Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2016 жыл

Семей қаласындағы жер қатынастары 2016 жыл

Мемлекет Басшысының «Қалыптасқан мемлкеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» стратегиясының және 100 нақты қадам ұлттық жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс-шара жоспары аясында Семей қаласының іс-шара жоспары жасалды.  
«Қазақстан-2050» стратегиясында атап айтылғандай халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызыметтер қала әкімі сайтына орналастырылған. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтер туралы статистикалық есепті ақпараттар технологиясы бөліміне уақытымен жолданып отырады. Сол бойынша мемлекеттік органның атқарылған жұмысы бағаланады.
Семей қаласы аумағының даму бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтинг көрсеткіштері бойынша Семей қаласының жер қатынастары бөлімімен орындалады. Ауыл шаруашылық айналымдағы егістік жерлерін алаңдарын пайдалануын ұлғайтып қана қоймай, жайылымдық алқаптарды ұтымды пайдалануы бөлімінің стратегиялық мақсаты болып табылады. 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 36 қадамында, ауыл шаруашылық жерлерді пайдалану бойынша тұрақты мониторингі жүргізіліп, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдетуі қолданылады. Әрі қарай жекешелендіру мақсатында барлық пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік қорға өткізіледі. Ауыл шаруашылық арасындағы құрылымдарды енгізу үшін ауыл шаруашылық бөліміне дейін жайылымдық алқаптарды түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жеткізілді. Тексеру барысында 90 шаруа қожалықтарының жер учаскелеріне қатысты, мал бастары (ІҚМ, ҰҚМ) 1 га нормаға сәйкес еместігі 2016 жылы анықталған. 
Семей қаласының аумағы 2016 жылдың 31 желтоқсан жағдайына 2780,7 мың га, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 996,8 мың га, ол 36 % құрайды, оның ішінде 11,8 мың га егістік жер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан 1,2 % құрайды және 4,9 мың га жыртылған жерлер, ол ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан 0,5 % құрайды.
Қаланың босалқы жер қоры 1 371,1 мың га құрайды, оның 460,3 мың га арнайы жер қоры.
2016 жылдың 31 желтоқсанына сәйкес ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерлердің жалпы алаңы 4563,4 га болатын 298 жер учаскесі иесіз мүлік есебіне алынды. Оның ішінде өткен кезеңде қала әкімдігінің қаулыларына сәйкес алаңы 4362,0 га құрайтын 183 жер учаскесі мемлекеттік меншігіне қайтарылды және жер пайдаланушылардың өтініштері негізінде жалпы алаңы 118,4 га құрайтын  50 жер учаскесі иесіз мүлік есебінен шешілді.  
Жер қатынастарын реттеу жер қатынастары бөлімі әрекетінің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан, жер телімдеріне құқықты ресімдеу және басқа да жерге қатысты мәселелерді шешу кезінде бөлім азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау үшін барлық шараларды қолданады.
Жыл басында ауылдық округтерінің әкімдерімен болған жиналыстарында төменгі сапалы ауыл шаруашылық алқаптарын басқа да құнсыз алқаптар түріне аударуы бойынша шаруа қожалықтарының басшылары арасында жиналыс өткізу ұсынылды.
Агроқұрылымдық жер телімдеріне 1246 паспорт әзірленген. Бірыңғай сәйкестендіру құжаттармен жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %  оның ішінде  шаруа қожалықтары  99 %, субъектілер    100 % қамтамасыз етілген.
2016 жылдаң 31 желтоқсанына, жер жөніндегі сұрақтар бойынша 3908 хат, оның ішінде заңды тұлғалардан 190, жеке тұлғалардан 3718 өтініш келіп түсті. Осы уақытта жер комиссиясының 35 отырысында 5765 сұрақ қаралды. Жер қатынастары сұрақтары бойынша 1 467 қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, соның нәтижесінде заңды және жеке тұлғаларымен 789 жалға беру және  612 сату-сатып алу шарттары жасалды.
Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға арнайы кезек қарастырылған. 2016 жылдың 31 желтоқсанына сәйкес арнайы кезекте – 23 614 азамат тіркелген. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр. 
2016 жылдың 30 желтоқсанына жергілікті бюджетке түскен түсімдер: 
303101 КБК – 256,8 млн.  теңге, жалпы алаңы 33,6 га құрайтын 522 жер учаскелері жоспардың 107 % құрайды, 2015 жылдан ауытқуы 56,9 млн. теңге және өсу қарқыны 128 %. 
303202 КБК – 40,3 млн.  теңгеге жалпы алаңы 11,8 га құрайтын 70 жер учаскелері жоспардың 105 % құрайды, 2015 жылдан ауытқуы 12,9 млн. теңге және өсу қарқыны 76 %.
105315 КБК жер учаскелерін жалға алу  – жалпы алаңы 1141,2 га құрайтын 789 жер учаскелері берілді, жалға алудан төленетін түсімдер 104,5 млн теңге жоспардың 106 % құрайды, 2015 жылдан ауытқуы -28,5 млн. тенге және өсу қарқыны 79 %.
 

