Акимат » Ерсәлімов Балтабек

Ерсәлімов Балтабек

 

БАЛТАБЕК ЕРСӘЛІМОВ

1938 жылы туған. Білімі жоғары, Алматыдағы С.М. Киров атындағы Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
Семей «Скотоимпорт» конторында мал айдаушы, Семей облыстық «Прииртышская правда» газетінің редакциясының курьері, Семей облыстық № 16 баспахананың баспашы, әріп теруші, бет құрастырушы, Семей облыстық «Семей правдасы» газетінің редакциясының техникалық редактор, өнеркәсіп-транспорт бөлімінің әдеби қызметкері, Семей облыстық № 16 баспахананың директоры, Семей қалалық енбекке орналастыру бюросының меңгерушесі, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Семей облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның директоры, Семей облыстық «Семей таны» газеті редакциясы жауапты хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Республикалық Абай қорының атқарушы директоры, президенті.
Еңбек жолындағы қызметі үшін «Тың және тынайған жерлерді игергені үшін», «Енбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарымен марапатталды.
1998 жылы «Қазақстанның енбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.
«Абай ауданынын құрметті азаматы» және «Семей қаласынын құрметті азаматы» қүрметті атақтарының иегері.
 
 
 
 
Өңдеу күні: 16-06-2011