндегі барлық аудандық жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ, орталық уәкілетті органға олардың ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін жолдауды жүзеге асырады.
Конкурстың жүргізілетіні туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әрбір жергілікті атқарушы органы осы хабарламаны өзінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ, арнайы ақпараттық стендтерінде орналастырады және оны кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне олардың ресми интернет-ресурстарда (бар болған кезде) және арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру үшін дереу жолдайды. 
12. Хабарламада: 
1) конкурсты өткiзу күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;
2) жер учаскесінің сипаттамасы (орналасқан жері, алаңы, алқаптардың құрамы, топырақтың сапалық сипаттамасы, бонитет балы,                                          сумен қамтамасыз етілуі, өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы) көрсетілуі қажет. 
13. Конкурстың өткізілетіні туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында бірінші жарияланған күннен соң отыз күн өткен соң конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдау  басталады. 
Конкурсқа қатысу туралы өтінім конкурстың басталған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады. 
Конкурстың аяқталу күні болып оның қорытындыларын белгілеу күні табылады.
14. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннің ертеңінде жүргізіледі.   
15. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалдау құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді.
16. Осы Кодекстің 96-1-бабында көзделген жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі тұлғалардың өткізілетін конкурстарға қатысуға құқығы жоқ. 
17. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер, өтінім беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларының немесе                     акционерлерінің жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері                                 (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып,                                         олар туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, жер учаскесіне жалдау шартына қол қою қажеттігі туралы хабарлама алған күннен үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 
Конкурсқа қатысуға өтінімді заңды және жеке тұлғаның уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделген құжаттардың негізінде бере алады. 
18. Конкурстық ұсыныста:
1) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес-жоспары (инвестиция қорының болжалды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары,  ауыл шаруашылығы малдарының бастары, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының, ауыл шаруашылығы облысындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны); 
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру бойынша міндеттемелер, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды орындау;
3) жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егу алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми-негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау бойынша міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс конвертте тігілген түрде нөмірленген парақтарымен ұсынылады.
19. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен ниеттер шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады. 
20. Осы баптың 17-тармағының шарттарына сәйкес келмейтін өтінімді конкурстық комиссия қабылдамайды.
21. Конкурстық комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органының шешімімен құрылады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ саннан, 9 адамнан кем болмауға тиіс.
Конкурстық комиссияның құрамы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарынан, сондай-ақ жергілікті өкілді орган депутаттарының, аумағында жер учаскесі орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары филиалдарының қатарынан қалыптастырылады. 
Бұл ретте қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің саны конкурстық комиссияның жалпы құрамының елу пайызынан кем болмауға тиіс.
Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның мүшелері қатарынан ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. 
Комиссияның отырысы, егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің құрамының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып есептеледі. Қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, кеңес өткізілмейді. Конкурстық комиссияның мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады. 
Конкурстық комиссияның жұмыс органы болып ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы табылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы жұмыс органының лауазымды адамдарының қатарынан айқындалады. 
Конкурстық комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.  
22. Конкурстың жеңімпазы конкурстық комиссиямен конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде конверттер ашылған соң тиісті критерилер ескеріле отырып, балл беру жолымен анықталады. 
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді салыстырады, бағалайды және жеңіп алушы конкурстық өтінімді айқындайды.
23. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы оған дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп табылады. 
24. Конкурстық ұсыныстар тең болған жағдайда, конкурстың:
1) осы ауылдық округте тұратын;
2) аумағында жер учаскесі орналасқан ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ұсыныс берген қатысушысы конкурс жеңімпазы болып танылады.
25. Конкурстың қорытындысы конкурстық комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді. 
Конкурстық комиссияның хаттамалық шешіміне қорытынды шығарылған күні төраға және конкурстық комиссияның, оның отырысына қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ, конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Конкурстық комиссияның хаттамалық шешімімен келіспеген жағдайда, осы комиссияның әрбір мүшесі өз пікірін білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылуға және конкурстық комиссияның хаттамалық шешіміне қоса берілуге тиіс. 
