Акимат » Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2016 жылға

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2016 жылға

2016 жыл Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл, Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы сияқты мерекелік күндер аталып өтті. Осыған орай, қалада атаулы күндерді мерекелеуге бағытталған түрлі шаралар ұйымдастарылды. Әдеттегідей, қоғамдық ұйымдар қала өмірінің белсенді қатысушалары болып табылады. 
Жыл басында 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуын  және мемлекеттің, экономиканың, тұтас қоғамдың дамуына жаңа құқықтық орта қалыптастыратын заңды күшіне енген  заңдардың негізгі ережелерін талқылаған Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. 
Сонымен қатар, қаңтар айында Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойын атап өту басталды. Қоғамдық ұйымдар аталған күнге арналған барлық шараларға белсене қатысты. 
Кәсіподақ  бірлестіктері дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында белсенділер «Нұр Отан» партиясыны съезінде қабылданған шешімдерді қолдап, сөз сөйледі. 
Табиғатты қорғау шаралары бойынша, электр қуаты үшін төлемді арттыру жөніндегі қоғамдық тыңдаулар ҮЕҰ қатысуымен өткізіліп, барлық қабылданған ұсыныстарда қала халқының пікірі ескерілді. 
Шәкәрім атындағы СМУ-нің оқытушыларының, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өткізілген «Ұлт жоспары» шеңберінде аумақтарды дамыту мәселесін талқылаған  сараптамалық талқылау жоғары дәрежеде өтті. 
ҮЕҰ-ның дерекқорын құру және өз қызметін жүзеге асыруға қатысты ақпарат ұсынуды түсіндіруге арналған онлайн-режимде өткізілген семинар ұйымдастарылды.  
Жыл сайын интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастарылып, патриоттық әндер орындалды.  
ШҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Т. Жұмағұловтың ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерімен кездесуі жемісті өтті. 
Алғыс айту күніне орай Аналар кеңесі «Аналарға рахмет!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Алғыс айту күніне және 8 наурызға орай «Исток» ҚБ көп балалы аналарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап мерекелік концерт өткізді. 
«Жанұя орталығы» ҚҚ «Мен жақсы көремін...!» атты балалар ұсынған жұмыстардың байқауын ұйымдастарды. 
«Асыл» ҚБ 18 жасқа дейінгі және одан жоғары ерекше күтімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл- компьютерлік сауаттылыққа үйрету, балаларды сәнді-қолданбалы өнерге баулуға арналған үйірмелер ұйымдастыру .
«Наурыз Мейрамына» арналған іс-шаралар бүкіл қала көлемінде өткізіліп, ұйымдастыру комитеті құрамына қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері көптеп тартылды. 
Қаланың қоғамдық ұйымдары «Абай Құнанбаев- ұлт мақтанышы»  кітап көрмесіне, ақпараттық сағаттарға, арнайы «Workoutstreet» алаңының  ашылуына, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай өткізілген Бейбітшілік акциясына, «Қайырымдылық жаса» тақырыбы аясында өткізілген қайырымдылық «Форте-марафонға», алғаш рет өткізілген Streetworkout және Streetlifting ашық сайыстарына, «Сабантой» мерекесіне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертке, ғарышкер Т. Әубәкіровтың 70 жылдығына орай ұйымдастрылған кітап көрмесіне, Бөкенші ауылдық клубында өткен концертке, «Әрқашан күн сөнбесін» атты тас жолда сурет салу байқауларын ұйымдастыруға және оның өткізілуіне қатысты.   
ҚР отбасы күніне орай -әлеуметтік мекеме өкілдеріне – «Туған күн иесі» мерекесі, «Спортшы отбасы», «Еңбек династиясы», «Жасампаз топ», «Бизнес-серіктестер»  номинациялары жеңімпаздарын салтанатты марапаттау;
«25 қайырымды іс» - қарттарды әлеуметтік қорғау айлығы аясында Семей қаласы ардагерлері хорының мүшелеріне сахналық киімдерді салтанатты табыстау; ХІІІ «Прииртышские напевы»- орыс өнерінің халықаралық байқауы;
«Туған қалам-Семейім!» жастар фестивалі;  халықаралық «RuDeKa. Мәдениеттер тоғысуы» жастар жобасының салтанатты ашылуы; қаланың қоғамдық көліктерінде «Оқитын автобус» акциясы-акция барысында қаладағы автобус жүргіншілеріне қаланың тарихы жөнінде ақпарат ұсынылды; этномәдени орталықтардың қолданбалы бұйымдарының «Шеберлер қаласы» атты  көрме-жәрмеңкесі; қала күніне арналған мерекелік шара өткізілді. 
Қарттар күніне арналған шаралар: қайырымдылық акциялары, еске алу кештері, «Тимуршылар тобының» бақылаулары және т.б.жоғары деңгейде өтті. 
Жыл соңында «25 жұлдызды күн» акциясы бастау алды. Бұл акция шеңберінде қаладағы ҮЕҰ қатысқан көптеген шаралар өткізілді: еріктілер конференциясы, мерекелік төсбелгілер тапсыру, салтанатты жиындар, мото және авто шерулер, флэш-мобтар, ҮЕҰ Форумы, Жастар форумы, жас ақындар мүшәйрасы, Президенттік оқулар, Ақсақалдар форумы, «Шуақты күн» фестивалі, өлкетанушылар конференциясы және т.б. – барлық іс-шаралар мемлекет Басшысының саясатын насихаттауға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталды. 
 
 
Ішкі саясат бөлімі
 
 

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2015 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2014 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2013 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2012 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2011 жылға 

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2010 жылға

Өңдеу күні: 14-04-2017