Акимат » Сембаев Нәсен Ыбрайұлы

Сембаев Нәсен Ыбрайұлы

 

НӘСЕН ЫБЫРАЙҰЛЫ СЕМБАЕВ

1933 жылы туған. Білімі жоғары, Алматы Зооветинститутын зоотехника мамандығы бойынша аяқтаған.
Семей облысы, Көкпекті ауданы, «Көкпекті» совхозының      зоотехнигі, Көкпекті ауданы, «Үлгілі малшы» совхозның бас зоотехнигі, Көкпекті ауыл шаруашылығының бас зоотехнигі, Ақсуат аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Семей облысы, ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Семей облысы, партия комитетінің хатшысы, Семей облысы жер қатынастары, жерге орналастыру комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Еңбек қызыл ту, үш мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше СССР медальдарымен, екі мәрте Қазақ СССР-і жоғары советі Президиумының  Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1970 жылы «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген зоотехник» атағы берілген.
1998 жылы Семей облысы Абай ауданының Құрметті азаматы.
1999 жылы Семей қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011