Акимат » 2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа шоғырландырылған қаржылық есептілік

2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 35 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есептілік негізінде Семей қаласы бойынша 2016 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» №500 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.
2016 жылы жалпы қолма қол ақшаны бақылау шотына 27 912,2 млн. теңге түсті, соның ішінде:
- 27 506 млн. теңге  қалалық бюджетке түсімдер бойынша;
- 47 млн. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша;
- 167,5 млн. теңге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден;
- 171,7 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан;
- 20 млн. теңге жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бойынша.
Түскен қаражат 27 815,7 млн. теңге сомасына қолданылды. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 8 852,9 млн. теңге (31,8%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 15 245,9 млн. теңге (54,8%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 1 574,1 млн. теңге (5,7%), басқа да бағыттарға 2 142,8 млн. теңге (7,7%) жолданды.
2016 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік бекітілген кестеге сәйкес ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды.
 
Қаржы бөлімі
Өңдеу күні: 15-08-2017