Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2017 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласындағы жастар саясаты 2017 жылдың 1 сәуіріне

Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы  аясында жүзеге асырылады. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 91 мың 654 адам немесе тұрғындардың жалпы санының  27%-ын құрайды. 
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қаңтар айында радиотехника және байланыс колледжі студенттерімен «Болашақ маман» тақырыбында кездесу өткізілді. Оған  жастар ресурстық орталығының және жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенұлы Нүкеновпен электротехникалық колледж базасында жастар ұйымдарының көшбасшылары мен «Серпін -2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өткізілу ережесі, жастарға арналған бағдарламалар жайлы түсіндірілді.
Ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын  түсіндіру мақсатында  электротехникалық, «Қайнар» және көлік колледждерінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
15 ақпан күні қалалық Достық үйінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 28 жылдығына орай, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Айбыны асқақ - ардагерлер» атты  қалалық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Б. О. Бегатовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар қонаққа сұрақтарын қойып, еркін түрде әңгіме жүргізді.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай,  жастар ресурстық орталығы «Қазақстан студенттерінің альянсы» РСҚ бірлесе отырып, «Мен алғыс айтамын...» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында жастар көшеге шығып, қала тұрғындарына құттықтау хаттар таратты.
Сонымен қатар, қала жастары 22 наурыз күні  Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылымға белсене қатысты.
Қалалық Мәдениет сарайында «Семей аруы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қаланың жоғарғы және арнайы-орта оқу орындарының арулары қатысты. Бірнеше кезеңнен тұрған сайыс қорытындысы бойынша «Семей аруы» атағын құқық және бизнес колледжінде «Серпін -2050» бағдарламасымен білім алып жатқан студент жеңіп алды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында жоғарғы және арнайы-орта оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  қалалық Мәдениет сарайында «Біз, жастар сектаға қарсымыз» атты арнайы спектакль қойылды.

 
Ішкі саясат бөлімі
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 14-04-2017