Акимат » Сәлімов Ермак Бидахметұлы

Сәлімов Ермак Бидахметұлы

Сәлімов Ермак БидахметұлыСемей қаласының әкімі

 

1957 жылы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Шірікаяқ ауданында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 
1981 жылы Қазақ саяси техникалық институтын тау инженер-маркшейдері мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік құқықтық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.  
Өз еңбек жолын ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Березовский кен орнында шахтының жер асты тау мастері болып бастады.  1985 жылдан 1987 жылға дейін қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженердің орынбасары, Ертіс кен орнының № 3 жер асты тау учаскесінің бастығы болып жұмыс атқарды. 1987 - 1989  жылдары – Ертіс кен орныны партиялық бюросының хатшысы. 1989 - 1994 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметтал комбинаты  Ертіс кен орнының № 3 жер асты тау учаскесінің бастығы. 1994 - 1996 жылдары – ШҚО Глубокое әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1996 - 1997 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының сенімді басқарушысы. 1997 - 1999 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999 - 2000 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС,  «Тау-кен байыту комбинаты» ЖШС конкурстық басқарушысы. 2001 – 2008 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары.
2008 – 2009 жылдары – ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың қарашасына дейін ШҚО Риддер қ. әкімі. 
2009 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.   
2010 жылдың шілдесінен бастап Зырян ауданының әкімі болып тағайындалды. 
2015 жылдың маусымынан бастап Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.
 

 

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау: Әр айдың төртінші жұмасы

 

 

Телефон: 8-72-22-52-30-08

 

 

Электрондық адресі: er.salimov@akimvko.gov.kz

Өңдеу күні: 06-01-2017