Акимат » Тоқабаев Қожағұл Толықбайұлы

Тоқабаев Қожағұл Толықбайұлы

 

ҚОЖАҒҰЛ ТОЛЫҚБАЙҰЛЫ ТОҚАБАЕВ
 
Білімі жоғары, Сталин атындағы Одессалық технологиялық институтын бітірген.
Семейдің облыстық нан өнімдері басқармасында инженер – экономисті, одан экономикалық-жоспар бөлімінің басшысы болып істеді.
1959 жылы облыстық комсомол конференциясында оны обком комсомолының насихат жүргізу бөлімінің меңгерушісі және бюро мүшесі етіп тағайындады.
Облыстық партия комитеті, партияның ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің нұсқаушысы, одан кейін қалалық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, облыстық кәсіподақ советінің хатшысы болды.
1997 жылы Калинин ауданының райком партиясының бірінші хатшысы, Семейдің облисполкомның төрағасының орынбасары болып қызметатқарды.
Үлгі боларлық еңбек еткені, қаламызды көркейтуге жұмсаған күші үшін   «Құрмет белгісі» орденімен екі рет және « Ерен еңбегі үшін» медальімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
 
Өңдеу күні: 16-06-2011