Акимат » Ильясов Мұстафа Ильясұлы

Ильясов Мұстафа Ильясұлы

 
 
МҰСТАФА ИЛЬЯСҰЛЫ ИЛЬЯСОВ 
 
1930 жылы туған. Білімі жоғары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.
Қарағанды қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищеде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Знаменка орта мектебінің директоры, Ново-Покровка аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, Семей облысы Бородулиха аудандық атқару комитетінің төрағасының бірінші хатшысы,ком.партияның екінші хатшысы,Кеңестер Халықтық депутаттарының төрағасы, баспа, полиграфия және кітап саудасы істері бойынша облыстық басқарманың бастығы,“Полиграфия” облыстық өндірістік бірлестігінің бас директоры болып қызмет атқарды.
Мұстафа Ильясұлы екі мәрте “Еңбек Қызыл ту” орденімен, ҚСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының бірнеше медальдарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бірнеше рет облыстық және аудандық халық кеңесінің депутаты болып сайланған.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011