Акимат » Исабаева Зәуреш Рамазанқызы

Исабаева Зәуреш Рамазанқызы

 

Исабаева Зәуреш Рамазанқызы - қала әкімі аппаратының басшысы
 
1959 жылы туған. Қазақ. Білім жоғары. Алматының шетел тілдері педагогикалық институтын орта мектепте неміс тілі және ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Семей қаласында орта мектеп мұғалімі болып бастаған. Жарма ауданыда комсомол және кеңес органдарында, Семей қаласында білім саласында, Семей қаласы ішкі саясат бөлімінде бас маман, бөлім бастығының орынбасары, білім бөлімінің бастығы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 жылдың 16 наурызынан бастап Семей қаласының әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Қала әкімінің қызметін қамтамасыз етуге аппарат жұмысын ұйымдастырып ауылдық округтар мен кенттер әкімдерінің, муниципальды округтерді басқару комитеттеріндегі қала әкімі өкілдерінің қызметтерін бағдарлайды. Қала әкімі аппаратының кадрларын  тағайындап, жұмыстан босатады. Кадрларды оқытуды, аттестациядан өткізуді және конкурс, еңбек стажын белгілеу, марапат құжаттарын алдын-ала қарау комиссияларының жұмыстарын ұйымдастырады.

Қабылдау бөлмесінің телефоны 52-27-12
Азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдау

Бейсенбі

сағ. 15.00

Электрондық адресі z.isabaeva@akimvko.gov.kz
Өңдеу күні: 05-01-2017