Акимат » Семей қаласы «Жер заң бойынша – жерді жаппай басып алуға жол жоқ»

Семей қаласы «Жер заң бойынша – жерді жаппай басып алуға жол жоқ»

ҚР Жер кодексінің 43 бабының 10-тармағына сәйкес,  Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы нормаларды сақтамау жер учаскесін өз бетінше иелену ретінде жіктеледі және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейді.
Тәжірибеде,  заңның осы талаптарын бұзылуы ол жеке тұлғалардың жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының алғанға және аумақтық шекараларын белгіленгенге  дейін қолында жер комиссиясының оң шешім ғана бола тұрып (атауына тек ұсыныстық сипаты бар, өзінің мәні жағынан құқықты белгілейтін құжат болып табылмайды) жер учаскесінде қызметін жүзеге асырады, онда құрылыс салып, жер және т. б. жұмыстарын жасап осылайша қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын бұзады.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау әрекеттері - жеке тұлғаларға-елуден жетпіс бес айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 164-1 бабының 2 тармағының негізінде, Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады
Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.
Жер учаскелерін өз бетімен иелену жағдайларын болдырмау үшін және заңсыз құқық белгілейтін құжаттарсыз құрылыс салу, азаматтарға және заңды тұлғаларға өз бетінше иелену қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін сезінуі қажет.
Тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік жерді өз бетімен басып алу фактілері бойынша Семей қаласы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына хабарласуңызды сұраймыз. Мекенжайы: Семей қ., Байтұрсынов к-сі, 6, тел.: 8 (7222) 30-70-88.
Өңдеу күні: 27-02-2017