Акимат » Семей қаласындағы "Жұмыспен қамту 2020" Бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы 2017 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы "Жұмыспен қамту 2020" Бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы 2017 жылдың 1 қаңтарына

Бірінші бағыт (Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) аясында 
жалпы сомасы 839,952 млн. теңгесіне 35 жобалар жүзеге асырылды. Барлығы 223 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 118 адам жұмысқа орналасты.
Бөлінген қаражаттар есебінен білім беру объектілерін (Құрылыс, Қызмет көрсету, Көлік колледжері; Семей қ. Приречный, Жарқын және Алғабас ауылдарының орта білім беретін мектептері), Шайжүнісов көшесінің жарықтандыруын, 14 ауылдық округтарының ауыл аймақтарын абаттандыру (балалардың ойын, саябақ алаңдарын абаттандыру, жолдарды, көшелердің жарықтандыруларын ағымдағы жөндеу) ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.
Бағдарламаның екінші бағыты (Кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру) аясында 32 қатысушыларға 84,7 млн.теңге  сомасында шағын несиелер берілді. Олардан, 9 жобалар қолданыстағы бизнесті кеңейтуге және 23 жобалар жеке қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында, өз ісін ұйымдастыруға бағытталған. 
Үшінші бағыттың бірінші құрамдас бөлігі аясында (Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу) кәсіптік оқытуға 230 адам жолданды, 198 адам оқытуды аяқтады. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыссыздар және өзін – өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарындағы 52 адам қайта даярлауға жолданды, 48 - жалдамалы жұмыскерлер қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға, 23 адам – кәсіптік даярлауға жолданды. 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын  өзектендіру бойынша 55-тен 64 жасқа дейінгі жұмыссыздар және жұмыстан босатылған 45 адам оқытылды. Оқыту жұмыс берушілер қажеттілігін есепке алмай оқытылды. Білікті жалдамалы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға - 18 адам, жалдамалы жұмыскерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруға, сонымен қатар 18 жастан 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы - 44 адам жолданды. 
4329 қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 3830 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 260 адам жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне 121 оқыту мекемелерінің түлектері жолданды.
Үшінші бағытының екінші құрамдас бөлігінің (Аумақтардың ұтқырлығын арттыру) аясында «Мұздыбай» ауылында 10 екіпәтерлік  тұрғын үйлердің  құрылысын салуға республикалық бюджеттен инженерлі-коммуналдық инфрақұрылымды салуға – 9,0 млн. теңгесі толық көлемде игерілді.
Оралмандарды қабылдауда өңірлік квотасын беру бойынша комиссияның отырысының 2016 жылдың 22 қарашасындағы № 1 хаттамасының шешімімен, Жұмыспен қамту орталығы саны 7 адамды құрайтын, екі этникалық қазақ отбасыларына 0,583 млн теңге сомасында субсидия төледі.
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
 

 
 
 
 
 
 
 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру барысы туралы 2015 жылға
Өңдеу күні: 17-01-2017