Акимат » Сұлтанов Дүйсен Сұлтанұлы

Сұлтанов Дүйсен Сұлтанұлы

 

ДҮЙСЕН СҰЛТАНҰЛЫ СҰЛТАНОВ

1932 жылы туған. Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік зооветеринарлық институтын бітірген.
Жұмысшы, есепші, «Большевик» кеңшарының бас мал дәрігері, ауданнық бас мал дәрігері, Көкпекті ауданының мемлекеттік асыл тұқым станциясының директоры, Ақсуат ауданының партия комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстың ауыл шаруашылығының басшысы, жаңадан құрылған Таскескен ауданының аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.
 «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты», «Тың игеруге 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», т.б. оннан аса медальдардың иегері.
Екі мәрте Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бірнеше мәрте аудандық, облыстық Кеңестердің депутаты болып сайланды.
Ақсуат, Үржар аудандарының және Семей қаласының құрметті азаматы.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011