Акимат » Сейсенұлы Дәулетқазы

Сейсенұлы Дәулетқазы

 

ДӘУЛЕТ СЕЙСЕНҰЛЫ

1949 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Ол облыстық, республикалық, еларалық газет-журналдарда, облыстық партия комитеті мен облыстық әкімшілікте қызмет істеді. Қазіргі уақытта республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі ретінде жемісті еңбек етіп келеді.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Абай аудандық мәслихатының арнайы шешімімен оған 1995 жылы «Абай ауылының құрметті азаматы» атағы беріліп, сол атақты айғақтайтын күміс орденмен марапатталды.
Ел тәуелсіздігінің он жылдығына орай Елбасының Алғыс хатымен марапатталған.
2003 жылы журналистика саласы бойынша облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011