Акимат » Сәрсеке Медеу Сапаұлы

Сәрсеке Медеу Сапаұлы

 
 
МЕДЕУ САПАҰЛЫ СӘРСЕКЕ
      
1936 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ тау-кен институтын бітірген.
«Лениншіл жас» және «Социалистік Қазақ­стан» республикалық газеттерінде, Семей және Өскемен қалаларындағы ауыр өндіріс зауыттарында қызмет атқарған. Қатардағы инженерден техникалық бөлімнің бастығы дәрежесіне дейін көтерілді.
Ертіс өңірінің әдебиетшілерінің облысаралық бөлімшесіне басшылық етті. Отыз жылдам астам Қазақстан Жазушылар одағының Семей облыстық бөлімшесін басқарды.
Еңбектегі жетістіктері мен шығармашылық қызметтері үшін «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011