Акимат » Ибрагимов Төкен Смаилұлы

Ибрагимов Төкен Смаилұлы

 

ТӨКЕН СМАИЛҰЛЫ ИБРАГИМОВ

1939 жылы туған. Білімі жоғары. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген.
Тәрбиешінің көмекшісі, қазақ тілінің мұғалімі, әдебиет және тарих мұғалімі, Жданов атындағы ұжымшардың сегіз жылдық мектебінің оқу бөлімі жөніндегі меңгерушісі, Семей облыстық теледидарының әдеби-драматургиялық және музыкалық хабарлар редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Абай мемлекеттік қорық-мұражайының директоры, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
«Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері.
Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы.
Өңдеу күні: 16-06-2011