Акимат » Панин Михаил Семенович

Панин Михаил Семенович

 

МИХАИЛ СЕМЕНОВИЧ ПАНИН
 
1940 жылы туған. Білімі жоғары, Семей педагогикалық институтының биология-химия факультетін үздік бітірген.
М.С Панин жоғарғы оқу орнында ассистенттен бастап бірінші басшыға дейінгі еңбек жолынан өтті: химия кафедрасын меңгерді, биология-химия факультетінде декан болып, оқу ісі жөніндегі проректор болып жұмыс істеді, педагогиқалық институтта ректоры , «Семей» Мемлекеттік университетінің ректоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры болды, кейіннен оқу ісі жөніндегі проректоры, қазіргі уақытта ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, және қайтадан құрылған Семей мемлекеттік педагогиқалық институтында экология және география кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғылыми педагогикалық саладағы қызметі үшін “Құрмет” орденімен, «Еңбек Ері» медалімен марапатталды. «Лениннің 100-жылдық туған күніне байланысты Еңбек Ері» медалімен, Ы. Алтынсарин атындағы медалмен, «Қазақстан Республмкасының тәуелсіздігіне 10-жыл» мерейтойының медалімен марапатталды, жұлдыздар: «КСРО - ның ағарту үздігі»,   «Қазақ ССР- ның халық үздігі», «Қазақстан Республикасы білім ағарту үздігі»,  «Қазақстан Республикасы білімінің дамуына еңбек сіңіргені үшін», «Іс достығының салымы үшін» (Ресей шетел орталығы), сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігінің құрмет мақтау қағазы, Шығыс Қазақстан облыс Әкімінің құрмет мақтау кағазымен және «Қазақ ССР – ның жоғарғы оқу орнының Еңбек Ері», «Семей қаласының Құрметті азаматы» атты құрметті атақтары берілді.
Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін және көрсеткен әсері үшін биология ғылымының докторы, химия профессоры, академик М.С.Панин «Әлемдегі Жетекші Ғалымы» болып танылды.
«Әлемдегі Жетекші Ғалым» сыйлығының жүлдесі ретінде, М.С.Панин күміс медалімен «Әлемдегі Жетекші Ғалым – 2007» марапатталды,  үздік дипломмен және әлемдегі әйгілі анықтамаға енгізілді «21 – ғасырдың Маңызды Ғалымы» , дүниежүзіндегі барлық кітапханаларла таратылған.
2008 – жылдың қорытындысы бойынша М.С.Панин қалалық әкімнің «Жылдық үздік ғалымы» атағын алды. 
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
 
 
Өңдеу күні: 16-06-2011