Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2016 жыл

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2016 жыл

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында Семей қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жеке құрылыс компаниялары да бар. 
Қарағайлы шағынауданында (Энергетик кенті ауданы) перспективті құрылыс жоспарланған. Қазіргі таңда егжей-тегжейлі жоспар жасалып, бекітілді. Ауданды 2020 жылға дейін дамыту жоспары жасалған.Қарағайлы ауданы Павлодар қаласына шыға беріс жолда орналасқандықтан мұнда көпқабатты үйлер құрылысы жоспарланған. 147 га аумақта 105 шақты 9, 12, 16 қабатты зәулім үйлер, білім беру мекемелері – бір 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп, бір 720 орындық интеллектуалдық мектеп, 3 бала-бақша, әлеуметтік-мәдени орындар, дене-шынықтыру-сауықтыру кешені, дәріханалар, дүкендер, банктер, және тағы басқа қоғамдық орындар бой көтермек. 
Қазірде 35 көппәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін жер телімдері бөлінді. 2017-2019 жылдар аралығында барлығы 35 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарда бар.
2009 жылдан бастап Семей қаласында орталық жылумен камтамасыз  ету тармақтарында сақталған жұмыс  істеп тұрған қазандықтардың және ЖЭО-ның қуаттарын жаңғырту, жылу желілерін қалпына келтіру ЖЭО-1-ді кеңейту және қалпына  келтіру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ұзақмерзімді құрылыс болып табылады. Құрылыс 2016 ж аяқталуы жоспарланған. 
Сонымен қатар, Холодный ключ және Ақсай (РСУ-1 ауданы) электрмен қамтамасыз ету бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда.   
 
Құрылыс бөлімі 
 
 

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2015 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2011 жыл

Өңдеу күні: 20-04-2017