Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2016 жыл

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2016 жыл

Семей қаласының мәдениет саласында 2016 жылы айтарлықтай жұмыс атқарылды.  Мәдени жұмыстар көрсеткіштерінің саны артып, тың жобалар іске асырылды. Қаламызда жалпы 9068 (2015 ж. - 8932) мәдени шара ұйымдастырылып, оларға 1253710 (2015 ж. - 1060038) адам қамтылды. Аталған жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25, 1996 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30, Алаш  қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150, жерлесіміз ғалым-ұстаз Қайым Мұхамедхановтың 100, белгілі жазушы Медеу Сарсекенің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті.
Ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында «Жас өрен» қалалық оқушылар және «Наурыз нақыштары» атты айтыстары,  «Мұқағали-Тұрсынғазы - қос шыңым» атты концерті өткізілді. Қаламызда тұңғыш рет белгілі әнші-сазгер, Қазақстанның мәдениет саласының қызметкері Тұрсынғазы Рахимовтың «Қазағым-ай» атты бірінші республикалық ән фестивалі өтті. 
Жаңа үлгідегі «Әйел-аққу, айдынында таранған...» жобасы, мүмкіндігі шектеулі балалдардың «Екі жұлдыз» байқауы, Тұңғыш Президент күніне арналған «Лауреаттар шеруі» шаралары ұйымдастырылды. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты облыстық, республикалық және халықаралық ән-би сайыстары жүлдегерлерінің қатысуымен қалалық фестиваль өткізіледі.
Қала кітапханаларындағы мониторинг көрсеткіштеріне сәйкес кітапханаларда оқырмандар саны алдынғы жылдармен салыстырғанда 53826 дан 60408 адамға жетсе, оқырмандарды кітаппен қамтамасыз етуі 1126380 нен 1167319 көрсеткішке жетті. 
Қалалық Мәдениет сарайы, Орталық демалыс саябағы және клуб мекемелерінде мәдени-көпшілік шаралар саны  2094 тен 2541 дейін өсіп,  қамтылған адамдардың саны орта есеппен 21,4% өсті. 
Ауылдық мәдени мекемелерінде мәдени-көпшілік шаралармен қатар, үйірмелер саны артты. Онда 2015 жылы 141 үйірме  болса (қатысушылар саны 2357), 2016 жылы 11 жаңа көркемөнерпаздар және әуесқой үйірмелері ашылып, саны 152 жетті (қатысушылар саны 2585). 
2016 жылы бірқатар мәдениет орындары жөндеуден өтті, заманауи жабдықтарымен толықтырылды, дарынды жастар халықаралық, республикалық фестиваль, конкурстарға қатысып жеңімпаз атанды. Сонын ішінде қалалық Мәдениет сарайының «Айнхайт» халықтық ансамблі республикалық «Жас талант» байқауында 1 орынды, «Котнаби» ән-би ансамблі Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» және «Страна звезд» байқауларында бас жүлделерді, «Ақбота» хореографиялық студиясы «Ақ көгершін» байқауына қатысып 1 орынды иеленді. «Иртыш моңнары» татар би тобы  Алматы қаласындағы республикалық «Жас таланттар» байқауына І орындарды жеңіп алды. Сонымен қатар  «Жас қанат» байқауында жас әнші Парасат Отан бас жүлдені, «Алтын қанат» иегері атанды, филармония ұжымы Португалияда өткен Әлем елдерінің «Мәдениет және дәстүр» атты 2 бірдей Халықаралық фестивальге қатысып лауреат атанды.
Абай атындағы театрда, қалалық Достық үйінде, қалалық Мәдениет сарайында, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінде  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Шүльбі кентінің клубына музыкалық аппаратура, Озерки ауылдық клубына компьютерлік жабдықтар, Приречное ауылдық клубына сахналық костюмдер алынды.
 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2013 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2011 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл
Өңдеу күні: 19-04-2017