Акимат » Құрманғалиев Фазыл Құрманғалиұлы

Құрманғалиев Фазыл Құрманғалиұлы

 
 
ФАЗЫЛ КҰРМАНҒАЛИҰЛЫ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ
 
1934 жылы туған. Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Мәскеу қаласының А.А. Вишневский атындағы институттың ординатурасын бітірген.
Склифосовский атындағы «Жедел жәрдем» институтында дәрігер-хирург, Семей мемлекеттік медицина институтының госпитальдік хирургия ассистенті, Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының госпитальдік хирургия кафедрасының ассистенті болып профессор М.Д. Арслановтың қарамағында, торокальді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Семей облысының бас хирургі қызметтерін атқарған.
Хирургия доценті, Денсаулық сақтау саласында сіңірген еңбегі үшін – Денсаулық сақтау Үздігі атақтары берілген.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 

 

 
Өңдеу күні: 16-06-2011