Конкурстық комиссияның қоғамдық кеңестер, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатарынан дауыс беруге қатысқан барлық мүшелері конкурстың жеңімпазын анықтау туралы қабылданатын шешімге қарсы дауыс берген жағдайда, шешім қабылданбады деп есептеледі. Аталған мәселе ауданның қоғамдық кеңесінің отырысына шығарылады және конкурстық комиссияның шешімі ауданнның қоғамдық кеңесінің ұсынымы ескеріле отырып қабылданады. 
Конкурстық комиссияның мүшелері қол қойған конкурсқорытындылары туралы хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурсына орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларға және оны интернет-ресурста орналастыру үшін орталық уәкілетті органға жібереледі. 
Конкурстық комиссияның хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады. Шағымның берілуі конкурстық комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуын тоқтата тұрады. 
26. Конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамалық шешімінде мынадай:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қайтару себептерінің дәлелді жауабы бар өтінімдері қайтарылған конкурс қатысушылары туралы;
2) жеңімпазды анықтау үшін негіз болған дәлелдерді көрсете отырып, конкурс жеңімпазы туралы ақпарат қамтылуға тиіс.  
27. Конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамалық шешімі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру үшін негіз болып табылады. 
Осындай шешім конкурстық комиссияның хаттамалық шешіміне  қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады, егер конкурстық комиссияның хаттамалық шешімі оған сотқа өтініш берілуіне байланысты тоқтатылмаса.
28. Жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін жалдаудың үлгілік шартына сәйкес жер учаскесін жалдау шартын дайындайды және конкурс жеңімпазын хабардар етеді. 
29. Конкурс жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін жалдау шартын жасасу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға баруға немесе оны шарт жасасудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Хабарлама конкурс жеңімпазы оны алғаны туралы міндетті түрде растала отырып, жазбаша нысанда жіберіледі.  
Егер конкурс жеңімпазы деп танылған қатысушы осы тармақта белгіленген мерзімде жер учаскесін жалдау шартына қол қоймаса, онда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды. 
Жер учаскесін жалдау шартына қол қоюдан бас тартқан конкурсқа қатысушының-жеңімпаздың үш жыл бойы бұдан кейінгі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
Конкурсты қайта өткізу туралы шешім жеңімпаз жалдау шартына қол қоюдан бас тартқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға жолданады. 
30. Жасалған жер учаскесін жалдау шартының нәтижелері бойынша жеңімпаздың жерлерді пайдалану жөніндегі қабылдаған міндеттемелерін орындауына:
жалдаудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын;
одан кейінгі кезеңдерде – суармалы егістікте әр 3 жыл сайын;
тәлімі егістікте әр - 5 жыл сайын мониторинг жүргізіледі.  
Қоғамдық кеңестің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұйымдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін мониторингтің оң нәтижелері жергілікті атқарушы органның бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.»;
31. Конкурс мынадай: 
1) конкурсқа қойылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім берілген; 
2) конкурсқа қойылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешім конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және үш жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырылады. 
32. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайталама конкурс осы бапта көзделген тәртіппен және мерзімде өткізіледі.».
17) 50-бапта:
4-тармақта: 
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:  
«4. Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың,                       республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысы негiзiнде ауыл шаруашылығы                алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң республика шегінде, бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың аумағындағы шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлейдi, олар:»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
«уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оған үлестес тұлғаларда тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;»; 
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
«Жер учаскелерін осы тармақта көрсетілген мақсаттар үшін республика шегінде шектi (ең жоғары) мөлшерден асатын мөлшерлерде беруге жол берілмейді.»;
18) 51-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлу осы Кодекстің 97-бабының 3-1-тармағында көзделген нормалар ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«2. Жер учаскесiнiң бөлінетіндігі және бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi.»;
19) 64-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жер қатынастары саласындағы уәкілетті лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне), шешiмдерiне осы Кодекстің 148-бабының           3-тармағында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.»;
20) 84-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын: 
«4-1) халықтың мал жаюға арналған жайылымдық алқаптарға қажеттілігін қанағаттандыру;»;
«4-2) халықтың жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелеріне қажеттілігін қалалардың бас жоспарына немесе аумақты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес жерлерді алып қою арқылы қамтамасыз ету;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жер пайдаланушыға жер пайдалану құқығын сатып алған төлемін өтей отырып немесе өзге тең мәнді жер учаскесін бере отырып жүзеге асырылады. 
Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару кезінде жер пайдаланушыға залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
21) 92-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер ауыл шаруашылығын, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланбау фактісі алғаш анықталған сәттен бастап екі жыл қатарынан мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.»;
22) 94-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 84-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда  мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті атқарушы органның өтінішхаты негізінде сот шешімі бойынша меншік иесінен мемлекет мұқтажы үшін алып қоюы мүмкін.»; 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі осы Кодекстің 92 және 93-баптарында көрсетілген негіздер бойынша сот шешімімен жер учаскесінің меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда, жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (мемлекеттен сатып алынған жер учаскесiне жалдау құқықтарына қатысты), Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.»;
23) 97-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«3-1. Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңы аймағында орналасқан, оларда жер учаскелерін бөлуге тыйым салынатын жер учаскелерін қоспағанда, жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алаңдары осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттағы учаскелерге бөлуге жол берілмейді.»;
3-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
«Шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің нысаналы мақсатын жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған мақсатқа өзгертуге жол берілмейді.»;
24) 109-бапта:
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Елді мекендерде орналасқан жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес белгіленеді және құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттарында көрсетіледі.
Жер учаскесі бір функционалдық аймақ шеңберінде пайдаланылған жағдайда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салынады.»; 
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: 
«Халықтың жеке ауласындағы мал жаю мұқтажын қанағаттандыру және азық дайындау мақсатында пайдаланылатын кент, ауылдық елді мекен шекарасының шегіндегі жайылымдық және шабындық алқаптарды жеке меншікке немесе жер пайдалануға беруге жол берілмейді.»;
25) 120-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери бөлiмдерді, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарын және Қарулы                       Күштердiң, басқа әскерлердің, әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де ұйымдарын, қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын олардың объектілері мен құрылыстарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берілген жер учаскелерi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер деп танылады. 
Жер учаскелерін қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін беру   қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.»;
26) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«1. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдар, өзге де уәкiлеттi органдар, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өздерінің құзыреттері шегінде жүзеге асырады.»;
27) 146-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық уәкiлеттi орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.»;
28) 147-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«147-бап. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің функциялары»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
«1) заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына;»;
2-тармақта: 
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
«2. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган (осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда):»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: 
«1-2) заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына;»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жер учаскелерінің меншік иелері мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдаланушыларға қатысты жердің пайдаланылуына және қорғалуына, атап айтқанда:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер топырағының құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғауды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тозуын туындататын басқа да процестерді болғызбау және олардың                          зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
29) 148-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа апелляциялық комиссияға және сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Апелляциялық комиссия орталық уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады.
Орталық уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары, жер мәселелеріне бастамшылық жасайтын облыс,  республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі апелляциялық комиссияның төрағасы болып табылады.                            Апелляциялық комиссияның үлгілік ережесін орталық уәкілетті орган бекітеді. Апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, № 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат;   № 19-І, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат;  № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат;  № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145,  148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар;  № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49,   50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар):
1) 710-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
2) 729-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75(үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші   (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 338, 401 (үшінші, төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),  404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»; 
3. 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (2015 жылғы 10 қарашадағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):  
1) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) шаруа немесе фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жалдау құқығын беру бойынша конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесіне келісу;
12) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының жер заңналарына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыстарына қатысу.».
4. 2016 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2016 жылғы 1 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған): 
1) 1-баптың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдің қатысуынсыз заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;»;
2) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«2) Қазақстан Республикасының жеке және шетелдің қатысуынсыз заңды тұлғаларға шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсаттарында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Өңдеу күні: 14-04-2017