Акимат » Губанова Нина Яковлевна

Губанова Нина Яковлевна

 

Нина Яковлевна Губанова

1930 жылы туған. 1949 жылы Мәскеу тігін техникумын тігін өндірісінің техник-технологы мамандығы бойынша бітіріп, Семей қаласындағы жеңіл өнеркәсіп техникумы жанындағы кәсіптік мектебіне өндірістік оқыту инструкторы болып бағытталды.
Өндірістік оқыту инструкторы, өндірістік бөлімнің бастығы, бас инженер, Володарское тігін фабрикасының директоры болып қызмет атқарды.
Үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің «Мақтау қағазымен» марапатталды. Еңбек ардагері.
Қазақстан коммунистік партиясының 20-шы съезіне делегат, қалалық халық депуттары Кеңесіне бірнеше мәрте сайланды. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011