Акимат » Васильев Геннадий Антонович

Васильев Геннадий Антонович

 
 
ГЕННАДИЙ АНТОНОВИЧ ВАСИЛЬЕВ
 
1934 жылы туған. Білімі жоғары, Өскемен қаласының жол құрылысы институтын азаматтық құрылыс мамандығы бойынша, Семей ауыл шаруашылығы техникумын, ауыл азаматтық құрылысы мамандығы бойынша бітірген.
«ЦЕМСТРОЙ» құрылыс учаскесінің бастығы көмекшісі ретінде, «ЗАВОДСТРОЙ» басқармасының бастығы, «Семипалатинскстрой» трестінің «Экономикалық сараптау» лабораториясының бастығы, «Семипалатинскстрой» трестінің бас инженерінің орынбасары, бас инженер, басшы орынбасары, басшысы болып, «СЕМСОВХОЗВОДСТРОЙ» тресінің басшысы, құрылыс жөніндегі «Алтайзолото» ГОК-тың директоры, «Семипалатинскмелиорация» ұйымның бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне мерекелік медальмен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, сондай-ақ Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «КСРО Ауыр өнеркәсіп министрлігінің «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгілерімен наградталды.
2004 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
 

 

 
Өңдеу күні: 14-06-2011