Акимат » Шарова Надежда Васильевна

Шарова Надежда Васильевна

 

Шарова Надежда Васильевна - Семей қаласы әкімі орынбасары

1965 жылы туған. Білімі жоғары. Н.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және педагогика мамандығы бойынша 1987 жылы бітірген. 

Еңбек жолын 1987 жылы Киров атындағы орта мектепте қоғамтану, тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, онда 1996 жылға дейін жұмыс істеді.

1996-1997 жылдар аралығында Көкпекті ауданы әкімінің аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы.

1997-1999 жылдар аралығында Көкпекті ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастырушылық-кадрлық және әлеуметтік сала бөлімінің әлеуметтік мәселелер бойынша бас маманы.

1999-2004 жылдар аралығында Көкпекті ауданы әкімінің аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

2004-2006 жылдар аралығында Көкпекті ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2006-2009 жылдар аралығында Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2009-2010 жылдар аралығында Көкпекті ауданы әкімінің аппаратының бақылау бөлімінің басшысы.

2010-2015 жылдар аралығында Көкпекті аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің редакторы.

2015 жылдың 10 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

 

Қабылдау бөлмесінің телефоны

52-37-25

Азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдау 

Сейсенбі

сағ. 15.00

Электрондық адресі

n.sharova@akimvko.gov.kz

Өңдеу күні: 05-01-2017