Акимат » Ильматов Ром Хасанұлы

Ильматов Ром Хасанұлы

 
 
РОМ ХАСАНҰЛЫ ИЛЬМАТОВ
 
1939 жылы туған. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген.
1957 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік педагогикалық институтта қызмет етеді. Бапкерлік-оқытушылық жұмыста грек-рим күресінен 10 КСРО спорт шеберлерін, бір халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы, XXII Олимпиадалық ойындардың чемпионы, Семей зооветеринарлық институтының түлегі Жақсылық Үшкемпіровті дайындаған.
КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері, «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері», «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» құрметті атақтарының иегері.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
 
Өңдеу күні: 16-06-2011