Аты

2016 жылға жоспар

2016 жылдың 31 желтоқсанына орындалған жумыс

2015 жылға өсу қарқыны

IVтоқсан соңына жоспар

30желтоқсанынаТүсімдер

Ауытқу

%

30.12.2016 ж. түсімдер

30.12.2015 ж. түсімдер

Ауытқу

өсу қарқыны %

303101

239 994,0

239 994,0

256 796,0

16 802,0

107

256 796,0

199 833,0

+56 963,0

128

303202

38 490,0

38 490,0

40 336,0

1 846,0

105

40 336,0

53 272,0

-12 936,0

76

105315

98 210,0

98 210,0

104 451,0

6 241,0

106

104 451,0

132 949,0

-28 498,0

79

Барлығы

376 694,0

376 694,0

401 583,0

24 889,0

107

401 583,0

386 054,0

+15 529,0

104

 
Сонымен қатар  бөліммен  орталық базарға жақын орналасқан Аймаутова, Чехова, Шугаева, Найманбаева көшелері бойынша жұмыстар жүргізіліп нысаналы мақсатында пайдаланбайтын жер учаскелері анықталды.
Жыл ішінде бөліммен қала маңындағы жер телімдерін сату бойынша екі аукцион өткізілді. Бірінші аукционда бастапқы жеке меншікке сату бағасы 7,5 млн теңгені құрап 14, 6 млн теңге сатылды. Жалға алу құқығын сату бастапқы бағасы 111,0 мың теңгені құрап 7,2 млн теңге сатылды. 
Екінші аукцион кезінде бастапқы сату бағасы жеке меншікке 7,5 млн теңгені құрап  10,6 млн теңгеге сатылды. Жалға алу құқығын сатудың бастапқы бағасы 1,5 млн теңгені құрап 1,7 млн теңгеге сатылды. 
Бөлім жер телімдерін сатып алу-сату, жер телімдерін жалдау және жер телімдерін уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың шарттарының орындалуын қадағалау функцияларын атқарады.
Ауыл шаруашылық мақсатына арналған пайдаланылмай жатқан бос жер учаскелеріне 10 есе ұлғайтылған салық ставкаларын енгізу бойынша және жер салығының ставкаларына түзету коэфициценттері туралы мәслихат шішімдері әзірленіп қабылданды.  
2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 248 облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Семей қаласының бас жоспарын бекітілуіне дейін жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін берілмеуі жөнінде шешім қабылданды. Қаланың бас жоспары 2011жылғы 25 маусымдағы № 707 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Осыған орай 2014 жылдың маусым айында егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленіп, бекітілді. Көрсетілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес тұрғын алаптарының құрылсы «Қарағайлы», «Ақсай», «Семейтау» ықшам аудандарында және «Суықбұлақ» тұрғын ауданында салынуы анықталған. Алайда, көрсетілген алаптар қажетті инженерлік инфроқұрылымдармен қамтамасыз етілмегендіктен, коммерциалық тұрғын үй құрылсына және жер учаскелерінің сұранысына және игерілуіне кедергі келтіруде. 
Қаланың негізгі аумағында толықтай дерлік құрылыс салынған. Тұрғын үй коммерциялық объектілері негізінен басқа мақсатқа бұрын берілген жер учаскелерінде немесе екінші деңгейдегі нарықтан алынған жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту нәтижесімен салынуда. Осы сұрақ бойынша бөліммен жерлерді түгендеу (есептеу) жұмыстары жүргізілуде. 
 
Жер қатынастары бөлімі
 
 

 
Семей қаласындағы жер қатынастары 2015 жыл
 
 
 
Семей қаласындағы жер қатынастары 2014 жыл
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 14-04-2017